Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территориии села Ольгинка Павлодарского района

Ереже · № 39/284 · қабылданған 24.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83502/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территориии села Ольгинка Павлодарского района Күшін жойған 25.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территориии села Ольгинка Павлодарского района

Күшін жойған Ереже № 39/284 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территориии села Ольгинка Павлодарского района
Атауы (қаз.)
Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39/284
Қабылданған күні
24.09.2014
Көрсетілген редакция
25.11.2022 83502_602329.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PK004061
ЭКБ идентификаторы
83502
Редакция идентификаторы
83502_602329
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:29
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Павлодар ауданы  Ольгинка ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санының 1(бір) % мөлшерінде бекітілсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

Павлодар аудандық мәслихатының
(5 сайланған 39 кезекті сессиясының)
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 39/284 шешімімен
бекітілген
Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Ольгинка ауылы) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Ольгинка ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Ольгинка ауылы аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3. Бөлек жиынды Ольгинка ауылының әкімі шақырады.

Павлодар ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Ольгинка ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Ольгинка ауылының әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Ольгинка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ольгинка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ольгинка  ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Павлодар аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ольгинка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Ольгинка ауылы әкімінің аппаратына береді.