Үкіметтік емес ұйым «Шағын несие» қоғамдық қоры тарапынан берілген несие қаржысының тиімділігі және оны қайтару жағдайы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылгы 10 желтоқсандағы «Ең аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы Ұлттық қор туралы» № 791 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 ақпандағы «Ең аз қамтамасыз етілген азаматтарды шағын несиелендірудің 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» № 103 қаулысына сәйкес облысымызда бірқатар жұмыстар атқарылды. Аталған бағдарламаға сай 6 транш бойынша 2640 жұмыссыз азаматқа 1,5 жыл мерзімге жалпы сомасы 81,8 млн. теңге шағын несие берілді.
Жыл басынан бері негізгі несие мен өсімін қоса есептегенде барлығы 25,1 млн. теңге қаржы жинақталып, оның 21,4 млн теңгесі Республикалық Үкіметтік емес ұйым «Шағын несие» қорына аударылды. Қазір сол аударылған қаржы сомасына келесі траншпен несие алуға үміткер 1373 азаматтың тізімі жасалынды.
Бірақта, бүгінгі таңда ңесие қаражатын қайтару барысы өте өткір күйінде қалып отыр. Қойылып келген қатаң талаптарға және атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, аудан әкімдері несие қаражатын уақытылы қайтаруды қамтамасыз етуде селқостық танытуда.
Биылғы жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша барлық берілген 81,8 млн. теңге несие қаражатының қайтарымы облыс бойынша 22,9 млн. теңгені құрап 27,9 пайызға ғана орындалды. Оның ішінде: Жаңақорған ауданы бойынша берілген 10,8 млн. теңгенің 2,1 млн. теңгесі ғана қайтарылып, немесе не бәрі 20 пайызға ғана қамтамасыз етілді, Арал ауданы бойынша барлығы берілген 9,3 млн. теңгенің 2,095 млн. теңгесі қайтарылып, несие қайтарымы 22,4 пайызға ғана орындалды. Сол сияқты Жалағаш ауданы бойынша несиенің қайтарыуы 24,7 пайыз, Сырдария ауданы 26,1 пайыз, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары бойынша тиісінше 35,2, 34,3, 30,1 пайыз болды.
Қазіргі уақытта несие қайтарымы мерзімінің өз уақытынан асып кеткеніне І транш бойынша 8 ай, II транш бойынша 6 ай, ІІІ - IV транштар бойынша 4 ай, V транш бойынша 2 ай уақыт етсе де қаражатты қайтару әлі толық қамтамасыз етілмеуде. Сонда 1,5 жылға берілген несие мерзімінің алды 2 жылдың үстіне созылып, бұл келесі траншпен несие таратуға тосқауыл болып, шағын несиелендіру бағдарламасын іске асыруда кері әсерін тигізуде. Сонымен қатар шағын несие алу жолымен ез кәсібін ашуға, дамытуға үміттенушілергеде кедергі болып, жұмыссыздардың өз жеке қызметімен айналысуын тежеуілдетуде.
Жалпы алғанда ең аз қамтамасыз етілген азаматтарды шағын несиелендіру мақсатында берілген қаржыны игеруде аудан өкім тарапынан нақты шаралар қолданылмаған. Соның салдарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ең аз қамтамасыз етілген азаматтарды шағын несиелендірудің 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасын» облысымызда іс-жүзіне асыру барысы тиісті дәрежеде атқарылмады.
Берілген қаржы негізінде кәсіпкерлер өз қызметтерін ашып, бизнеспен айналыса алмады. Бұл қаржыларға не аудан әкімдері тарапынан, не «Шағын несие» қорының облыстық филиалы және оның аудандық өкілдіктері тарапынан тиянақты бақылау болмады.
Несие алушы азаматтар алған қаржыларын өз білгендерінше пайдаланып, қаржыны қайтаруда жауапкершіліксіздік танытуда. Сонымен қатар несие қаржыны алуда азаматтар қаржының қайтарымының, сұрауы болатынын, оны қайтару міндетінен еш кім босатылмайтынын, толық түсінбеген. Азаматтарға шағын несиелендіру арқылы өз кәсіптеріне бастау алып, табыс тауып, көлемді істермен шүғылдануға қол жеткізу бағыттарындагы семинарлық кеңестер, оқу-үйрету шаралары нәтиже беретіндей дәрежеде жүргізілмеген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 акпандағы «Ең аз қамтамасыз етілген азаматтарды шағын несиелендірудің 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» № 103 Каулысын тереңірек жүзеге асыруды кушейту және шағын несие қаражаттарының тиімділігін арттыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Үкіметтік емес ұйым «Шағын несие» қоғамдық қоры тарапынан берілген несие қаржысының тиімділігі және оны қайтару жағдайы туралы от 30.06.2000 г. № 252 (Үкіметтік емес ұйым «Шағын несие» қоғамдық қоры тарапынан берілген несие қаржысының тиімділігі және оны қайтару жағдайы туралы)
1. Арал (А.Көшербай), Шиелі (Ж. Тұрабаев) аудандары әкімдерінің және Жаңақорған ауданы әкімінің бірінші орынбасарының (А. Налибаев) шағын несие қаражаты қарыздарын биылғы жылдың 1 қазанына толық қамтамасыз етеміз деген мәлімдемелері ескерілсін.
2. Облыс әкімінін орынбасары Ш. Төребаевқа «Шағын несие» Үкіметтік емес ұйым қоғамдық қоры облыстық филиалының директоры А.Бекішевпен және аудан әкімдерімен бірге шағын несие каражатына қарыздан 2000 жылдың 1 қазанына дейін 100 пайызға құтылудың әр ай бойынша бақылау көрсеткіштерін белгілеу, кестесін жасап бекіту тапсырылсын.
3. Аудан әкімдері, «Шағын несие» Үкіметтік емес ұйым қоғамдық қоры облыстық филиалының директоры (А.Бекішев):
- 2000 жылғы 1 қазанына шағын несие қаражатына қарызды жоюды 100 пайызға толық қамтамасыз етсін;
- Ең аз қамтамасыз етілген азаматтарды шағын несиелендіру жолымен, олардың дербес жұмыстарымен қамтылуына ықпал етіп, шағын несие мәселесінің әлеуметтік маңыздылығын арттырсын;
- Шағын несие қаражатын қамтамасыз ету жөніндегі қыстақ, ауыл окруттері әкімдерінің атқарған жұмыстарының есебін тыңдап, оларға шағын несие қаражатын қайтаруда жауапкершілікті күшейтсін;
- Келесі транштармен несие қаржы бөлу жолдарымен жұмыссыз азаматтардың жеке кәсіптерін ашыуына, орта бизнеспен айналысуларына ұдайы жағдай жасасын;
- Шағын несие қаражатын алушы жұмыссыз азаматтардың жеке кәсіптерімен айналысуы үшін арнаулы оқу курстары арқылы бизнеске баулу, оқыту, әдістемелік нұсқаулар беру жұмыстарын кеңінен ұйымдастырсын;
- Несие қаражатын таратуда, пайдалануда (ашылатын жұмыс орны, сырттан тасымалданатын тауарды алмастыруы, бюджетке төлемдері, өнімнің немесе қызметтің сапасы, сату бағасының бәсекеге төзімділігі, т.б.) оң нәтижелерге, есеп үшін емес нақты жағдайда қол жеткізсін;
- Келесі траншпен берілетін шағын несие қаражаттарының мақсатты жұмсалыуына бақылау жасау. Экономикаға тиімді әсерін беретін факторларына ай сайынғы мониторинг жүргізіу, талдау жасауды қамтамасыз етсін;
- Шағын несие қаржысын ұтымды, нәтижелі игерудің механизмдерін ойластырсын;
- Шағын несие қаражаттарына қарызды белгіленген мерзімде қайтарылмаған жағдайда облыс әкімі жанындағы алқа мәжілісінде қаралатынын ескерсін.
4. Барлық аудан әкімдері осы шешімнің орындалуын өз алқа мәжілістерінде қарап, нәтижесі жайлы 2000 жылғы 25 қыркүйекке есептерін беретін болсын.
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ш.Төребаевқа жүктелсін.