Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Шарбакты Щербактинского района

Ереже · № 156/48 · қабылданған 24.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83578/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Шарбакты Щербактинского района Күшін жойған Ереже ·№ 156/48 ·24.09.2014
07.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Шарбакты Щербактинского района

Күшін жойған Ереже ·№ 156/48 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Шарбакты Щербактинского района
Атауы (қаз.)
Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
156/48
Қабылданған күні
24.09.2014
Көрсетілген редакция
07.12.2017 83578_265919.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PM004072
ЭКБ идентификаторы
83578
Редакция идентификаторы
83578_265919
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:30

0 Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 39–3–бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

2 2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерде бекітілсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңнама және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

5 Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

Шарбақты аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 156/48 шешімімен
Бекітілген
Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 39–3–бабына, сондай–ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленді және Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Шарбақты ауылының әкімі шақырады.

Шарбақты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Ауыл аумағында бөлек жиынды өткізуді Шарбақты ауылының әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Шарбақты ауданы Шарбақты ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Шарбақты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Шарбақты ауылы әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы