Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Ковалевка Ковалевского сельского округа Успенского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Ковалевка Ковалевского сельского округа Успенского района
- Атауы (қаз.)
- Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 200/38
- Қабылданған күні
- 25.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2019 83620_412324.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PL004101
- ЭКБ идентификаторы
- 83620
- Редакция идентификаторы
- 83620_412324
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:29
0 Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2 2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 3 (үш) % мөлшерде бекітілсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
Успен аудандық мәслихатының
(V сайланған ХХХVІІІ
(кезектен тыс) сессиясы)
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 200/38 шешімімен
Бекітілген
Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылы
аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің
Қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылы аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылы аумағында тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Ковалев ауылдық округінің әкімі шақырады.
Успен ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Ковалев ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудын алдында Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылының қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Успен ауданы Ковалев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Успен аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.