Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Каратай Успенского района

Ереже · № 196/38 · қабылданған 25.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83623/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Каратай Успенского района Күшін жойған Ереже ·№ 196/38 ·25.09.2014
17.06.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Каратай Успенского района

Күшін жойған Ереже ·№ 196/38 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Каратай Успенского района
Атауы (қаз.)
Успен ауданы Қаратай ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
196/38
Қабылданған күні
25.09.2014
Көрсетілген редакция
17.06.2019 83623_412328.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PL004102
ЭКБ идентификаторы
83623
Редакция идентификаторы
83623_412328
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:29

0 Успен ауданы Қаратай ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының
39-3–бабына
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің
үлгі қағидаларын
бекіту туралы» № 1106
Қаулысына
сәйкес, Успен аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Успен ауданы Қаратай ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

2 2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Успен ауданы Қаратай ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 3 (үш) % мөлшерде бекітілсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Успен ауданы Қаратай ауылы аумағында бөлек жергіліктіқоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

Успен аудандық мәслихатының
(V сайланған ХХХVІІІ (кезектен тыс)
сессиясы) 2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 196/38 шешімімен
Бекітілген
Успен ауданы Қаратай ауылы аумағында бөлек жергіліктіқоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1.

Осы Успен ауданы Қаратай ауылы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының
39-3-бабына
, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің
үлгі қағидаларын
бекіту туралы» № 1106
Қаулысына
сәйкес әзірленді және Успен ауданы Қаратай ауылы аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Успен ауданы Қаратай ауылы аумағында тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3.

Бөлек жиынды Қаратай ауылының әкімі шақырады.
Успен ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Қаратай ауылының әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудын алдында Успен ауданы Қаратай ауылының қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Успен ауданы Қаратай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Успен ауданы Қаратай ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Успен аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қаратай ауылының әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы