Об утверждении критериев посещения субъекта контроля
Күшін жойған
Бұйрық
·№ 48
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев посещения субъекта контроля
- Атауы (қаз.)
- Бақылау субъектісіне бару критерийлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 25.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2015 AI83626_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009755
- ЭКБ идентификаторы
- 83626
- Редакция идентификаторы
- AI83626_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:45
0 Бақылау субъектісіне бару критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 328-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған бақылау субъектісіне бару критерийлері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін,
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
8 Бақылау субъектісіне бару критерийлері
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 28 тамыздағы
№3 және
Қазақстан Республикасының
лттық экономика министрінің
2014 жылғы 25 тамыздағы
№48 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Бақылау субъектісіне бару критерийлері
1 1. Қызметін экономиканың мынадай жарақаттану қаупі бар экономикалық қызмет түрлерінде жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бару субъектілері болып табылады:
1 1) тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру;
2 2) құрылыс (құрылыс жобаларын әзірлеуді қоспағанда);
3 3) электр энергиясын өндіру, жіберу және тарату;
4 4) сумен жабдықтау, кәріз жүйесі (қалдықтарды жинауды, өңдеуді және жоюды, қалдықтарды өңдеуді, рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтерді қоспағанда);
5 5) ауыл, орман-және балық шаруашылығы;
6 6) өңдеу өнеркәсібі (кеме және жүзу құрылымдарын жасауды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді қоспағанда);
7 7) көлік және қоймаға жинау (теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігін, такси қызметін, қойма шаруашылығын және қосалқы көлік қызметін, почта және курьер қызметін қоспағанда).
2 2. Қызметкерлерінің санына байланысты бақылау субъектілері үш топқа бөлінеді:
қызметкерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан артық субъектіге бару - жылына бір реттен аспайды;
қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан артық субъектіге бару - екі жылда бір реттен аспайды;
қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамға дейінгі субъектіге бару - үш жылда бір реттен аспайды.