Об утверждении критериев посещения субъекта контроля
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев посещения субъекта контроля
- Атауы (қаз.)
- Бақылау субъектісіне бару критерийлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 25.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2015 AI83626_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009755
- ЭКБ идентификаторы
- 83626
- Редакция идентификаторы
- AI83626_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:45
0 Бақылау субъектісіне бару критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 328-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған бақылау субъектісіне бару критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін,
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
8 Бақылау субъектісіне бару критерийлері
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 28 тамыздағы
№3 және
Қазақстан Республикасының
лттық экономика министрінің
2014 жылғы 25 тамыздағы
№48 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Бақылау субъектісіне бару критерийлері
1. Қызметін экономиканың мынадай жарақаттану қаупі бар экономикалық қызмет түрлерінде жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бару субъектілері болып табылады:
1) тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру;
2) құрылыс (құрылыс жобаларын әзірлеуді қоспағанда);
3) электр энергиясын өндіру, жіберу және тарату;
4) сумен жабдықтау, кәріз жүйесі (қалдықтарды жинауды, өңдеуді және жоюды, қалдықтарды өңдеуді, рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтерді қоспағанда);
5) ауыл, орман-және балық шаруашылығы;
6) өңдеу өнеркәсібі (кеме және жүзу құрылымдарын жасауды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді қоспағанда);
7) көлік және қоймаға жинау (теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігін, такси қызметін, қойма шаруашылығын және қосалқы көлік қызметін, почта және курьер қызметін қоспағанда).
2. Қызметкерлерінің санына байланысты бақылау субъектілері үш топқа бөлінеді:
қызметкерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан артық субъектіге бару - жылына бір реттен аспайды;
қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан артық субъектіге бару - екі жылда бір реттен аспайды;
қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамға дейінгі субъектіге бару - үш жылда бір реттен аспайды.