Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил об уведомлении дипломатических представительств или консульских учреждений иностранных государств о задержаниях и содержании под стражей иностранцев

Бұйрық · № 87 · қабылданған 03.09.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83628/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил об уведомлении дипломатических представительств или консульских учреждений иностранных государств о задержаниях и содержании под стражей иностранцев Қолданыста Бұйрық ·№ 87 ·03.09.2014
03.09.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил об уведомлении дипломатических представительств или консульских учреждений иностранных государств о задержаниях и содержании под стражей иностранцев

Қолданыста Бұйрық ·№ 87 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил об уведомлении дипломатических представительств или консульских учреждений иностранных государств о задержаниях и содержании под стражей иностранцев
Атауы (қаз.)
Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау туралы қағиданы бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
87
Қабылданған күні
03.09.2014
Көрсетілген редакция
03.09.2014 AI83628_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14W0009774
ЭКБ идентификаторы
83628
Редакция идентификаторы
AI83628_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:40

0 Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау туралы қағиданы бекіту туралы

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 135 және 148-баптарын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау туралы қағида бекітілсін.

2 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына орындау үшін жолдансын.

3 3. Облыс, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары, сондай-ақ оларға теңестірілген прокурорлар осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарларына жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Бас Про­ку­ро­ры
А.Қ. Да­уыл­ба­ев
___________________
2014 жыл 3 қыр­күй­ек
«КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ»
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік
ко­ми­те­ті­нің тө­ра­ға­сы
____________ Н. Әбі­қа­ев
2014 жыл 27 қыр­күй­ек
«КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ»
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Мем­ле­кет­тік қыз­мет іс­те­рі және
сы­бай­лас жем­қор­лық­қа қар­сы
іс-қи­мыл агент­ті­гі­нің тө­ра­ға­сы
____________ Қ. Қо­жам­жа­ров
2014 жыл 29 қыр­күй­ек
«КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ»
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Мем­ле­кет­тік кү­зет қыз­метi­нің ба­стығы
____________ А. Кү­рең­бе­ков
2014 жыл 17 қыр­күй­ек
«КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ»
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі
____________ Қ. Қа­сы­мов
2014 жыл 8 қыр­күй­ек
«КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ»
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Қар­жы ми­ни­стрі
____________ Б. Сұл­та­нов
«__» __________ 2014 жыл
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
мін­де­тін ат­қа­ру­шы
____________ Р. Дә­ле­нов
2014 жыл 30 қыр­күй­ек
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Сырт­қы іс­тер
ми­ни­стрі­нің мін­де­тін
ат­қа­ру­шы
Р.С. Жо­шы­ба­ев
_________________
2014 жыл 26 қыр­күй­ек

0 Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау туралы қағида

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Бас Про­ку­ро­ры­ның
2014 жы­л­ғы 3 қыр­күй­ек­те­гі
№ 87 және
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 26 қыр­күй­ек­те­гі
№ 08-1-1-1/428 бір­лес­кен
бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген
Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау туралы қағида

1

1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері, соның ішінде қоса атқарушылар олардың азаматтары немесе олар өкілдік ететін мемлекеттің азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздер бойынша ұсталған және күзетпен ұсталған барлық жағдайлар туралы осы Қағидамен белгіленген тәртіпте хабардар етіледі.

2 2. Хабарлама прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік кірістер, шекара қызметі органдарының және адамдарды ұстауды жүзеге асыру бойынша өкілеттік берілген басқа да органдардың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдарымен әзірленеді.

Егер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, хабарламалар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жолданады.
Хабарламалар сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, сондай-ақ қадағалаушы прокурорға жолданады.

3

3. Шетелдікті ұстауды жүзеге асырған немесе оған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш білдірген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ол туралы ұстаған және сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған сәттен бастап 6 (алты) сағаттан аспайтын мерзімде хабарлайды.
Шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттардың жоқ болуы немесе олардың дұрыс еместігі туралы негіз бар, тексеруге жататын құжаттар ұсынылған жағдайларда, жоғарыда көрсетілген хабарламалар ұсталған сәттен бастап 18 (он сегіз) сағаттан аспайтын мерзімде жолданады.

4 4. Хабарлама осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірленеді және мемлекеттік органдар арасындағы электронды құжат айналымы жүйесі, факс немесе телефонхат бойынша жолданады.

5 5. Ұсталған, күзетпен ұсталып отырған адамның шет мемлекеттің азаматтығына тиесілігі жеке басын куәландыратын құжат немесе оны алмастыратын құжат бойынша анықталады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар жоқ болса немесе олардың дұрыс еместігі туралы негіздер бар құжаттар ұсынылса, осы адамның азаматтығы ұсталу, күзетпен ұсталып отырған жері бойынша ішкі істер және шекара қызметі органдарының ақпараттық жүйелері арқылы тексеруге жатады.

6 6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі хабарламаны із жүзінде ұсталуы, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылуы сәтінен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайтын мерзімде тиісті дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге жөнелтеді.

Хабарламаны дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге жөнелту ресми хат алмасу, электронды пошта, факс немесе телефонхат арқылы жүзеге асырылады.

7

7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жыл сайын 30 (отызыншы) қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне, Қазақстан Республикасының Қаржы және Ішкі істер министрліктеріне:
Қазақстан Республикасымен бір уақытта консулдық мәселелер бойынша халықаралық шарттарға қатысушы болып табылатын мемлекеттер туралы;
Қазақстан Республикасымен бір уақытта қатысушы мемлекеттер азаматтарының ұсталуы, күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау міндеттемелері қамтылатын халықаралық шарттардың қатысушы болып табылатын мемлекеттер туралы ақпаратты ұсынады.

8

8. Осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген халықаралық шарттың Қазақстан Республикасына немесе халықаралық шартқа Қазақстан Республикасымен бір уақытта қатысушысы болып табылатын басқа шет мемлекетке қатысты қолданысы тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тиісті халықаралық шарттың қолданысы тоқтатылған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағиданың 7-тармағында аталған мемлекеттік органдарды хабарландырады.

1 Шетел азаматының ___________________________ жөніндегі

Шет мем­ле­кет­тер­дің
ди­пло­ма­ти­я­лық өкіл­дік­те­рін
неме­се кон­сул­дық ме­ке­ме­ле­рін
ше­тел­дік­тер­дің ұста­луы және
кү­зет­пен ұста­луы
жө­нін­де ха­бар­лау ту­ра­лы
қа­ғи­да­ға қо­сым­ша
Шығыс күні мен нөмірі
Шетел азаматының ___________________________ жөніндегі
ХАБАРЛАМА
УВЕДОМЛЕНИЕ
о _________________________________ иностранного гражданина
1.
Аза­мат­тығы/
Граж­дан­ство
2.
Аты – жө­ні/
Ф.И.О.
3.
Ту­ған кү­ні, айы, жы­лы және ту­ған же­рі/
Да­та и ме­сто рож­де­ния
4.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар/
До­ку­мен­ты, удо­сто­ве­ря­ю­щие лич­ность
5.
Тұ­ра­тын неме­се тір­кел­ген ме­кен-жайы/
Ад­рес про­жи­ва­ния или ре­ги­стра­ции
6.
Ұстал­ған, кү­зет­пен ұстал­ған уа­қы­ты, кү­ні мен же­рі /Вре­мя, да­та и ме­сто за­дер­жа­ния, со­дер­жа­ния под стра­жей
7.
Ұста­лу, кү­зет­пен ұста­лу се­бе­бі/ При­чи­ны за­дер­жа­ния, со­дер­жа­ния под стра­жей
8.
Қо­сым­ша мә­лі­мет­тер/
До­пол­ни­тель­ные све­де­ния
__________________________ ________________
(Т.А.Ә. және лауазымы) (қолы және мөрі)

Қолданыстағы