Об утверждении Правил ввода режима особых условий в учреждениях уголовно-исполнительной системы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ввода режима особых условий в учреждениях уголовно-исполнительной системы
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 510
- Қабылданған күні
- 14.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2025 83631_783534.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14C0009733
- ЭКБ идентификаторы
- 83631
- Редакция идентификаторы
- 83631_783534
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:48
0 Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидалары бекітілсін.
2
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасының (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 8 мамырдағы № 7630 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 31 қазандағы, 2012 жылғы 7 қарашадағы № 375-376, 383-384 (27194-27195, 27202-27203, 27204-27206), 2012 жылғы 8 қарашадағы № 388-389 (27207-27208) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;
2 2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне және ресми ақпараттық бұқаралық құралдарына жариялауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық оны бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.
0 Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 14 тамыздағы
№ 510 бұйрығымен бекітілген
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидалары
1
1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - ҚАК) 16-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (бұдан әрі – мекеме) ерекше жағдайлар режимін енгізу тәртібін айқындайды.
2 2. Ерекше жағдайлар режимін енгізудің мақсаты жедел жағдайды тұрақтандыру, сотталғандардың құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесу, заңдылық пен тәртіпті қалпына келтіру, сондай-ақ шұғыл құтқару және авариялық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
3 3. Мекеменің жұмысын ұйымдастыруға, сонда жұмыс істейтін персоналдың, сотталғандардың және іргелес жатқан аумақта тұратын адамдардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төнген кезде шұғыл шараларды қабылдаусыз мүмкін болмайтын жағдайда ерекше жағдайлар режимі енгізіледі.
4 4. ҚАК-тың 101-бабына сәйкес мекемелерде ерекше жағдайлар режимін енгізу үшін негіздер:
1 1) табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындауы;
2 2) мекеме орналасқан ауданға төтенше, ерекше немесе соғыс жағдай енгізілуі;
3 3) жаппай тәртіпсіздіктер;
4 4) сотталғандардың топтасып бағынбаушылығы;
5 5) күзетпен ұстау орындарына қарулы шабуыл жасаудың нақты қаупінің болуы.
5
5. Ерекше жағдайлар режимі негізгі міндеттерді орындауға қол жеткізілетін мынадай элементтерден: мекемені қалыпты өмірге қайтарудан, сотталғандар тарапынан құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесуден, мекеме персоналы мен сотталғандардың және мекемеге іргелес жатқан аумақта тұратын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуден, сондай-ақ табиғи апат, авария және өрттердін салдарын жоюдан тұрады.
Ерекше жағдайлар режимінің қолданылу кезеңінде мекемеде:
1 1) ҚАК-тың 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112 және 113-баптарында көзделген сотталғандардың құқықтарын жүзеге асыруы аталған режимнің іс-қимылы уақытында тоқтатылуы мүмкін;
2 2) күзету мен қадағалаудың күшейтілген нұсқасы енгізіледі;
3 3) объектілерге жіберудің ерекше тәртібі енгізіледі;
4 4) мекеменің күн тәртібі өзгертіледі;
5 5) өндірістік, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени-ағарту, медициналық-санитариялық және өзге де қызметтер жұмысының шектелуі.
6 6. Ерекше жағдайлар режимі Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісіліп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің шешімі бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге енгізіледі.
Көрсетілген мерзімде ерекше жағдайлар режимін енгізуде белгілі мақсатқа кол жетпеген жағдайда, оның қолданылу уақытын көрсетілген лауазымды адамдар қосымша отыз тәулікке дейін ұзартады.
7
7. Сотталғандардың, персоналдың немесе өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда, қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық органының басшысы аумақтық ішкі істер органының басшысымен және облыс прокурорымен немесе оған теңестірілген прокурормен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің дереу хабардар ете отырып, осы ҚАК-тың 101-бабының төртінші бөлігінде көзделген шараларды өз бетінше енгізуге құқылы.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі хабарламаны алған күннен бастап бір тәулік ішінде ерекше жағдайлар режимін енгізу немесе енгізілген шаралардың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
7-1
7-1. "Әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланған не сотталғандардың мекемеде болу мүмкіндігін жоққа шығаратын ерекше жағдайлар режимін енгізген жағдайда сотталғандарды басқа мекемелерге ауыстыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
8 8. Ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы шешім бұйрық түрінде ресімделеді, онда:
1 1) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ерекше жағдайлар режимін
енгізу үшін негіздеме болатын мән-жайлар;