Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)
- Атауы (қаз.)
- Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 239
- Қабылданған күні
- 18.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2014 83635_208447.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NM005108
- ЭКБ идентификаторы
- 83635
- Редакция идентификаторы
- 83635_208447
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:33
0 Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қарасу ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 239 қаулысымен бекітілген
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға
(жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін
есептеу қағидалары
Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
1 1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
Жа = Бм *К1 *К2 *S, мұндағы:
Жа – мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Бм - базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:
Аумақтық аймақ
К1
Қарасу ауданы
1,6
Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:
Құрылыс түрi
К2
Жеке тұрған
1
Қосымша салынған
1
Жартылай жертөле
0,85
Жертөле
0,70
Қоймалық
0,60
2 2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша анықталады:
Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
АТ – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
БҚ - баланстық құны;
ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
3 3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формулалар бойынша есептеледi:
аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшін:
Ж = S* Бм *К1*К2/ЖУ*N, мұндағы:
Ж - жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
S - ауданы (шаршы метр);
Бм - базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
ЖУ – жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.
құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшін:
Ж = (Жн/ЖУ)*N мұндағы:
Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Жн – құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалдау (жалға алу) үшiн жылдық жалдау ақысы;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.