Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Белоусовского сельского округа Успенского района

Ереже · № 199/38 · қабылданған 25.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83641/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Белоусовского сельского округа Успенского района Күшін жойған Ереже ·№ 199/38 ·25.09.2014
17.06.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Белоусовского сельского округа Успенского района

Күшін жойған Ереже ·№ 199/38 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Белоусовского сельского округа Успенского района
Атауы (қаз.)
Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
199/38
Қабылданған күні
25.09.2014
Көрсетілген редакция
17.06.2019 83641_412320.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PL004105
ЭКБ идентификаторы
83641
Редакция идентификаторы
83641_412320
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:29

0 Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3–бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1.

Қоса беріліп отырған Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

2 2.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Успен ауданы Белоусов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 3 (үш) % мөлшерде бекітілсін.

3 3.

Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4.

Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

Успен аудандық мәслихатының
(V сайланған ХХХVІІІ (кезектен тыс) сессиясы)
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 199/38 шешімімен
Бекітілген
Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1.

Осы Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2.

Успен ауданы Белоусов ауылдық округі аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3.

Бөлек жиынды Белоусов ауылдық округінің әкімі шақырады.
Успен ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4.

Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5.

Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Белоусов ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6.

Бөлек жиынды ашудын алдында Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің тиісті ауылдардың қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7.

Бөлек жиынды Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Успен ауданы Белоусов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Успен аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9.

Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10.

Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Белоусов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы