Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил разработки текущего и перспективного планов заключения международных договоров Республики Казахстан

Қаулы · № 1082 · қабылданған 09.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83717/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил разработки текущего и перспективного планов заключения международных договоров Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1082 ·09.10.2014
14.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил разработки текущего и перспективного планов заключения международных договоров Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1082 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил разработки текущего и перспективного планов заключения международных договоров Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1082
Қабылданған күні
09.10.2014
Көрсетілген редакция
14.07.2023 83717_643154.kaz
Соңғы өзгеріс
14.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001082
ЭКБ идентификаторы
83717
Редакция идентификаторы
83717_643154
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:22

0 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 2-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 9 қа­зан­да­ғы
№ 1082 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 2-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы жоспарын (бұдан әрі – ағымдағы жоспар) және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың перспективалық жоспарларын (бұдан әрі – перспективалық жоспар) әзірлеу тәртібін айқындайды.

2. Ағымдағы жоспар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға жасалады. Перспективалық жоспар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейінгі үш жыл мерзімге жасалады.

2. Ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу тәртібі

3. Ағымдағы және перспективалық жоспарлардың жобаларын (бұдан әрі – жоспарлар жобалары) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) орталық мемлекеттік органдар ұсынған халықаралық шарттарды жасасу тұжырымдамасының (бұдан әрі - тұжырымдама) негізінде әзірлейді.

4. Орталық мемлекеттік органдар тиісінше ағымдағы немесе перспективалық жоспарлардың жобаларына қосу үшін келесі күнтізбелік жылы не одан кейінгі үш жылда жасасу көзделетін халықаралық шарттар бойынша тұжырымдамаларды жыл сайын 25 қыркүйектен кешіктірмей Министрлікке енгізеді.

5. Тұжырымдамалар Министрлікке қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

6. Орталық мемлекеттік органдар жоспарлардың жобаларына қосу үшін тұжырымдамаларды уақтылы ұсынбаған жағдайда, Министрлік оларды қарамай кері қайтарады.

7. Жоспарлардың жобаларына қосу үшін халықаралық шарттарды жасасу бойынша ұсыныстар болмаған жағдайда, тиісті мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде Министрліктің атына аталған мерзімнен кешіктірмей ұсыныстардың жоқ екені туралы хат жібереді.

8. Министрлік ұсынылған тұжырымдамаларды 25 қазанға дейін қарап, халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытынды береді.

9. Халықаралық шарт жасасудың сыртқы саяси орындылығы болмаған жағдайда, Министрлік бұл туралы тұжырымдаманы ұсынған орталық мемлекеттік органды хабардар етеді.

10. Халықаралық шарт жасасудың сыртқы саяси орындылығы болған жағдайда, Министрлік оны халықаралық шарт жасасудың ұсынылатын мерзіміне байланысты тиісті жоспар жобасына енгізеді.

11. Жоспарлардың жобаларын әзірлеу кезінде Министрлік жоғары дәрежедегі халықаралық іс-шаралар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралар кестелерін ескереді.

12. Жоспарлардың жобалары жыл сайын 10 қарашадан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына шығарылады.

13. Жоспарлардың жобалары Комиссия туралы ережеде көзделген тәртіппен Комиссия шешімімен мақұлданады.

14. Комиссия мақұлдаған ағымдағы және перспективалық жоспарлар 25 қарашадан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Президентіне келісуге жіберіледі.

15. Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген ағымдағы және перспективалық жоспарлар (бұдан әрі – келісілген жоспарлар) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберіледі.

16. Келісілген жоспарларға өзгерістер:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Комиссияның шешімі негізінде енгізіледі.

Орталық мемлекеттік орган келісілген ағымдағы жоспарда көзделмеген халықаралық шартты жасасу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына бастамашылық жасағанға дейін, аталған орталық мемлекеттік орган Министрлікке келісілген ағымдағы жоспарға өзгеріс енгізу шұғылдығының негіздемесін және тиісті тұжырымдаманы алдын ала жібереді.
Министрлік ұсынылған негіздеме мен тұжырымдаманы қарап, оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде халықаралық шарт жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытынды береді.
Орталық мемлекеттік орган тиісті өтінішті Қазақстан Республикасының Президентіне жіберген кезде Министрліктің халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындысын қоса береді.

17. Орталық мемлекеттік органдардың ағымдағы және перспективалық жоспарларды орындауын жалпы бақылауды және ақпараттық қамтамасыз етуді Министрлік жүзеге асырады.

25 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың 2014 жылға арналған ағымдағы жоспары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
ха­лы­қа­ра­лық шар­тта­рын
жа­са­су­дың ағым­да­ғы және
пер­спек­ти­ва­лық жос­пар­ла­рын
әзір­леу қа­ғи­да­ла­ры­на
1-қо­сым­ша
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың 2014 жылға арналған ағымдағы жоспары
Р/с

Ха­лы­қа­ра­лық шарт жа­са­су­ды ұсы­на­тын ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
Жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың ата­уы
Ха­лы­қа­ра­лық шарт жа­са­су­дың бо­лжам­ды мер­зім­де­рі
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне енуі үшін қа­жет­ті мем­ле­ке­ті­ші­лік рә­сім­дер­ді орын­да­удың бо­лжам­ды мер­зім­де­рі
Ес­керт­пе­лер
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар
(мем­ле­ке­та­ра­лық)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар
(үкі­ме­та­ра­лық)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар
(ве­дом­ство­ара­лық)

26 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың 2015 – 2017 жылдарға арналған перспективалық жоспары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
ха­лы­қа­ра­лық шар­тта­рын
жа­са­су­дың ағым­да­ғы және
пер­спек­ти­ва­лық жос­пар­ла­рын
әзір­леу қа­ғи­да­ла­ры­на
2-қо­сым­ша
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың 2015 – 2017 жылдарға арналған перспективалық жоспары
Р/с

Ха­лы­қа­ра­лық шарт жа­са­су­ды ұсы­на­тын ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы
Жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың ата­уы
Ха­лы­қа­ра­лық шарт жа­са­су­дың бо­лжам­ды мер­зім­де­рі
Ха­лы­қа­ра­лық шар­ттың кү­шіне енуі үшін қа­жет­ті мем­ле­ке­ті­ші­лік рә­сім­дер­ді орын­да­удың бо­лжам­ды мер­зім­де­рі
Ес­керт­пе­лер
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар
(мем­ле­ке­та­ра­лық)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар
(үкі­ме­та­ра­лық)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры аты­нан жа­са­су ұсы­ны­ла­тын ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар (ве­дом­ство­ара­лық)

Қолданыстағы