О ликвидации республиканского государственного учреждения "Дом дружбы - Центр межэтнических отношений" Министерства культуры и спорта Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ликвидации республиканского государственного учреждения "Дом дружбы - Центр межэтнических отношений" Министерства культуры и спорта Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1081
- Қабылданған күні
- 09.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 83720_675774.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001081
- ЭКБ идентификаторы
- 83720
- Редакция идентификаторы
- 83720_675774
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:21
0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасының Президентi жанынан "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 837 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) таратылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:
1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесіне таратылатын мекеме кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүліктерді беруді қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4
4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi – Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң "Достық үйi – Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 432-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1081 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
3 3. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бөлімде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:" деген жолда "2974,5" деген сандар "2937" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:" деген жолда "2688,5" деген сандар "2651" деген сандармен ауыстырылсын;