О внесении изменений в административно-территориальное устройство Курчумского, Катон-Карагайского и Тарбагатайского районов Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство Курчумского, Катон-Карагайского и Тарбагатайского районов Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Күршім, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 213
- Қабылданған күні
- 11.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 11.08.2014 83729_157509.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003503
- ЭКБ идентификаторы
- 83729
- Редакция идентификаторы
- 83729_157509
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:49
0 Шығыс Қазақстан облысы Күршім, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8 және 11-баптарына сәйкес, «Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 қарашадағы № 6-6 шешімі және Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 2667 қаулысы, «Тарбағатай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Тарбағатай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы № 15-4 шешімі және Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 323 қаулысы, «Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 қарашадағы № 7/53-V шешімі және Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 1139 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1)
мынадай елдi мекендер есептi деректерден шығарылып, ауыл категориясынан шаруа қоныстары категориясына жатқызылсын:
Күршім ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Майтерек ауылы, Төсқайың ауылдық округінің Қарағайлыбұлақ ауылы;
2 2)
мынадай елдi мекендер есептi деректерден шығарылып, ауыл категориясынан өзге қоныстар категориясына жатқызылсын:
Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округінің Уан ауылы, Қызылкесік ауылдық округінің Шетбоғас ауылы, Кіндікті ауылдық округінің Шаң, Сарыбұлақ және Армандастар ауылдары;
Катонқарағай ауданы Ақсу ауылдық округінің Талды ауылы;
3 3)
мынадай елді мекендер шекаралары өзгертіліп:
Күршім ауданының Майтерек шаруа қонысы Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылының құрамына, Қарағайлыбұлақ шаруа қонысы Төсқайың ауылдық округінің Урунхайка ауылының құрамына;
Тарбағатай ауданының Уан қонысы Ырғызбай ауылдық округінің Жантікей ауылының құрамына, Шетбоғас қонысы Қызылкесік ауылдық округінің Егіндібұлақ ауылының құрамына, Шаң, Сарыбұлақ және Армандастар қоныстары Кіндікті ауылдық округінің Кіндікті ауылының құрамына;
Катонқарағай ауданының Талды қонысы Ақсу ауылдық округінің Ақсу ауылының құрамына енгізілсін.
2 2.
Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.