Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района

Ереже · № 6/40 · қабылданған 29.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83762/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района Күшін жойған 14.10.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района

Күшін жойған Ереже № 6/40 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Майтубек Майского района
Атауы (қаз.)
Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6/40
Қабылданған күні
29.09.2014
Көрсетілген редакция
14.10.2022 83762_597392.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PJ004129
ЭКБ идентификаторы
83762
Редакция идентификаторы
83762_597392
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:26
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.

Қоса беріліп отырған Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

2.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Май ауданы Майтүбек ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 3 % мөлшерде бекітілсін.

3.

Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың индустриалды-инновациялық даму және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4.

Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

Май аудандық мәслихатының
(V сайланған XL (кезекті)
сессиясы) 2014 жылғы
29 қыркүйектегі
№ 6/40 шешімімен
Бекітілген
Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

1. Жалпы ережелер

1.

Осы Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес әзірленді және Май ауданы Майтүбек ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2.

Май ауданы Майтүбек ауылының аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3.

Бөлек жиынды Майтүбек ауылының әкімі шақырады.
Май ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4.

Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5.

Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Майтүбек ауылының әкімі ұйымдастырады.

6.

Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті Май ауданы Майтүбек ауылының қатысып отырған және оған қатысу құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7.

Бөлек жиынды Май ауданы Майтүбек ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Май ауданы Майтүбек ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Май ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9.

Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10.

Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Майтүбек ауылының әкімінің аппаратына береді.