Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование элитных семян"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Субсидирование элитных семян"
- Атауы (қаз.)
- "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 296
- Қабылданған күні
- 19.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2015 83861_63791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14T0003019
- ЭКБ идентификаторы
- 83861
- Редакция идентификаторы
- 83861_63791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:33
0 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 296 қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 296 қаулысымен бекітілген
"
Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1 1. "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) - "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқарма) көрсетеді.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 843 "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар негіз болып табылады.
5 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қарайды және қызмет берушінің жауапты орындаушысын белгілейді.
3
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде әрбір тұқым шаруашылығы (бұдан әрі – тұқымшар) және тұқым тұтынушы үшін элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша субсидиялар сомасын айқындау және өтінімдерді қарау үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімінің (бұдан әрі – әкім) шешімімен құрылған ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі – ВАК) қарауға ұсынады.
4 4) ВАК құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды және әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға элиталық тұқымның әрбір түрі бойынша алдын ала квоталарды қалыптастырады, әкімге бекітуге ұсынады (бұдан әрі - алдын ала квоталар).
5 5) әкім алдын ала квоталарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына көрсетілетін қызметті алушылардың тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жасау үшін жолдайды.
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізілім жасайды.
7 7) әкім 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізілімді бекітеді және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды.
8 8) көрсетілетін қызметті алушы ай сайын (1 күніне дейін) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
9 9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді және басқарманың көрсетілетін қызметті берушісіне бекітілген алдын ала квоталарды және жиынтық тізілімді жолдайды.
10 10) басқарманың көрсетілетін қызметті берушісінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және басқарманың көрсетілетін қызметті берушісінің жауапты орындаушысына жолдайды.
11 11) басқарманың көрсетілетін қызметті берушісінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жиынтық тізімдеме жасақтайды және басқарманың басшысына бекітуге жолдайды.
12 12) басқарманың басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жиынтық тізімдемеге қол қояды және басқарманың қаржылық көрсетілетін қызметті берушісінің жауапты орындаушысына береді.
13 13) басқарманың қаржылық көрсетілетін қызметті берушісінің жауапты орындаушысы 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде төлем шоттарының тізілімін жасақтайды және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6 6. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:
1 1)
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2 2)
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3)
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4 4)
ВАК;
5 5)
әкім;
6 6)
басқарманың басшысы;
7 7)
басқарманың көрсетілетін қызметті берушісінің басшысы;
8 8)
басқарманың көрсетілетін қызметті берушісінің жауапты орындаушысы;
9 9)
басқарманың қаржылық көрсетілетін қызметті берушісінің жауапты орындаушысы.
7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс–қимылдар) реттілігін сипаттау осы Регламенттің 1-қосымшасында, "Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2– қосымшасында келтірілген.
37 Элиталық тұқымдарды субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс–қимылдар) реттілігін сипаттау
38 " Элиталық тұқымдарды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
"Элиталық тұқымдарды субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы