Об утверждении регламентов государственных услуг в области растениеводства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламентов государственных услуг в области растениеводства
- Атауы (қаз.)
- Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 253
- Қабылданған күні
- 24.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2017 83866_201296.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003515
- ЭКБ идентификаторы
- 83866
- Редакция идентификаторы
- 83866_201296
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:30
0 Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1
2
3
4
5
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 «Басым дақылдарды өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын
9 «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 24 » қыркүйектегі
№ 253 қаулысымен бекітілді
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
10 «Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 24 » қыркүйектегі
№ 253 қаулысымен
бекітілді
«Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық екпелерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
11 «Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 24 » қыркүйектегі
№ 253 қаулысымен
бекітілді
«Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
12 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 24 » қыркүйектегі
№ 253 қаулысымен
бекітілді
«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi
1 1. Жалпы ережелер
1 1.
«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттiк қызмет) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тиесілі бюджеттік субсидияларды қызмет алушылардың банктік шоттарына одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 қаулысымен бекітілген «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт)
1
және/немесе 5 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша қызмет алушының өтінімінің болуы негіз болып табылады.
5 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрады.
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады;
2-іс-қимыл – бөлiм субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін белгілейді, сондай-ақ ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы, ВАК-тың жұмыс тәртiбi туралы ақпаратты және басқа да қажеттi мәлiметтердi жариялайды;
3-іс-қимыл – аудандар бойынша субсидиялардың көлемдері облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша:
1 1) субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары;
2 2) субсидияланатын биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың түрлері және биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 грамына (данасына) арналған субсидиялар нормалары белгіленеді.
4-іс-қимыл – Стандарттың 9-тармағында көзделген қызмет алушының өтінімі мен құжаттарын бөлімнің қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
5-іс-қимыл - бөлім қызмет алушылар ұсынған құжаттарды тексереді және ВАК-тың қарауына енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
6-іс-қимыл – ВАК бөлім ұсынған қызмет алушылардың құжаттарын қарайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2 және/немесе 6 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тізімдерді қалыптастырады және оларды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
7-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі тізімдерді бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
8-іс-қимыл – аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі қызмет алушылардың тізімдерін бекіткеннен кейін бөлім ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, қызмет алушылардың тізімдерін орналастырады және оларды басқармаға ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
9-іс-қимыл – бөлім тізімді ұсынғаннан кейін басқарма Қағидалардың 3 және/немесе 7 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмiн жасайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
10-іс-қимыл – басқарма қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмдерi негiзiнде Қағидалардың 4 және/немесе 8 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қызмет алушыларға субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
11-іс-қимыл – тиесілі субсидияларды қызмет алушылардың банк шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарымен қоса төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қызмет алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – тиісті жылдың 1 (бірінші) желтоқсанына дейін.
6
6. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі ВАК құру болып табылады, ол 2-іс-қимылды бастау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі ВАК-тың жұмыс тәртібін жергілікті БАҚ-та жариялау болып табылады, ол 3-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін, сондай-ақ субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын, субсидияланатын биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың түрлері және биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 грамына (данасына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу болып табылады, олар 4-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушының қабылданған өтінімдері мен құжаттары болып табылады, олар 5-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушының құжаттарын тексеру және оларды ВАК-тың қарауына ұсыну болып табылады, ол 6-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 6-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың тізімдерін қалыптастыру болып табылады, ол 7-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 7-іс-қимылдың нәтижесі әкімнің қызмет алушылардың тізімін бекітуі болып табылады, ол 8-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 8-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың тізімдерін интернет-ресурста орналастыру және оларды басқармаға ұсыну болып табылады, олар 9-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 9-іс-қимылдың нәтижесі қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмiн жасау болып табылады, ол 10-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 10-іс-қимылдың нәтижесі ведомость қалыптастыру болып табылады, ол 11-іс-қимылды орындау үшін негіз болады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 11-іс-қимылдың нәтижесі тиесілі субсидияларды қызмет алушылардың банк шоттарына аудару болып табылады.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7 7.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі;
2 2) ВАК;
3 3) бөлім;
4 4) басқарма;
5 5) аумақтық қазынашылық бөлімшесі.
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1 1) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі ВАК құрады;
2 2) бөлiм субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін белгілейді, сондай-ақ ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы және аяқталуы, ВАК-тың жұмыс тәртiбi туралы ақпаратты және басқа да қажеттi мәлiметтердi жариялайды;
3 3) аудандар бойынша субсидиялар көлемдері облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмiмен белгіленеді, сондай-ақ уәкілетті органның келісімі бойынша:
а а) субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткiзушiлерден сатып алынған гербицидтердiң 1 литрiне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары;
б б) субсидияланатын биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттардың түрлері және биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілерден сатып алынған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 грамына (данасына) арналған субсидиялар нормалары белгіленеді.
4 4) Стандарттың 9-тармағында көзделген қызмет алушының өтінімі мен құжаттарын бөлімнің қабылдауы және тіркеуі. Орындалу ұзақтығы – 15 минут;
5 5) бөлім қызмет алушылар ұсынған құжаттарды тексереді және ВАК-тың қарауына енгізеді. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
6 6) ВАК бөлім ұсынған қызмет алушылардың құжаттарын қарайды және Қағидалардың 2 және/немесе 6 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тізімдерді қалыптастырады және оларды аудан, облыстық маңызы бар қала әкіміне бекітуге жібереді. Орындалу ұзақтығы – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
7 7) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі тізімдерді бекітеді. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
8
8) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі қызмет алушылардың тізімдерін бекіткеннен кейін бөлім ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып, қызмет алушылардың тізімдерін орналастырады және оларды басқармаға ұсынады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
9 9) бөлім тізімді ұсынғаннан кейін басқарма Қағидалардың 3 және/немесе 7 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмдерiн жасайды. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
10 10) басқарма қызмет алушылардың жиынтық тiзiлiмдерi негiзiнде Қағидалардың 4 және/немесе 8 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қызмет алушыларға субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
11 11) тиесілі субсидияларды қызмет алушылардың банк шоттарына аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес тиісті айдың 30-күніне дейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада төлем шоттарымен қоса төлем шоттарының тiзiлiмiн ұсыну арқылы жүзеге асырады.
Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламентке 1 қосымшаға сәйкес, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасында көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
44 Әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасы
«Өсімдіктерді қорғау
мақсатында
ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентiне
1 қосымша
Әрбір іс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасы
45 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Өсімдіктерді қорғау
мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентiне
2 қосымша
«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
*ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары.