Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос малых рек и ручьев в городе Усть-Каменогорске Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 266 · қабылданған 06.10.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83867/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос малых рек и ручьев в городе Усть-Каменогорске Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 266 ·06.10.2014
22.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос малых рек и ручьев в городе Усть-Каменогорске Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 266 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос малых рек и ручьев в городе Усть-Каменогорске Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылық пайдаланудың режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
266
Қабылданған күні
06.10.2014
Көрсетілген редакция
22.12.2016 83867_165693.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14V0003516
ЭКБ идентификаторы
83867
Редакция идентификаторы
83867_165693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:23

0 Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылық пайдаланудың режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.

Мыналар:

1 1)

осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

2 2)

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары аумағында шаруашылық пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі белгіленсін.

2 2.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Д. Ә. Тілеубаев) «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Өскемен қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға берсін.

3 3.

Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Ә. Шерубаевқа жүктелсін.

4 4.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары жөніндегі комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
Р. Сүлейменов
2014 жылғы « 6 » қазан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
басшысы
2014 жылғы « 7 » қазан

7 Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы « 6 » қазандағы
№ 266 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

р/с
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Шека-расы-ның ұзын-дығы (км)
Аумағы (га)
Орта-ша
ені (м)
Шекара-сының ұзын-дығы (км)
Аумағы (га)
Орташа
ені (м)
1
Шешек бұлағы
11,0
361,4
100-650
12,3
52,6
35-55
2
Аблакетка өзені
6,8
454,3
225-500
11,4
72,9
55
3
Бражинский бұлағы
26,7
753,0
70-500
28,8
127,6
35-55
4
Овечий ключ бұлағы
18,5
592,0
80-500
20,4
112,3
35-75
5
Жуков бұлағы
11,9
318,3
50-500
12,8
49,4
35-55
6
Безымянный бұлағы (Ушанов ауылы)
5,5
315,0
125-500
12,1
47,5
35-55
7
Атауы жоқ бұлақ (Красин кенті)
1,7
16,9
140-340
2,1
5,7
35
8
Атауы жоқ бұлақ (Ескі Согра кенті)
6,1
295,9
500
8,2
44,8
35-100
9
Моховка өзені
3,4
261,1
250-500
9,5
49,1
35-175
10
Безымянный бұлағы (Моховка өзенінің саласы)
3,7
260,2
100-500
8,4
33,7
35-50
11
«Ескек каналы» су тоғаны
5,3
177,5
150-300
7,7
26,3
35
12
Мельничная ескі арнасы
-
(3,1 км Үлбі өзені-нің бұрын белгі-ленген су қорғау аймақ-тарына енген)
-
(71,6 га Үлбі өзені-нің бұрын белгі-ленген су қорғау аймақ-тарына енген)
120-300
5,4
32,2
35-75
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу» жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

Қолданыстағы