Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил исполнения приговоров суда о пожизненном запрете занимать педагогические должности и должности, связанные с работой с несовершеннолетними

Бұйрық · № 388 · қабылданған 23.09.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-83977/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил исполнения приговоров суда о пожизненном запрете занимать педагогические должности и должности, связанные с работой с несовершеннолетними Қолданыста Бұйрық ·№ 388 ·23.09.2014
13.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил исполнения приговоров суда о пожизненном запрете занимать педагогические должности и должности, связанные с работой с несовершеннолетними

Қолданыста Бұйрық ·№ 388 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил исполнения приговоров суда о пожизненном запрете занимать педагогические должности и должности, связанные с работой с несовершеннолетними
Атауы (қаз.)
Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
388
Қабылданған күні
23.09.2014
Көрсетілген редакция
13.07.2021 83977_532952.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14H0009821
ЭКБ идентификаторы
83977
Редакция идентификаторы
83977_532952
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:30

0 Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 72-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидалары бекітілсін;

2 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрықты облыстар, Астана және Алматы қалалары білім

басқармаларының назарларына жеткізсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

8 Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 388 бұйрығымен
бекітілген
Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234 Қылмыстық-атқару кодексінің 72-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген.

2 2. Осы Қағидалардағы ұйымдар дегеніміз «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-тармағында анықталған ұйымдар болып қабылданады (бұдан әрі - ұйымдар).

3 3. Осы Қағидалар педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау тәртібін айқындайды.

2 2. Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйымның орындалу тәртібі

4

4. Меншік нысанына қарамастан ұйымның басшысы (бұдан әрі - басшы) педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға қабылдау кезінде тұлғалардан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есебі бойынша олардың қылмыс жасағаны туралы мәліметтің бар не жоқ екені туралы ақпарат сұратады.

5

5. Тұлғаларды жұмысқа қабылдау туралы шешім шығарғанға дейін басшы күнтізбелік 7 күннің ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдарынан кандидаттың педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойынша тыйым салынған шектеулерінің бар-жоғы туралы мәліметтің дұрыстығын тексереді.

6 6. Басшы күнтізбелік бір күн ішінде:

1 1) қызметкердің педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруына тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесін алғанда;

2 2) педагогтың педагог лауазымын атқару құқығынан айырылғандығы туралы сот үкімінің бар екені немесе жасырылғаны анықталған жағдайда оны атқарып отырған лауазымынан босатады.

Бұл ретте педагогке кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты өзге жұмыс ұсынылмауы тиіс.

7 7. Басшы соттың үкімімен педагог лауазымын атқаруына шектеу қойылған қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзу кезінде күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданған шаралар туралы білім беру саласындағы және ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды.

8

8. Басшы жылына бір рет педагогтердің педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынған шектеулерінің бар-жоғы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органдарымен тұрғылықты жері бойынша пробация қызметінен салыстырып тексеріп отыруға міндетті.

9 9. Басшы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен еңбек шартын жасаспауы тиіс.

Қолданыстағы