Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил добровольной возмездной сдачи огнестрельного бесствольного и газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия физическими лицами, имеющими соответствующее разрешение органов внутренних дел на хранение и ношение оружия, а также передачи технически исправного и пригодного для дальнейшей эксплуатации добровольно возмездно сданного огнестрельного бесствольного и газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия в правоохранител

Қаулы · № 1145 · қабылданған 29.10.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84047/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил добровольной возмездной сдачи огнестрельного бесствольного и газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия физическими лицами, имеющими соответствующее разрешение органов внутренних дел на хранение и ношение оружия, а также передачи технически исправного и пригодного для дальнейшей эксплуатации добровольно возмездно сданного огнестрельного бесствольного и газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия в правоохранител Қолданыста Қаулы ·№ 1145 ·29.10.2014
31.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил добровольной возмездной сдачи огнестрельного бесствольного и газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия физическими лицами, имеющими соответствующее разрешение органов внутренних дел на хранение и ношение оружия, а также передачи технически исправного и пригодного для дальнейшей эксплуатации добровольно возмездно сданного огнестрельного бесствольного и газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия в правоохранител

Қолданыста Қаулы ·№ 1145 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил добровольной возмездной сдачи огнестрельного бесствольного и газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия физическими лицами, имеющими соответствующее разрешение органов внутренних дел на хранение и ношение оружия, а также передачи технически исправного и пригодного для дальнейшей эксплуатации добровольно возмездно сданного огнестрельного бесствольного и газового оружия с возможностью стрельбы патронами травматического действия в правоохранител
Атауы (қаз.)
Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1145
Қабылданған күні
29.10.2014
Көрсетілген редакция
31.12.2015 AI84047_4.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001145
ЭКБ идентификаторы
84047
Редакция идентификаторы
AI84047_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:09

0

Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды ұңғысыз атыс қаруын және қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 қазандағы
№ 1145 қаулысымен
бекітілген
Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру, сондай-ақ техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру тәртібін айқындайды.

2 2. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыруға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру осы мақсаттар үшін көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

3 3. Қару иесі Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінде, қалалық, аудандық ішкі істер органдарында азаматтық қару иесі ретінде есепте тұрса және қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаты болса, қару тіркелген болып есептеледі.

4 4. Жеке тұлғалар ерікті түрде тапсыратын жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар тіркелген ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды қабылдау 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.

2 2. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру тәртібі

5

5. Өзіне заңды негізде және ішкі істер органдарында тіркелген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру үшін жеке тұлға не сенімхат бойынша оның өкілі қару тіркелген орны бойынша Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттеріне, қалалық, аудандық ішкі істер органына жүгінеді және мынадай құжаттарды:

1 1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтінішті;

2 2) қаруды сақтау және алып жүру құқығына берілген рұқсаттың түпнұсқасын;

3 3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4 4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер және (немесе) ұйымдарда ашылған банк есепшоты нөмірі туралы мәліметті;

5 5) сенімхат - осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен өтінішті және қажетті құжаттарды өкіл тапсырған жағдайда ұсынады.

Егер қару иесі қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдың төленгені туралы түбіртек ұсынылады.

6 6. Қару иесі қаруды тапсыра алмаған жағдайда (ұзақ іссапар, сырқаттану), іссапарға кеткенін растайтын тиісті құжаттар, медициналық мекеменің анықтамасы, қаруды ішкі істер органдарына тапсыру және ақшалай сыйақыны алу құқығына нотариатта бекітілген сенімхат болған кезде, қару өкіл арқылы тапсырылады.

7 7. Ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтініш ішкі істер органдарында берілген күні тіркеледі.

8

8. Ерікті түрде сыйақы үшін тапсырылатын қаруды осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген өтінішпен және құжаттармен бірге қару иесінің қатысуымен оның жай-күйі және көзге көрінетін ақаулары көрсетілетін қаруды қабылдау актісін толтыра отырып, ішкі істер органының кезекшісі қабылдайды. Акті екі данада толтырылады - біреуі ішкі істер органдарында қалады, екіншісі - қару иесіне беріледі.

9 9. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтінішті қарау мерзімі - ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде.

10

10. Өтініш, қоса берілетін құжаттар және қару бір жұмыс күні ішінде қарудың техникалық жай-күйін айқындау және жеке тұлғаларға тапсырылған қару үшін төлем белгілеу жөніндегі Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының жанынан арнайы құрылған комиссияларға (бұдан әрі - комиссиялар) беріледі.

11

11. Комиссиялардың құрамдары Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттері бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі және тыл және қаржылық қамтамасыз ету, азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелердің, криминалдық полиция, өзіндік қауіпсіздік, жедел-криминалистикалық және ақпараттық-талдамалық қызметтердің қызметкерлерінен тұрады.

12 12. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық ішкі істер органдары бастығының орынбасары комиссия төрағасы болып тағайындалады.

13 13. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшенің қызметкері комиссия хатшысы болып тағайындалады, ол комиссияның отырысын ұйымдастырады.

14 14. Жеке тұлғалар ерікті түрде сыйақы үшін тапсыратын қаруды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интеграцияланған деректер банкі (бұдан әрі - ҚР ІІМ ИДБ) «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есептері бойынша ақпараттық-талдау орталығының қызметкері тексереді.

Қаруды тексеру мерзімі - сұрату түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде.
Егер тапсырылатын қару ҚР ІІМ ИДБ «Тіркелген қару» есебінде тұрмаса, ішкі істер органдары есепке қойылмау себептерін және ұсынылған қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттың түпнұсқасын белгілеу үшін тексеріс жүргізеді.

15

15. Тапсырылған қару жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз, газды қару атыс қаруы болып табылатыны, сондай-ақ қарудың жарақат салатын патронмен атуға жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы криминалист-маманның қорытындысын алу үшін Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық бөлімшелеріне жіберіледі.
Сараптаманы жүргізу мерзімі - қару келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

16 16. Комиссия хатшысы жеке тұлғаның қаруды ерікті түрде тапсыру туралы өтініші негізінде мынадай құжаттардан:

1 1) қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы өтініштен;

2 2) тапсырылған қару жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару болып табылатыны, сондай-ақ қарудың жарақат салатын патронмен атуға жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы криминалист-маманның қорытындысынан;

3 3) ҚР ІІМ БДБ «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есептері бойынша тексеру туралы материалдардан;

4 4) қару иесінің қолы қойылған қаруды қабылдау актісінен;

5 5) қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттан;

6 6) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесінен;

7 7) осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, айыппұлдың төленгені туралы түбіртектен;

8 8) сенімхаттан тұратын «Қаруды ерікті түрде өтеулі тапсыру туралы істі» (бұдан әрі - іс) қалыптастырады.

📌 Ескертпе. Талап етілетін құжаттар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынылмаған жағдайда, тапсырылған қару үшін ақшалай сыйақы төленбейді.

17 17. Комиссия ұсынылған материалдарды қарайды, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерікті түрде тапсырылған қарудың санатын, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерікті түрде тапсырылған қару үшін сыйақылар мөлшерін айқындайды.

Криминалист-маманның қорытындысы және қаруды қабылдау актісі тапсырылатын қарудың санатын айқындау үшін негіздер болып табылады.

18 18. Қаруды тапсырған жеке тұлғаларға мынадай төлем белгіленеді:

1 1) 1-санатқа жатқызылған қару үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құнының 90 %-ы есебінен жүргізіледі;

2 2) 2-санатқа жатқызылған қару үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құнының 70 %-ы есебінен жүргізіледі;

3 3) 3-санатқа жатқызылған қару үшін осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген құнының 50 %-ы есебінен жүргізіледі.

19

19. Комиссия қарудың техникалық жай-күйін айқындау, тапсырылған қару үшін жеке тұлғаларға төлем белгілеу немесе ақшалай сыйақыны төлеуден бас тарту туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада қорытынды шығарады, оны Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының бастығы бекітеді және елтаңбалық мөрмен бекітіледі.

20 20. Төлемді белгілеу кезінде халықтың қаруды өтеулі тапсырғаны үшін шығындарды өтеу үшін ашылған бюджет шотынан аударуды Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің қаржы қызметтері жүзеге асырады.

21 21. Комиссия хатшысы шешім шығарылғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ақшалай қаражат төлеу үшін Ішкі істер департаменттерінің қаржылық қамтамасыз ету қызметтеріне мынадай құжаттарды:

1 1) Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының бастығы бекіткен, барлық комиссия мүшелері қол қойған тапсырылған қару үшін жеке тұлғаларға төлем белгілеу туралы қорытындыны;

2 2) қаруды тапсырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3 3) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банк есепшоттарының нөмірі туралы мәліметтерді жібереді.

22 22. Жеке тұлға төлем сомасын оның банк шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы алады.

23 23. Егер қару:

1 1) криминалист-маманның қорытындысы негізінде жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, оның ішінде қайта жасалған деп танылмаған;

2 2) ҚР ІМ БДБ «Криминалдық қару» есебінде тұрған;

3 3) ішкі істер органдарында тіркелген және ҚР ІІМ БДБ «Тіркелген қару» есебінде басқа жеке тұлғаның атында тұрған;

4 4) 2015 жылғы 31 желтоқсаннан кейін ерікті түрде тапсырылған;

5 5) жеке тұлғаның сыйақы төлеусіз ерікті түрде тапсыру туралы өтініші бойынша тапсырылған;

6 6) ішкі істер органдарында қызметтік қару ретінде тіркелген;

7 7) ішкі істер органдарында тіркелмеген жағдайларда, комиссия ақшалай қаражатты төлеуден бас тарту туралы қорытынды шығарады.

24 24. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің, қалалық, аудандық ішкі істер органдарының комиссиялары 3-санатқа жатқызған ерікті түрде өтеулі тапсырылған қару уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жойылуға тиіс.

25 25. Жеке тұлға осы Қағидаларға 3-қосымшада атауы көзделмеген, тіркелген қаруды ерікті түрде тапсырған кезде комиссия сыйақы мөлшерін көрсетілген қосымшамен бекітілген қарудың атауы бірдей модельдерінің орташа құны бойынша белгілейді.

Осы Қағидаларға 3-қосымшада атауы жоқ қару тапсырылған жағдайда, комиссия оның құнын техникалық сипаттамалары осы Қағидаларға 3-қосымшада атауы көрсетілген қарумен ұқсас қарудың құны бойынша айқындайды.

3 3. Техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын және газды қаруды құқық қорғау органдарына беру тәртібі

26

26. Техникалық жағынан ақаусыз және одан әрі пайдалануға жарамды ерікті түрде өтеулі негізде тапсырылған 1-ші және 2-ші санаттағы қаруды беру үшін құқық қорғау органының басшысы Ішкі істер министрінің атына заттай тиесілік нормаларының және өтініш берілген калибрлер негізінде есептелген жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына және газды қаруға жиынтық қажеттілікті көрсете отырып, жазбаша өтінішхат жолдайды.

27 27. Құқық қорғау органының өтінішхатын қарау бір ай мерзімде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығы шығарылады.

28 28. Ішкі істер министрінің бұйрығы негізінде қару өтінішхатпен жүгінген құқық қорғау органына ІІМ теңгеріміне қабылданбай одан әрі олардың теңгеріміне қою үшін беріледі.

29 29. Қаруды беру осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген комиссия қорытындысында айқындалған оның атауы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы, сондай-ақ санаты мен құны көрсетіліп, қабылдап алу-беру актісі бойынша жүзеге асырылады.

Қабылдап алу-беру актісіне тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды, оны тиісті құқық қорғау органдарының басшылары бекітеді.

30

30. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың, көліктегі ішкі істер департаменттеріне, ІІМ білім беру ұйымдарына, мамандандырылған күзет қызметінің аумақтық басқармаларына, ІІМ-ге ведомстволық бағынысты басқа да ұйымдарға қаруды беру осы Қағидалардың 26, 27, 28және 29-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

31 31. Құқық қорғау органдары қажет етпеген қару уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жойылуға жатады.

1.1 Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде тапсыру туралы өтініш

Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып
жүруге ішкі істер органдарының
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына
1-қосымша
Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды ерікті түрде тапсыру туралы өтініш
_____________________________________________________________________
(ішкі істер органының толық атауы)
азамат ______________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты, сәйкестендіру нөмірі)
Сізден _____________________________________________________________
(тапсырылатын қарудың атауы, оның маркасы, калибрі, нөмірі)
сыйақы төлеп/төлемей (қажеттісінің асты сызылсын) қабылдауды сұраймын.
Қаруды алып жүруге және сақтауға ____________________________________
_____________________________________________________________________
(рұқсатты берген ішкі істер органы)
берген 201__ жылғы «___»______________ №______ рұқсатым бар.
Мекенжайы ___________________________________________________________
(қару иесінің пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді
мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
_________________               ______________________________
(қолы)                          (тегі, аты, әкесінің аты)
Толтырылған күні: 2015 жылғы « »

1.2 Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруының, газды қарудың санаттары

Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып
жүруге ішкі істер органдарының
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына
2-қосымша
Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруының, газды қарудың санаттары

1 1. 1-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға:

1 1) пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару;

2 2) бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады.

2

2. 2-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі келтірмейтін, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу арқылы жоюды талап етпейтін жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады.

3

3. 3-санаттағы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруына, газды қаруға негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануға қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қару жатады.

1.3 Ерікті түрде тапсырылған қару үшін сыйақылар мөлшері

Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып
жүруге ішкі істер органдарының
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына
3-қосымша
Ерікті түрде тапсырылған қару үшін сыйақылар мөлшері
P/c №
Қа­ру­дың ата­уы
Құ­ны
1
2
3
1
Record mod Chief cal ME 380 GUM
53200 тең­ге
2
Reckmod Cobra
40500 тең­ге
3
Reckmod 60
41400 тең­ге
4
blow compact 9 mm PA black та­пан­ша­сы
52800 тең­ге
5
blow compact 9 mm PA fume та­пан­ша­сы
57600 тең­ге
6
blow compact 9 mm PA satin та­пан­ша­сы
57600 тең­ге
7
F92 9 mm PA black та­пан­ша­сы
57600 тең­ге
8
F92 9 mm PA fume та­пан­ша­сы
62400 тең­ге
9
F92 9 mm PA satin та­пан­ша­сы
62400 тең­ге
10
mini 9 mm PA black та­пан­ша­сы
38400 тең­ге
11
mini 9 mm PA fume та­пан­ша­сы
43200 тең­ге
12
mini 9 mm PA nikel та­пан­ша­сы
43200 тең­ге
13
ТП FIRAT MAGNUM black
57600 тең­ге
14
ТП FIRAT MAGNUM Chrome
63600 тең­ге
15
ТП FIRAT MAGNUM fume
63600 тең­ге
16
ТП FIRAT MAGNUM White
63600 тең­ге
17
ТП P 29 black
52800 тең­ге
18
ТП SPECIAL 99 black
52800 тең­ге
19
ТП SPECIAL 99 Chrome
57600 тең­ге
20
ТП SPECIAL 99 Fume
57600 тең­ге
21
ТП SPECIAL 99 White
57600 тең­ге
22
ТП VOLGA black
49200 тең­ге
23
ТП VOLGA Chrome
54000 тең­ге
24
ТП VOLGA Fume
54000 тең­ге
25
ТП VOLGA White
54000 тең­ге
26
WALTER-P22T
70000 тең­ге
27
MP-81
87465 тең­ге
28
MP-79-9 TM.
82950 тең­ге
29
MP-80-13T
88700 тең­ге
30
MP-78-9TM
102900 тең­ге
31
MP-355 RFK 9 mm P.A.
253890 тең­ге
32
TANFOGLIO FT
88000 тең­ге
33
STREAMER-1014
57200 тең­ге
34
ATAK ARMS Mod. Смерч-925
67600 тең­ге
35
T-96
62400 тең­ге
36
БЕР­КУТ (9 mm P.A.)
95700 тең­ге
37
MAUSER HSC Мод. 90Т NICKEL (кал. 10х22Т) (7 за­ряд­ты) #1075608
70200 тең­ге
38
ШАРК (кал. 9mm P.A.) (6 за­ряд­ты)
57200 тең­ге
39
ZVI Mod. WASP DP04 711
112350 тең­ге
40
ZVI Mod. WASP DP04 703
111300 тең­ге
41
ZVI Mod. WASP DP04 706
126000 тең­ге
42
ROEHM Мод. 88Т BLACK (кал. 10х22Т) (7 за­ряд­ты) #1059974
44200 тең­ге
43
ROEHM Мод. 88Т NICKEL (кал. 10х22Т) (7 за­ряд­ты) #1075607
53300 тең­ге
44
ФАН­ТОМ (кал. 9mm P.A.) (17 за­ряд­ты)
72800 тең­ге
45
ФОРТ 12T, 12TM
105357 тең­ге
46
ФОРТ-17Т (кал: 9mm P.A.)
96428 тең­ге
47
ФОРТ 17T (кал. 45 rabber)
116071 тең­ге
48
ФОРТ 12TM (кал. 45 rubber)
111285 тең­ге
49
XOPXE
147800 тең­ге
50
RECORD Мод. BLACK MATT (кал.: 380 ME GUM) (6 за­ряд­ты) #2509.00.00.01
44300 тең­ге
51
STEYR Мод. M-Al (кал. 10х28Т) (15 за­ряд­ты) қо­сым­ша оқ­жа­ра­ғы бар
219700 тең­ге
52
ZVI Мод. WASP DP04 703 (қа­ра) (кал.: 9 мм Р.А.) (6 за­ряд­ты) (са­бы қа­ра пла­стиктен)
137800 тең­ге
53
«RECK Mod. 60» cal. 380 Me Gum s/n
45000 тең­ге
54
ChifeSpecialReck Mod-60
78000 тең­ге
55
STZ Мод. PPT BLACK (кал. 9mm P.A.) (14 за­ряд­ты)
78000 тең­ге
56
GRAND POWER Мод. Т10 (кал. 10*22, 15 за­ряд­ты) қо­сым­ша оқ­жа­ра­ғы бар та­пан­ша­сы
105600 тең­ге
57
GRAND POWER Мод. T12 (кал. 10х28Т, 15 за­ряд­ты) қо­сым­ша оқ­жа­ра­ғы бар та­пан­ша­сы
124690 тең­ге
58
GRAND POWER Мод. T910 та­пан­ша­сы (кал. 10*22Т, 15 за­ряд­ты) қо­сым­ша оқ­жа­ра­ғы бар
123500 тең­ге
59
RAND POWER Мод. T910 та­пан­ша­сы (кал. 9мм Р.А. 15 за­ряд­ты) қо­сым­ша оқ­жа­ра­ғы бар
99750 тең­ге
60
Shark (9мм Р.А) 6 за­ряд­ты та­пан­ша­сы
50600 тең­ге
61
га­з­ды FratelliTanfoglio FT 9мм PA S.A. та­пан­ша­сы кал. 9 мм
88000 тең­ге
62
Mofl.STREAMER-1014 Matte CHROME (9мм P.A.) (са­бы қа­ра пла­стиктен) та­пан­ша­сы
50600 тең­ге
63
ATAK ARMS MoaSTREAMER-1014 TITAN (9мм P.A.) та­пан­ша­сы
50600 тең­ге
64
ATAK ARMS Мод.Т-96 BLACK (.380ME GUM) 6 за­ряд­ты са­бы қо­ңыр ре­воль­ве­рі
55200 тең­ге
65
ATAK ARMS Мод.Т-96 BLACK (.380ME GUM) 6 за­ряд­ты са­бы қа­ра ре­воль­ве­рі
69000 тең­ге
66
ATAK ARMS Мод.Т-96 CHROME (.380ME GUM) 6 за­ряд­ты са­бы қо­ңыр ре­воль­ве­рі
55200 тең­ге
67
ATAK ARMS Мод.Т-96 CHROME (.380ME GUM) 6 за­ряд­ты са­бы қа­ра ре­воль­ве­рі
55200 тең­ге
68
ATAK ARMS Мод.Т-96 MATTE CHROME (.380ME GUM) са­бы қо­ңыр ре­воль­ве­рі
55200 тең­ге
69
ATAK ARMS Мод.Т-96 MATTE CHROME (.380ME GUM) ре­воль­ве­рі (са­бы қа­ра пла­стиктен)
55200 тең­ге
70
ATAK ARMS Мод.Т-96 TITAN (.380ME GUM) ре­воль­ве­рі 6 за­ряд­ты, қап­тал­ған қо­ңыр сап­ты
55200 тең­ге
71
ATAK ARMS Мод.Т-96 TITAN (.380ME GUM) 6 за­ряд­ты қа­ра ре­воль­ве­рі
55200 тең­ге
Ұң­ғы­сыз атыс қа­руы
72
Ұң­ғы­сыз та­пан­ша («OCA» ке­ше­ні) Мод. ПБ-4-1, кал. 18x45
44200 тең­ге
73
Ұң­ғы­сыз та­пан­ша («OCA» ке­ше­ні) Мод. ПБ-4-1, кал. 18x45 (ла­зер­лік ны­са­на көр­се­ті­ші жоқ)
44200 тең­ге
74
Ұң­ғы­сыз та­пан­ша («OCA» ке­ше­ні) Мод. ПБ-4-ШЛ, кал. 18x45
46500 тең­ге
75
Ұң­ғы­сыз та­пан­ша («ЭГИ­ДА» ке­ше­ні) Мод. ПБ-2NEW, кал. 18x45
46500 тең­ге
76
Ұң­ғы­сыз та­пан­ша («ЭГИ­ДА» ке­ше­ні) Мод. ПБ-2, кал. 18x45
54600 тең­ге
77
Ұң­ғы­сыз та­пан­ша «Страж­ник» Мод. MP-461, кал. 18x45
29520 тең­ге
78
Ұң­ғы­сыз та­пан­ша «Ли­дер», кал. 10x32 (6 за­ряд­ты)
96900 тең­ге
79
«ROHM RG 88», 10х22Т
32100
80
«Форт-9Т», Ру­бер 9 мм
221250
81
«ФОРТ-10Т», 9 мм
180000
82
«ФОРТ-14Т», 9 мм
142143
83
«ФОРТ-18Т», 9 мм
126785
84
«ФОРТ-18Р», 9 мм
126785
85
«SHARK» Шарк-906, 9 мм Р.А.
57200
86
«ПМ-ГТ», 9 мм
99000
87
«ФОРТ-14ТМ», 9 мм Р.А
142142
88
«ФОРТ-14ТР», 9 мм
142142
89
«Blow mini» Black, 9 мм
38400
90
«Blow mini» Nikel, 9 мм
43200
91
«Blow mini» Fume, 9 мм
43200
92
«ALFA» 9120, 9 мм Р.А. Rubber 291921 ре­воль­ве­рі
93350
93
«ALFA» 9130, 9 мм Р.А. Rubber 291922 ре­воль­ве­рі
61400
94
«ALFA STANILESS» 9120, 9 мм Р.А..​Rubber 191925 ре­воль­ве­рі
104200
95
«ALFA STANILESS» 9130.3, 9 мм Р.А..​Rubber 191926 ре­воль­ве­рі
107970
96
«ALFA STANILESS» 9141.3, 9 мм Р.А..​Rubber 191945 ре­воль­ве­рі
114300
97
«ALFA STANILESS» 9120, 9 мм Р.А..​Rubber 191920 ре­воль­ве­рі
91000
98
«ALFA STANILESS» 9130, 9 мм Р.А..​Rubber 191921 ре­воль­ве­рі
98000
99
«ALFA STANILESS» 9141, 9 мм Р.А..​Rubber 191922 ре­воль­ве­рі
99600
100
«Mod. «Cief f Cal.380ME Gum»380 MЕ Gum ре­воль­ве­рі
55200
101
ME 38 Compact, 9 мм
35000
102
Walther PPT 10х22 мм
69000
103
ROHM RG-59, 9 мм
32100
104
ROHM RG-89, 9 мм
32100
105
ZVI-WASP-R
139100
106
Carl-Walther РР, 10mm
70000
107
«ОСА» ке­ше­ні, «ПБ-4»
44200
108
«ОСА» ке­ше­ні, «ПБ-4М»
46500
109
EKOL FIRAT MAGNUM
52000
110
ПДТ-9Т «ЕСА­УЛ»
124950

1.4 Қарудың техникалық жай-күйін айқындау, тапсырылған қару үшін жеке тұлғаларға төлем белгілеу немесе ақшалай сыйақыны төлеуден бас тарту туралы ҚОРЫТЫНДЫ

Жарақат салатын патрондармен ату
мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын,
газды қаруды сақтауға және алып
жүруге ішкі істер органдарының
тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың
қаруды ерікті түрде өтеулі негізде
тапсыру қағидаларына
4-қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Ішкі істер органының бастығы
________________________________
201 ____ жылғы « »
Қарудың техникалық жай-күйін айқындау, тапсырылған қару үшін жеке тұлғаларға төлем белгілеу немесе ақшалай сыйақыны төлеуден бас тарту туралы ҚОРЫТЫНДЫ
Төраға: _______________________________________________________
Комиссия мүшелері:_____________________________________________

1 1) ____________________________________________________________

2 2) ____________________________________________________________

3 3) ____________________________________________________________

4 БЕЛГІЛЕДІ:

4) _______________________________________ құрамындағы комиссия
___________________ тұратын жеке тұлға ______________________________
(үйінің мекенжайы)                                 (Т.А.Ә.)
Қаруды ______________________________________________________________
(атауы, маркасы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы)
________________________________________ ерікті түрде тапсыруы туралы
материалдарды қарап, олардың техникалық жай-күйін тексеріп, мыналарды
БЕЛГІЛЕДІ:
Азамат тапсырған ____________________________________________________
(Т.А.Ә.)
____________________________________________________ қаруға Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «___» _____ № ____ қаулысының күші
қолданылады, ол ____ санатқа жатады, оны тапсырғаны үшін қаруға
_______________________ мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажет.
Мынадай себептер бойынша
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тапсырылған қаруға __________________________________________________
(атауы, маркасы, калибрі, нөмірі, шығарылған жылы)
_____________________________________________________________________
жоғарыда көрсетілген қаулының күші қолданылмайды
Төлеуге жататын жиыны: ______________________________________________
(сомасы жазумен)
Комиссия төрағасы ___________________________________________________
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
201___ жылғы «___» ______________
Ескертпе: Қорытындының бірінші данасы ішкі істер
департаменттерінің қаржылық қамтамасыз ету қызметіне жіберіледі,
екінші данасы комиссияның хатшысында сақталатын іске тігіледі.

Қолданыстағы