Об установлении карантина на территории участка Каменный карьер Новоузенского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантина на территории участка Каменный карьер Новоузенского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Новоузенка ауылдық округінің Каменный карьер учаскесі аумағында карантин белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40/02
- Қабылданған күні
- 22.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2014 AI84059_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KK002808
- ЭКБ идентификаторы
- 84059
- Редакция идентификаторы
- AI84059_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:14
0 Новоузенка ауылдық округінің Каменный карьер учаскесі аумағында карантин белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1.
Новоузенка ауылдық округінің Каменный карьер учаскесі аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2 2.
"Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін.
3 3.
"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ербол Омарбаевич Садировке (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4 4.
Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5.
Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің
Бұқар жырау аудандық аумақтық
инспекциясы" басшысы
Е. Садиров
2014 жылдың 22 қазан