Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 520 · қабылданған 30.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84067/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 520 ·30.10.2014
06.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 520 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесу үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
520
Қабылданған күні
30.10.2014
Көрсетілген редакция
06.03.2015 84067_68166.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SH002974
ЭКБ идентификаторы
84067
Редакция идентификаторы
84067_68166
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:08

0 Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесу үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 4, 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 1 қосымшаға сәйкес Қызылжар аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік басылым материалдарды орналастыру орны анықталсын.

2 2. 2 қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесу үшін үй-жай шарт негізінде берілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 4 қарашадан туындайтын қатынасқа таралады.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қызылжар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Н. Сұлтанғазин
2014 жылғы 30 қазан

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 520 қаулысына 1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік басылым материалдарды орналастыру орны
р/с

Ауылдық округ атауы
Сайлау алдындағы насихаттың үгіттік басылым материалдарын орналастыру үшін конструкцияның орны және мекенжайы
1
Бескөл ауылы
Бескөл орта мектеп-гимназиясы ғимараты маңындағы орталық алаң аумағындағы ақпараттық стенд

6 Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 520 қаулысына 2 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданның аумағында ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесу үшін шарт негізінде берілген үй-жай
р/с

Ауылдық округтің, елді мекеннің атауы
Таңдауышыларымен кездесу
үшін үй-жай
1.
Бескөл ауылы
Бескөл «Парасат» мектеп-лицейі

Қолданыстағы