Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 201 · қабылданған 24.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84078/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 201 ·24.10.2014
06.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 201 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
201
Қабылданған күні
24.10.2014
Көрсетілген редакция
06.01.2016 84078_57787.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14TD003031
ЭКБ идентификаторы
84078
Редакция идентификаторы
84078_57787
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:13

0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Исатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қазандағы № 215-V "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

2

2. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 137 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2771 тіркелген, "Нарын таңы" газетінің 2013 жылғы 22 тамыздағы санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс XXV сессиясының төрағасы                     С.Меңдіғазиев
2014 жылғы 23 қазан
Аудандық мәслихат хатшысы                        Ж.Қадимов

5 2014 жылғы 23 қазан

Исатай ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 201 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары

мемлекеттiк мекеме басшысы;
күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер;
әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары

мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынның басшысы;
кабинет меңгерушісі;
кітапхана, интернат меңгерушісі;
мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер және дәрігерлер, психолог, нұсқаушы, зертханашы, медициналық бике, емдәм бикесі, хореограф, тәрбиеші, кітапханашы, үйірме жетекшісі, шебер, жетекші, музыкалық жетекші, әдістемеші, бағдарламашы.

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары

мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы;
кітапхана, клуб меңгерушісі;
мамандар (бас, аға): аккомпаниатор, кітапханашы, редактор, режиссер, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, барлық атаудағы суретшілер, хореограф, музыкалық жетекші, режиссердің ассистенті.

Қолданыстағы