О введении особого режима потребления природного газа и электрической энергии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О введении особого режима потребления природного газа и электрической энергии
- Атауы (қаз.)
- Табиғи газ және электр қуатын тұтынуға ерекше тәртіп енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 20.03.1998
- Көрсетілген редакция
- 20.03.1998 841_294485.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V98C000038_
- ЭКБ идентификаторы
- 841
- Редакция идентификаторы
- 841_294485
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:47
0 Табиғи газ және электр қуатын тұтынуға ерекше тәртіп енгізу туралы
1997-1998 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде облысты электр қуатымен тұрақты жабдықтау үшін Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімшіліктері, энергия қуатымен жабдықтаушы ұйымдар тарапынан пайдаланған энергия ресурстары үшін уақытында есептесуді қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалану жөнінде тиісті шаралар алынды.
Сырттан алынатын газ және энергия қуатына есептесу келісім шартын орындау үшін облыс Әкімінің және шаруашылық субъектілерінің мүліктерінің кепілдігі негізінде облыс банктерінің несие ресурстары тартылды, несиені қайтару және ағымдық тұтынған энергия ресурстарына төлем төлеу үшін директивті шоғырландыру жинақтау шоты ашылды.
Осының негізінде облыс әкімшілігі облысты энергиямен жабдықтаудың тағыда барлық шараларын алуды жүзеге асырды.
Осының барлығы қыс кезеңінде облыс орталығын, елді мекендерді жылумен тұрақты жабдықтауға және тұтынушыларға төленген төлем мөлшерінде электр энергиясын тұрақты түрде беруді жүзеге асыруға мүмкіндік жасады.
Дегенмен, сұранымды қатайтуға, газ бен электр қуатын үзіліссіз беріп отыру шарттарын кеңінен түсіндіру жөніндегі жүргізілген жұмысқа қарамастан, облыстық тұтынушылар тарапынан оларды тұтынғаны үшін уақытында төлем төлеу жөнінде теңбе-тең шаралар алынуы қамтамасыз етілмеді. Энергия ресурстарын ұрлау, заңсыз және тиімсіз пайдалану фактілерінің орын алуы жалғаса түсті. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың "Ақтөбеэнерго" АҚ /М. А. Серікбаев/, "Ақтөбеоблгаз" ГШАҚ /С. Ш. Мұқашев/," Ақтөбе ЖЭО " АҚ /Г. Т. Мартынов/ "Жылуэнергия" АҚ /С. К. Нокин/ тарапынан өткізілген энергия ресурстары үшін тиісті қаражатты толығынан төлеттіріп алуды қамтамасыз
ету жөнінде қажетті шаралар алынбады.
Осының нәтижесінде келісім шарттың басталған мерзімінен бастап облыс тұтынушыларының пайдаланған табиғи газ үшін бережағы үстіміздегі жылдың наурызына 633 млн. тенге құралды, нәтижесінде "Ақтөбеэнерго" АҚ-ның Ресейдің РАО ЕЭС алдындағы берешегі жыл басынан бері 143,2 млн. теңгеге өскен. Жылыту кезеңі мезгілінде облыс бойынша жылу үшін берешек 104,9 млн. теңгеге өсті.
Энергия ресурстар өнімдерін берушілермен есептесудегі мұндай
жағдай алдағы 1998-1999 жылдардағы қысқы-күзгі кезеңдерінде облысты
энергиямен үзіліссіз жабдықтау мүмкіндігін қауіп туғызады.
Осыған байланысты және бұдан әрі тұтынған энергия ресурстары үшін берешектің өсуіне жол бермеу, есептесу үшін қаражатты жұмылдыру және алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында облыс
Әкімі ШЕШТI:
1. Үстіміздегі жылдың наурызының 25-нен бастап газ, жылу және электр қуатын тұтынуға ерекше тәртіп енгізілсін.
2. Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдері, энергиямен
жабдықтаушы кәсіпорындар "Ақтөбе ЖЭО" АҚ /Г. Т. Мартынов/, "Жылуэнергия" АҚ /С. К. Нокин/:
Үстіміздегі жылдың наурызының 25-нен бастап тұтынушыларға жылу беруді шектесін, үстіміздегі жылдың сәуір айының 10-нан бастап жылумен қамтамасыз етуді толық тоқтатсын;
- сыртқы ауарайының тәуелділігіне сәйкес емдеу, мектепке дейінгі балалар және осыларға теңелген мекемелерді жылумен жабдықтауды сақтасын.
3. "Ақтөбеоблгаз" ГШАК /С. Ш. Мұқашев/:
- Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарын жылумен жабдықтауды шектеу себепті жылу көздеріне, сондай-ақ жылыту мақсаттарында табиғи газ пайдаланушыларға, басқа да тұтынушыларға газ беруді шектесін;
- үстіміздегі жылдың наурыз айының 25-нен бастап газға төлем төлемеген тұтынушыларды газ беру жүйесінен толық бөліп тастасын.
4. "Ақтөбеэнерго" АҚ /М. А. Серікбаев/:
- үстіміздегі жылғы наурыздың 25-нен бастап Ақтөбе қаласы, облыс аудандары бойынша энергия қуатын беруге шек қоюды енгізсін және төлемге қабілетсіз тұтынушыларды электр қуатын беруден толық айыруды қамтамасыз етсін.
5. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың басшылары одан әрі шектеу мүмкіндігін ескере отырып, энергия ресурстарын жіберуге тәуелдік есеп ұйымдастырсын, энергия ресурстарын заңсыз пайдалану, ұрлау мүмкіндіктеріне жол бермеудің шарасын алсын.
6. Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдерінің энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындарының тікелей жауапкершілігіне:
- энергия ресурстарын ағымдық тұтыну үшін тұтынушылармен сөзсіз есептесуді қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар алу;
- міндеттерге сәйкес энергия ресурстары үшін қазан айының 1-не дейін қалыптасқан тұтынушылардың берешегін жабу жөнінде ұйымдастыру шараларын әзірлеп, кестесін қосымшаға сәйкес бекіту.
- энергия ресурстарын шектеу мүмкіндігін ескере отырып төлемге қабілетті тұтынушыларды және өмірлік маңызды объектілердің қызметін үзіліссіз атқаруды қамтамасыз ету;
- көктемгі далалық жұмыстарын қолайлы агротехникалық мерзімде өткізу үшін электр қуатына алдын-ала төлемді қамтамасыз ету;
- облыстың тұтынушылары мен халықтың арасында энергия ресурстарымен үзіліссіз жабдықтау төлем төлеу деңгейіне және берешектерді өтеуге тәуелді екендігі жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын;
- энергиямен жабдықтайтын кәсіпорындарына бюджеттік ұйымдардың берешектеріне олардың бюджетке аударатын салықтық берешегін өтеу үшін шаруагерлік субъектілердің қарыздарын сатып алу арқылы өтеу практикасын одан әрі жалғастыру;
- Ақтөбе қаласында, аудандардың орталықтарында, әрі селолық округте тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру, оларға тұтынатын энергия ресурстары үшін уақытында және толық есептесуін тексеру, заңсыз пайдалану, ұрлау фактілеріне жол бермеу жөнінде әр үй шаруашылығын аралау міндеттерін жүктеу - тапсырылады.
7. Облыстың қаржы басқармасы /Б. Е. Жантеміров/, Ақтөбе қаласы
мен аудандардың әкімдері:
- көзделген қаржы көлеміне және ағымдық тұтынғаны үшін төлем төлеу мүмкіндіктеріне сәйкес пайдалануды шектеу және жекелеген бюджеттік мекемелерді жүйеден бөліп тастау жөнінде шаралар алынсын;
- энергиямен жабдықтау ұйымдарының алдындағы жеңілдік беру көзделген азаматтарға жұмсалатын шығындарды өтеу қамтамасыз етілсін.
8. Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдері орталықтандырылған жылу, газ энергиямен жабдақтауда шектеген кезеңде жергілікті энергия көздерінде дайындап, қатыстырсын.
9. "Ақтөбеэнерго" АҚ /М. А. Серікбаев/ экономика басқармасы, баға және монополияға қарсы аймақтық комитеті /И. Ғабдолла/, Ақтөбе қаласы, аудандардың, селолық округтердің әкімдерімен бірлесе отырып 1998 жылғы шілде айының 1-не дейін мәселелерді әзірлеп, аймақтар бойынша энергия қуатын көтерме сауда арқылы сатып алу және сату жүйесін ұйымдастырсын, сондай-ақ, әр елді мекендегі халықтың электр қуатын пайдалануының жинақты есебін ұйымдастырсын, алдағы кезеңде жеке төлемдерді жіберілген электр қуатының төленбеген бөлігінің айырмашылығын реттеп отырсын.
10. "Ақтөбе ЖЭО" АҚ /Г. Т. Мартынов/, "Жылуэнергия" АҚ /С. К. Нокин/, "Ақтөбеоблгаз" ГШАҚ /М. А. Мұқашев/, "Ақтөбеэнерго" АҚ /К. А. Серікбаев/ энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды үстіміздегі жылғы мамыр айының 1-нен бастап халықтың коммуналды қызмет үшін төлемді уақытында төлеуіне ынталандыру мақсатында алдын-ала төлеуді қамтамасыз еткені үшін тарифтен жеңілдік беру және төлемнің мезгілін кешіктіргені үшін тиісінше тарифті өсіру практикасын енгізсін.
11. Облыстық экономика басқармасы /Қ. Т. Райымқұлов/ тұтынушылардың барлық категориясы бойынша берешектерді өтеу кестесінің орындалуын, энергия ресурстарымен сырттан жабдықтау, жөніндегі берешектерді өтеу үшін жинақтау шоты арқылы түсетін қаржының түсуіне және бөлінуіне бақылау орнатсын, жинақтау шотынан қаржылардың бөлінуіне өзгерістер енгізу туралы оперативті ұсыныстар беріп отырсын.