Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил разработки, реализации, проведения мониторинга и контроля за реализацией операционного плана

Бұйрық · № 16 · қабылданған 10.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84170/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил разработки, реализации, проведения мониторинга и контроля за реализацией операционного плана Күшін жойған Бұйрық ·№ 16 ·10.09.2014
03.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил разработки, реализации, проведения мониторинга и контроля за реализацией операционного плана

Күшін жойған Бұйрық ·№ 16 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил разработки, реализации, проведения мониторинга и контроля за реализацией операционного плана
Атауы (қаз.)
Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16
Қабылданған күні
10.09.2014
Көрсетілген редакция
03.02.2020 84170_444004.kaz
Соңғы өзгеріс
03.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009787
ЭКБ идентификаторы
84170
Редакция идентификаторы
84170_444004
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:38

0 Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының 151-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

2 2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті

(Ж.Н. Шаймарданов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

5 Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ұлт­тық эко­но­ми­ка ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 10 қыр­күй­ек­те­гі
№ 16 бұй­ры­ғы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік органның операциялық жоспарын әзірлеуді, іске асыруды, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – операциялық жоспар).

2 2. Операциялық жоспарды әзірлеу тәртібі

2

2. Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны бірінші басшы не жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлға мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді және мемлекеттік органның веб-сайтына орналастырылады.

3 3. Операциялық жоспар мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының ұсыныстары негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

Операциялық жоспар мынадай мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылына арналған стратегиялық жоспарында көзделген мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін және қажетті іс-шараларды және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өзге де міндеттерді қамтуға қажетті шаралардан тұрады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін қоса алғанда, өз қызметінің барлық саласын қамтиды.

4 4. Мемлекеттік органның операциялық жоспарының құрылымы мынадай:

1 1) мемлекеттік органның іс-шаралары;

2 2) тәуекелдерді басқару бөлімдерінен тұрады.

5 5. Операциялық жоспарға мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, сондай-ақ операциялық жоспарды мониторингілеу қорытындысы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

3 3. Операциялық жоспарды іске асыру және мониторинг жүргізу тәртібі

6 6. Операциялық жоспарды іске асыру операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жолымен жүзеге асырылады.

7 7. Мемлекеттік органның операциялық жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу мен талдаудың үздіксіз процесі мониторинг болып табылады.

8 8. Операциялық жоспарды мониторингілеу мақсаты мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына тиісінше және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін оның іске асырылу барысын жақсарту болып табылады.

9 9. Операциялық жоспардың мониторингі:

1 1) операциялық жоспарды іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алудың тұрақтылығын;

2 2) операциялық жоспарды іске асыруда құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың іс-қимылдарының үйлесімділігін;

3 3) өзгеріп отыратын жағдайларды ескере отырып, операциялық жоспардың уақтылы өзектілендірілуін қамтамасыз етеді.

10 10. Операциялық жоспар мониторингін ай сайын мемлекеттік органның мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.

11 11. Операциялық жоспарға мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге операциялық жоспарды орындау туралы ақпарат ұсынады.

12 12. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынатын ақпарат мақсаттар мен нысаналы индикторлары бөлінісінде жоспарланған іс-шаралардың орындалғаны және орындалмағаны (орындалмау себептерін көрсете отырып) туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

13 13. Операциялық жоспарды орындау туралы ақпарат тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін беріледі.

14 14. Құрылымдық бөлімшенің немесе ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы ұсынылатын ақпараттың шынайылығын, толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз етеді.

РҚАО-ның ескертпесі!

15 15-тармақ 01.02.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.11.2015 № 708 бұйрығымен.

15 15. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынатын ақпарат негізінде мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп дайындалады.

16

16. Операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп операциялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты, лауазымды тұлғалар жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауы бойынша ұсынымдарды және операциялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды қамтиды.
РҚАО-ның ескертпесі!

17 17-тармақ 01.02.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.11.2015 № 708 бұйрығымен.

17 17. Операциялық жоспарды іске асыру туралы есеп осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін беріледі.

18 18. Мониторингтің нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген лауазымды тұлға:

мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында жоспарланған іс-шаралардың іске асырылу тиімділігін арттыруға (өзге де іс-шараларды айқындау);
анықталған проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылдауға бағытталған шешімдер шығарады.

19 19. Мемлекеттік органның мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшесі мен ведомстволық бағынысты ұйымы операциялық жоспар мониторингісі нәтижелерінің уақтылығын және толықтығын қамтамасыз етеді.

4 4. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылау тәртібі

20 20. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылау мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу мақсатында бұзушылықтарды анықтау, жою және жол бермеу үшін іс-шараларды талдау арқылы операциялық жоспардың мониторингі негізінде жүзеге асырылады.

21 21. Операциялық жоспардың іске асырылуын бақылауды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген лауазымды тұлға және ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.

38 _____жылға арналған операциялық жоспары 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары

Опе­ра­ци­я­лық жос­пар­ды әзір­леу, іс­ке
асы­ру, мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу және
іс­ке асы­ры­луын ба­қы­лау
қа­ғи­да­ла­ры­на
1-қо­сым­ша
Нысан
Бекітемін
_____________________________
(мемлекеттік органның жауапты
хатшысының (басшысының)
қолы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса - Т.А.Ә))
М.О. 20___ жылғы "__" ___________
_______________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_____жылға арналған операциялық жоспары 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары
р/с

Ата­уы
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ко­ды
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Орын­да­лу мер­зі­мі
Аяқ­та­лу ны­са­ны
1
2
3
4
5
6
І. Стра­те­ги­я­лық жос­пар­дың мақ­сат­та­ры мен ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ла­ры­на қол жет­кі­зу бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
1-стра­те­ги­я­лық ба­ғыт
1.1-мақ­сат
1-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
2-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
Іс-ша­ра­лар
2-стра­те­ги­я­лық ба­ғыт
Іс-ша­ра­лар
2.1-мақ­сат
1-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
2-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
Іс-ша­ра­лар
ІІ. Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ере­же­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де мін­дет­тер­ді ше­шу­ге ар­нал­ған іс-ша­ра­лар
2-бөлім. Тәуекелдерді басқару
№ р/с
Мақ­сат­қа қол жет­кізу­ге ық­пал ете­тін ық­ти­мал тәу­е­кел­дер­дің ата­уы
Тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар
Іс­ке асы­ры­лу мер­зі­мі
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
1
2
4
5
6
1-мақ­сат
Операциялық жоспарды әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы______________(қолы) (Т.А.Ә) (бар болса)

39 _______жыл бойынша операциялық жоспарды іске асыру туралы есебі (есептік кезең) 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары

Опе­ра­ци­я­лық жос­пар­ды әзір­леу, іс­ке
асы­ру, мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу және
іс­ке асы­ры­луын ба­қы­лау
қа­ғи­да­ла­ры­на
2-қо­сым­ша
Нысан
_______________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_______жыл бойынша операциялық жоспарды іске асыру туралы есебі (есептік кезең) 1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары
№ р/с
Ата­уы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Орын­да­лу мер­зі­мі
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Іс-ша­ра­лар­дың нақ­ты орын­да­луы
Орын­дал­мау се­беп­те­рі
Ұсы­ным­дар, оның ішін­де опе­ра­ци­я­лық жос­пар­ға өзге­рі­стер ен­гі­зу жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар
1
2
3
4
5
6
7
8
І. Стра­те­ги­я­лық жос­пар­дың мақ­сат­та­ры мен ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ла­ры­на қол жет­кі­зу бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
1-стра­те­ги­я­лық ба­ғыт
1.1-мақ­сат
1-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
2-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
Іс-ша­ра­лар
2-стра­те­ги­я­лық ба­ғыт
2.1-мақ­сат
1-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
2-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
Іс-ша­ра­лар
ІІ. Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ере­же­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де мін­дет­тер­ді ше­шу­ге ар­нал­ған іс-ша­ра­лар
2-бөлім. Тәуекелдерді басқару
№ р/с
Мақ­сат­қа қол жет­кізу­ге ық­пал ете­тін ық­ти­мал тәу­е­кел­дер­дің ата­уы
Тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Тәу­е­кел­дер­ді нақ­ты бас­қа­ру
Орын­дал­мау се­беп­те­рі
1
2
3
4
5
6
7
1-мақ­сат
Операциялық жоспардың іске асырылуы
туралы есепті қалыптастыруға жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы ________________ (қолы)

Қолданыстағы