Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам
Күшін жойған
Қаулы
·№ 844
·
24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 844
- Қабылданған күні
- 16.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2015 AI84177_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14ZG003679
- ЭКБ идентификаторы
- 84177
- Редакция идентификаторы
- AI84177_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:18
0 Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық
кодексіне
, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару
кодексіне
, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Заңына
сәйкес аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін: елді мекендердің аумағын жинау және абаттандыру.
2 2. Ауылдық округтер әкімдері «Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» мемлекеттік мекемесінің (келісімі бойынша) келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін сотқа тоқсан сайын ұсынсын.
3 3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М. Залмуканов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Досжановқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Батыс Қазақстан облысы бойынша
қылмыстық-атқару жүйесі
департаментінің бастығы
әділет подполковнигі
_______________ Б. Т. Туремуратов
23.10.2014 ж.