Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Атырауского областного маслихата

Өзге акт · № 324-V · қабылданған 10.10.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84196/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Атырауского областного маслихата Қолданыста Өзге акт ·№ 324-V ·10.10.2014
10.10.2014 редакциясы
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Атырауского областного маслихата

Қолданыста Өзге акт ·№ 324-V · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Атырауского областного маслихата
Атауы (қаз.)
Атырау облысы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
324-V
Қабылданған күні
10.10.2014
Көрсетілген редакция
10.10.2014 84196_135916.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14T0003038
ЭКБ идентификаторы
84196
Редакция идентификаторы
84196_135916
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:21

0 Атырау облысы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес V шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс ХХVI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.

Атырау облысы мәслихатының кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 160-ІІ "Құрманғазы ауданының Көптоғай селолық округын құру туралы" шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 709 тіркелген), 2001 жылы 25 желтоқсан күні "Атырау" газетінде жарияланған):

мемлекеттік тілдегі атауындағы және мәтінде "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;

2) Атырау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 203-ІІ "Исатай ауданында Нарын, Жанбай селолық округтерін құру және Исатай, Забурын, Аққыстау, Тұщықұдық селолық округтерінің әкімшілік-аумақтық шекараларын өзгерту туралы" шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 986 тіркелген, 2002 жылы 14 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі атауындағы және 1, 2-тармақтарындағы "селолық" деген сөздер "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т.Б. Мұхатановқа жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы