Құжат мәтініне өту

Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства и ветеринарии Бокейординского района"

Қаулы · № 190 · қабылданған 31.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84215/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства и ветеринарии Бокейординского района" Күшін жойған Қаулы ·№ 190 ·31.10.2014
26.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства и ветеринарии Бокейординского района"

Күшін жойған Қаулы ·№ 190 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел сельского хозяйства и ветеринарии Бокейординского района"
Атауы (қаз.)
"Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
190
Қабылданған күні
31.10.2014
Көрсетілген редакция
26.02.2015 84215_96304.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14ZD003680
ЭКБ идентификаторы
84215
Редакция идентификаторы
84215_96304
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:07

0 "Бөкей ордасы ауданының ауыл

шаруашылығы және ветеринария
бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы
ереженi бекiту туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже бекiтiлсiн.

2 2. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды алсын.

3 3. «Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi осы қаулының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р. М. Зұлқашевқа жүктелсiн.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

6 2014 жылғы 31 қазандағы № 190

Бөкей ордасы ауданы
әкiмдiгiнiң қаулысымен
бекiтiлген
«Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2

2. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы ережеге (бұдан әрi – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

3

3. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4 4. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5 5. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6

6. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және заңнамада көзделген басқа да актiлерiмен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7 7. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8 8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 090200, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т. Жароков көшесi, 31.

9 9. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.

10 10. Осы Ереже «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11 11. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12

12. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2 2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13 13. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады.

14 14. Мiндеттерi:

1 1) ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында Бөкей ордасы ауданының жергiлiктi атқарушы билiк органының қызметiн сапалы және мерзiмдi ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;

2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге мiндеттердi жүзеге асыру.

15 15. Функциялары:

1 1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн осы саладағы заңнамаға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

2 2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

3 3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiн жүргiзу;

4 4) елдi мекендерде ауыл шаруашылығы малдарын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;

5 5) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзудi, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтiп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;

6 6) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзедi және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына беру;

7 7) тиiстi өңiрде азық-түлiк тауарлары қорларын есепке алуды жүргiзу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына есептiлiк ұсыну;

8 8) «Агроөнеркәсiп кешенiндегi үздiк кәсiп иесi» конкурсын өткiзу;

9 9) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшiн жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

10 10) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастыру;

11 11) ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптарға сәйкес мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтiп-ұстауды қамтамасыз ету;

12 12) мүдделi тұлғаларға өткiзiлiп жатқан ветеринариялық iс-шаралар туралы ақпарат берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

13 13) ветеринария мәселелерi бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;

14

14) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастыру;

15 15) жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

16 16) жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтеу;

17 17) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантиндi немесе шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы жұмыстарды ұйымдастыру;

18 18) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы жұмыстарды ұйымдастыру;

19 19) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;

20 20) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

21 21) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;

22 22) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмiрлерiне қажеттiлiктi айқындау және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) ақпарат беру;

23 23) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) ұсыну;

24 24) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық iс-шаралар жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

25 25) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

26 26) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;

27 27) облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар туралы ұсыныстар енгiзу;

28 28) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

29

29) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

30

30) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

31

31) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзудi жүзеге асыру;

32

32) тракторларды және олардың базасында дайындалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер берудi жүзеге асыру;

33 33) заңнамада белгiленген тәртiппен жұмысшы орган ретiнде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады.

16 16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;

2 2) заңнамаларда белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге;

3 3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауапты болуға;

4 4) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

5 5) мемлекеттiк органдардың иелiгiндегi ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;

6 6) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдармен және мемлекеттiк емес мекемелермен және ұйымдармен «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтiк хат алмасуға;

7 7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актiлерiнiң, Үкiмет қаулыларының, әкiмдiк қаулыларының, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын тексеруге, анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде шаралар алуға;

8 8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады.

3 3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17

17. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

18 18. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19 19. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген құрылым мен штат санының лимитi шегiнде қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкiн.

20 20. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1 1) мемлекеттiк мекеменiң жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттiк мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап бередi;

2 2) заңнамаға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3 3) заңнамада белгiленген тәртiппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жазалар қолдану мәселелерiн шешедi;

4 4) мемлекеттiк мекеменiң актiлерiне қол қояды;

5 5) мемлекеттiк мекеменi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және меншiк нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда бiлдiредi;

6 6) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершiлiк артады;

7

7) бөлiмге жүктелген мiндеттердiң, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң, Үкiмет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi өкiмдерiнiң, облыс, аудан әкiмi мен әкiмдiгi актiлерiнiң, аудан әкiмi орынбасарлары тапсырмаларының, аудандық мәслихаттың өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң жедел және нақты орындалуына дербес жауап бередi;

8 8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

«Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21 21. Бiрiншi басшы өз қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

22 22. Осы Ережеден туындайтын мәселелердi әзiрлеудiң және қараудың тәртiбiн мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы реттеп отырады.

4 4. Мемлекеттiк органның мүлкi

23 23. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

24 24. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

25

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5 5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

26 26. «Бөкей ордасы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы