Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 479 · қабылданған 03.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84232/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 479 ·03.10.2014
25.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 479 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
479
Қабылданған күні
03.10.2014
Көрсетілген редакция
25.01.2016 84232_44871.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SC002982
ЭКБ идентификаторы
84232
Редакция идентификаторы
84232_44871
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:24

0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

2

2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің «Ауданның бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау туралы» 2008 жылғы 04 мамырдағы № 109 (Нормативтік құқықтық актілердін мемлекеттік тізілімінде 2008 жылы 08 мамырдағы № 13-3-63 бойынша тіркелді, 2008 жылғы 23 мамырда «Айыртау таңы» аудандық газетте, 2008 жылғы 23 мамырда «Айыртауские зори» аудандық газетте жарияланды).

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
2014 жылғы 03 қазан

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 3 қазандағы № 479
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);

3 3) бөлімшенің басшысы;

4 4) зертхананың басшысы;

5 5) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

6 6) тіс дәрігері;

7 7) психолог;

8 8) медициналық бике;

9 9) медициналық статистик;

10 10) акушер;

11 11) зертханашы;

12 12) фармацевт;

13 13) фельдшер;

14 14) әлеуметтік жұмыс бойынша маман.

2 2. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

2 2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

3 3) кеңесші;

4 4) жұмыспен қамту орталығының маманы.

3 3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);

3 3) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;

4 4) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);

5 5) кітапхана меңгерушісі;

6 6) интернат меңгерушісі;

7 7) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

8 8) әлеуметтік педагог;

9 9) психолог;

10 10) логопед;

11 11) тәрбиеші;

12 12) тәрбиешінің көмекшісі;

13 13) аға жетекші;

14 14) оқытушы;

15 15) музыкалық жетекші;

16 16) нұсқаушы;

17 17) әдістеме кабинетінің жетекшісі,

18 18) әдіскер;

19 19) шебер;

20 20) медициналық бике;

21 21) емдәм бикесі;

22 22) кітапханашы;

23 23) зертханашы;

24 24) хореограф;

4 4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);

3 3) кітапхана меңгерушісі;

4 4) клуб меңгерушісі;

5 5) бөлімшенің меңгерушісі;

6 6) бөлімшенің басшысы;

7 7) аккомпаниатор;

8 8) библиограф;

9 9) дыбыс режиссеры;

10 10) мәдени ұйымдастырушы;

11 11) әдіскер;

12 12) музыкалық жетекші;

13 13) көркем өнерінің жетекшісі;

14 14) аға кітапханашы;

15 15) кітапханашы;

16 16) хореограф;

17 17) суретші.

5 5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);

3 3) нұсқаушы;

4 4) әдіскер;

5 5) жаттықтырушы;

6 6) жаттықтырушы-оқытушы.

6 6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) ветеринар дәрігер;

2 2) ветеринарлық фельдшер.

Қолданыстағы