Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Қаулы · № 102-1644 · қабылданған 03.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84233/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий Күшін жойған Қаулы ·№ 102-1644 ·03.10.2014
09.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Күшін жойған Қаулы ·№ 102-1644 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Атауы (қаз.)
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
102-1644
Қабылданған күні
03.10.2014
Көрсетілген редакция
09.02.2016 84233_141878.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14ABW00850
ЭКБ идентификаторы
84233
Редакция идентификаторы
84233_141878
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:24

0 Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Белгіленсін:

1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі;

2

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға).

2

2. «2014 жылға арналған Астана қаласының көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге тыңайтқыштарды, жанар-жағар май материалдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды субсидиялау нормаларын, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 102-877 (Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 маусымда Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлімiнде № 816 болып тiркелген және 2014 жылғы 1 шілдедегі № 71 (3147) «Вечерняя Астана», 2014 жылғы 1 шілдедегі № 72 (3129) «Астана Ақшамы» газеттерінде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

3

3. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________А. Мамытбеков
2014 жылғы 3 қазан

8 Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі

Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 3 қазандағы
№ 102-1644 қаулысына
1-қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
Р/с №
Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1.
Дәнді дақылдар (бидай, арпа)
2.
Жемшөптік дақылдар (бір жылдық шөп)
3.
Картоп
4.
Өндірістік түріндегі жабық топырақтағы көкөністер (қызанақ, қияр)

9 Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)

Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 3 қазандағы
№ 102-1644 қаулысына
2-қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
р/с №
Ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
Бюджеттік субсидиялардың 1 гектарға арналған нормасы (теңге)
1.
Дәнді дақылдар (бидай, арпа)
400
2.
Жемшөптік дақылдар
2 500
3.
Картоп
16 600
4.
Өндірістік түріндегі жабық топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымы)
1 500 000

Қолданыстағы