Құжат мәтініне өту

О порядке и размерах возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, проживающих в Целиноградском районе

Өзге акт · № 252/36-5 · қабылданған 22.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84297/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О порядке и размерах возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, проживающих в Целиноградском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 252/36-5 ·22.10.2014
26.06.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О порядке и размерах возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, проживающих в Целиноградском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 252/36-5 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О порядке и размерах возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов, проживающих в Целиноградском районе
Атауы (қаз.)
Целиноград ауданында тұратын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерлері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
252/36-5
Қабылданған күні
22.10.2014
Көрсетілген редакция
26.06.2017 84297_209181.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BQ004441
ЭКБ идентификаторы
84297
Редакция идентификаторы
84297_209181
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:14

0 Целиноград ауданында тұратын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерлері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Целиноград ауданында тұратын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерлері анықталсын:

1

1) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өтеу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан және осы балаларға қатысты ата-аналары ата-аналық құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз ұсынылады;

2

2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айынан бастап «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылады. Төлем өткен айға жүргізіледі және шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (18 жасқа толуы, мүгедектер қатарындағы кемтар баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау) сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;

3

3) өтініш беруші «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбе бойынша құжаттарды ұсынады;

4 4) шығындарды өтеу үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын оқу жылының ішінде жүргізіледі.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі
М. Тәткеев
«Целиноград ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А. Мурзагельдиев

Қолданыстағы