О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/202-V
- Қабылданған күні
- 28.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.09.2018 84304_359568.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VJ003548
- ЭКБ идентификаторы
- 84304
- Редакция идентификаторы
- 84304_359568
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:11
0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 34-1-бабына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерінде беріледі.
Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 15 000 (он бес мын) теңге көлемінде ұсынылады.