Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени риска в области защиты и поддержки субъектов частного предпринимательства

Бұйрық · № 47 · қабылданған 08.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84327/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени риска в области защиты и поддержки субъектов частного предпринимательства Күшін жойған Бұйрық ·№ 47 ·08.10.2014
02.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени риска в области защиты и поддержки субъектов частного предпринимательства

Күшін жойған Бұйрық ·№ 47 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени риска в области защиты и поддержки субъектов частного предпринимательства
Атауы (қаз.)
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
47
Қабылданған күні
08.10.2014
Көрсетілген редакция
02.06.2015 AI84327_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009858
ЭКБ идентификаторы
84327
Редакция идентификаторы
AI84327_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:22

0 Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 21) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 8 қазандағы
№ 47 бұйрығымен
бекітілген
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1

1. Осы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелеріне жатқызу және жоспарлы тексерістерді жүргізу үшін іріктеп алу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

тәуекел – тексерілетін субъектінің заңсыз қызметінің нәтижесінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне, мүліктік және заңды мүдделеріне зиян келтірудің ықтималдылығы;
тексерілетін субъектілер – жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, лицензиялауды немесе басқа рұқсат ету құжаттарын беруді, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді, жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар.

3 3. Жоспарлы тексерулерді жүргізу кезеңділігі тәуекел дәрежесіне байланысты:

жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;
орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен;
төмен тәуекел дәрежесі кезінде – бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділікпен айқындалады.

4 4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу Критерийлерді екі кезеңге: бастапқы және кейінгі бөлу негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте, мұндай бөлу тексерілетін субъектілердің:

1 1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

2 2) лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарлама қабылдау;

3 3) мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы мәселелері бойынша бөлек жүзеге асырылады.

5 5. Бастапқы бөлу тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлерінің негізінде жүзеге асырылады.

6 6. Тексерілетін субъектілердің кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктеме дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштері тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері болып табылады.

Әкімшілік жүктеме дәрежесін айқындау үшін тексерілетін субъектілердің көрсеткіштері жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежесі топтары бойынша мынадай тәртіппен бөлінеді:
жоғары тәуекел дәрежесі тобына тексерілетін субъектілердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты шағарылған теріс шешімдері бойынша статистикалық көрсеткіштер жатады;
орташа тәуекел дәрежесі тобына тексерілетін субъектілердің талдамалық көрсеткіштері жатады;
төмен тәуекел дәрежесі тобына тексерілетін субъектілердің есепке алу сипатындағы статистикалық деректері жатады.
Тексерілетін субъектілердің тәуекел топтары бойынша бөлінген кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктеме дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштері осы Критерийлердің 2-қосымшасына сәйкес кестеде көрсетілген.

7 7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бастапқы бөлу мақсатында тәуекел топтары бойынша бөлінген кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктеме дәрежесін сипаттайтын тексерілетін субъектілердің көрсеткіштерін қолдану мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) әрбір көрсеткіш бойынша неғұрлым жоғары мәннен неғұрлым төменгісіне қарай және рейтингтегі позициясына байланысты тексерілетін субъектінің рет санын айқындаумен тексерілетін субъектінің рейтингісі құрылады;

2 2) бір тәуекел тобының көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъектілердің рейтингісі құрылады.

Бір тәуекел тобының ішіндегі көрсеткіштер бойынша осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес рейтинг құрудың нәтижесінде алынған тексерілетін субъектілердің реттік нөмірлерін қосу жүзеге асырылады. Бір тәуекел тобының ішіндегі көрсеткіштер бойынша тексерілетін субъектінің жалпы позициясын айқындау үшін алынған мәндер бойынша неғұрлым жоғары мәннен неғұрлым төменгісіне қарай тексерілетін субъектілердің рейтингісі құрылады;

3 3) осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес рейтинг құрудың нәтижесінде алынған тексерілетін субъектілердің жалпы позицияларына түзету коэффициенттерін қолдану арқылы тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығының коэффициенті айқындалады.

Тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициентін айқындау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

4 4) тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициенттері бойынша неғұрлым жоғары мәннен неғұрлым төменгісіне қарай тексерілетін субъектілердің рейтингісі құрылады;

5 5) тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициенттері негізінде тексерілетін субъектілерді жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жүзеге асырылады.

8 8. Тексерілетін субъектілерді жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежелері бойынша бөлу мынандай тәртіппен жүзеге асырылады:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесі тобына тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициентінің неғұрлым жоғары мәнін иеленген бірінші бес тексерілетін субъектілер жатады;

2 2) орташа тәуекел дәрежесі тобына жоғары тәуекел дәрежесі тобына жатқызылған тексерілетін субъектілерден аз тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициентінің мәні бар екінші бес тексерілетін субъекті жатады;

3 3) төмен тәуекел дәрежесі тобына жоғары немесе орташа тәуекел дәрежесі топтарына жатқызылмаған тексерілетін субъектілер жатады.

9

9. Тексерілетін субъектінің аумақтық бөлімшелері болған жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың жоғары ықтималдығы бар аумақтық бөлімшелерді айқындау мақсатында тәуекел дәрежесін бағалау жүйесінің іс-шаралары әрбір тексерілетін субъектінің аумақтық бөлімшелеріне қатысты қолданылады.
Мұндай жағдайда, жоспарлы тексеруге тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициентінің неғұрлым жоғары мәні бар тексерілетін субъектілердің аумақтық бөлімшелері тартылады.

10 10. Тексерілетін субъектілерді жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежесі топтары бойынша кейінгі бөлу субъективті тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері негізінде және жоспарлы тексерулердің нәтижелері бойынша ғана жүзеге асырылады.

Cубъективті тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері тексерілетін субъектілер жіберген заңнамада белгіленген талаптарды бұзушылықтарға байланысты айқындалады.
Субъективті критерийлер осы Критерийлердің қосымшасында көрсетілген өрескел, елеулі және елеусіз бұзушылықтардан тұрады.

11 11. Әрбір жасалған бұзушылық үшін тексерілетін субъектіге балл беріледі, атап айтқанда:

1 1) бір өрескел бұзушылық үшін – он балл;

2 2) бір елеулі бұзушылық үшін – бес балл;

3 3) бір елеусіз бұзушылық үшін – үш балл.

12 12. Жоспарлы тексеру қортындысы бойынша тексерілетін субъект осы Критерийлерге қосымшада көрсетілген бұзушылықтарды жіберген жағдайда, тексерілетін субъектінің жинаған балдарының жалпы санын айқындау үшін жиналған балдар саны жиынтықталады.

13 13. Жиналған балдардың нәтижесі бойынша:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесі тобына 150 және одан көп балл жинаған тексерілетін субъектілер жатады;

2 2) орташа тәуекел дәрежесі тобына 80-нен 150 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер жатады;

3 3) төмен тәуекел дәрежесі тобына қоса алғанда 80 балға дейін жинаған тексерілетін субъектілер жатады.

14 14. Комитеттің тексеру жоспарын қалыптастыру тексерілетін субъектілердің:

1 1) жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

2 2) лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарлама қабылдау;

3 3) мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтауы мәселелері бойынша бөлек жүзеге асырылады.

15 15. Осы Критерийлердің 12-тармағында көрсетілген мәселелер бөйынша әрбір тексеру жоспары объективті немесе субъективті тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес жоғары, орташа және төмен тәуекел дәрежесі топтарына жатқызылған тексерілетін субъектілерден тұруы тиіс.

16 16. Тексерілетін субъектілерді бір тәуекел тобы ішінде тексеру жоспарына қосу:

бастапқы бөлу кезінде тексерілетін субъектінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу ықтималдығы коэффициентінің неғұрлым жоғары мәні бойынша жүзеге асырылады;
кейінгі бөлу кезінде жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша жиналған балдардың ең көп саны бойынша жүзеге асырылады. Балл санын тең жинаған тексерілетін субъектілердің ішінен тексеру жоспарына бірінші кезекте ең көп өресел бұзушылық жасаған тексерілетін субъект қосылады.

44 Тексерілетін субъектілердің тәуекел топтары бойынша бөлінген кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктеме дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
қолдау мен қорғау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне
1-қосымша
Тексерілетін субъектілердің тәуекел топтары бойынша бөлінген кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктеме дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер
Тәу­е­кел то­бы
Мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау
Рұқ­сат бе­ру жүй­е­сі
Мем­ле­кет­тік қол­дау
Жо­ға­ры тәу­е­кел дә­ре­же­сі
Әкім­ші­лік ай­ып­пұл со­ма­сы
Рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту­лар­дың са­ны
Мем­ле­кет­тік қол­да­уды жү­зе­ге асы­ру­дан бас тар­ту­лар­дың са­ны
Әкім­ші­лік жа­за­ла­у­лар са­ны
Ор­та­ша тәу­е­кел дә­ре­же­сі
Жүр­гі­зі­л­ген тек­се­ру­лер­дің са­ны
Та­лап­тар­ға сай бо­лу­ды рас­тай­тын құ­жат­тар­дың са­ны
Та­лап­тар­ға сай бо­лу­ды рас­тай­тын құ­жат­тар­дың са­ны
Рұқ­сат бе­ру­дің ор­та­ша мер­зі­мі
Бағ­дар­ла­ма­ға рұқ­сат бе­ру кри­те­рий­ле­рі­нің са­ны
Тө­мен тәу­е­кел дә­ре­же­сі
Ба­қы­ла­уда­ғы субъ­ек­ті­лер­дің са­ны
Бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар­дың са­ны
Қол­да­уды жү­зе­ге асы­ру­ға ба­ғыт­тал­ған со­ма
Рұқ­сат алу­ға өті­ніш­тер­дің са­ны

45 Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы бұзушылықтар

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
қолдау мен қорғау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне
2-қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қорғау мен қолдау саласындағы бұзушылықтар

Бұ­зу­шы­лық­тар
Бұ­зу­шы­лық тү­рі
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­лер­дің же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­ме­ті са­ла­ла­рын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау мен қа­да­ға­ла­уды жү­зе­ге асы­ру тәр­ті­бін сақ­та­уы са­ла­сын­да
1
Же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рін тәу­е­кел дә­ре­же­ле­рі бой­ын­ша бө­лу сал­дар­дың ауыр­лы­ғы тұр­ғы­сы­нан субъ­ек­ті­нің ма­ңы­зды­лы­ғы, «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» 2011 жы­л­ғы 6 қаң­тар­да­ғы № 377-IV Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Заң)  5-ба­бы­на сәй­кес Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ды бұ­зу­шы­лық­тар­дың са­ла­лық ста­ти­сти­ка­сы, сон­дай-ақ жос­пар­дан тыс тек­се­ру­лер­дің нәти­же­ле­рі ес­ке­ріл­мей, жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
Еле­улі
2
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сін­де көз­дел­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ор­ган­да­ры­ның және кә­сіп­кер­лік жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның бір­лес­кен бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген және мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да жа­ри­я­лан­ған же­ке кәс­iп­кер­лiк са­ла­сын­да­ғы тәу­е­кел дә­ре­же­сін ба­ға­лау кри­те­рий­ле­рі­нің бол­мауы
Еле­у­сіз
3
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ор­га­ны­ның, құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және кә­сіп­кер­лік жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның бір­лес­кен бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген же­ке кә­сіп­кер­лік са­ла­сын­да­ғы тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­лер­ді тек­се­ру мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі мін­дет­ті ве­дом­ство­лық есеп­ті­лік ны­сан­да­ры­ның бол­мауы
Еле­у­сіз
4
Же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рін тек­се­ру­лер­дің са­нын, сон­дай-ақ тек­се­ру па­рақ­та­ры­на сәй­кес анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­ды және олар­ға қол­да­ны­л­ған әкім­ші­лік ық­пал ету ша­ра­ла­рын ве­дом­ство­лық есеп­ке алу­ды тұ­рақ­ты және үз­дік­сіз негіз­де жүр­гіз­беу
Еле­у­сіз
5
Же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рін тек­се­ру жө­нін­де­гі ве­дом­ство­лық есеп­ті­лік­тің жиын­тық де­ректе­рін мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да жа­ри­я­ла­мау
Еле­у­сіз
6
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ор­га­ны­ның және кә­сіп­кер­лік жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның бір­лес­кен бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген және мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да жа­ри­я­лан­ған же­ке кә­сіп­кер­лік са­ла­сын­да­ғы тек­се­ру па­рақ­та­ры ны­сан­да­ры­ның бол­мауы
Еле­у­сіз
7
Нақ­ты же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сіне қа­ты­сты жос­пар­лы тек­се­ру­лер­ді уәкі­лет­ті ор­ган тәу­е­кел­дер­ді ба­ға­лау жүй­е­сіне сәй­кес бе­кіт­кен тек­се­ру­лер жос­па­ры­ның негі­зін­де жүр­гіз­беу және ал­дың­ғы тек­се­ру­лер­ге қа­ты­сты бел­гі­лен­ген уа­қыт ара­лық­та­рын ес­кер­мей жүр­гі­зу
Еле­улі
8
Заң­ның 16-ба­бы­ның 7-тар­ма­ғын­да көз­дел­ме­ген негіз­де­ме­лер бой­ын­ша нақ­ты же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сіне қа­ты­сты жос­пар­дан тыс тек­се­ру­лер жүр­гі­зу
Еле­улі
9
Бұ­зу­шы­лық­тар жа­сал­ған кез­де ті­ке­лей жо­лын ке­су қа­жет болған жағ­дай­лар­да жұ­мыстан тыс уа­қыт­та (түн­гі уа­қыт­та, де­ма­лыс неме­се ме­ре­ке күн­де­рі) жүр­гі­зі­ле­тін жос­пар­дан тыс тек­се­ру­лер­ді қо­с­па­ған­да, жос­пар­лы және жос­пар­дан тыс тек­се­ру­лер­ді іш­кі ең­бек тәр­ті­бі­нің қа­ғи­да­ла­рын­да бел­гі­лен­ген тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің жұ­мыс уа­қы­ты­нан тыс жүр­гі­зу
Еле­у­сіз
10
Мы­на­лар­ға:
1) жа­ры­л­ғыш заттар­дың ай­на­лы­мы мен олар­дың жұ­мыс іс­те­уі­нің бел­гі­лен­ген қа­ғи­да­ла­ры­ның сақ­та­луы­на;
2) аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру мен оның па­трон­да­ры­ның, аза­мат­тық пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар мен олар­ды қол­да­на оты­рып жа­сал­ған бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­мы са­ла­сын­да жұ­мыспен қам­ты­л­ған же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың қыз­ме­тіне;
3) атом энер­ги­я­сы­на, ра­дио­ак­тив­тік заттар­ға;
4) улар­дың, қа­ру-жа­рақ­тың, әс­ке­ри тех­ни­ка­ның және же­ке­ле­ген қа­ру түр­ле­рі­нің, жа­ры­л­ғыш және пи­ро­тех­ни­ка­лық заттар мен олар­ды қол­да­на оты­рып жа­сал­ған бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­мы са­ла­сын­да жұ­мыспен қам­ты­л­ған же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты ба­қы­ла­уды және қа­да­ға­ла­уды қо­с­па­ған­да, ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне қа­ты­сты (қай­та ұй­ым­да­сты­ру тәр­ті­бі­мен құ­ры­л­ған заң­ды тұ­лға­лар­ды және қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған заң­ды тұ­лға­лар­дың құқық­тық ми­рас­қор­ла­рын қо­с­па­ған­да) мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кү­ні­нен ба­стап үш жыл бойы жос­пар­лы тек­се­ру­лер жүр­гі­зу
Өрес­кел
11
Ано­ним­ді өті­ніш­тер бой­ын­ша жос­пар­дан тыс тек­се­ру­лер жүр­гі­зу
Өрес­кел
12
Нақ­ты емес же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне қа­ты­сты анық­тал­ған, жос­пар­дан тыс тек­се­рудi та­ғай­ын­да­у­ға негiз бо­ла ал­май­тын фак­тiлер мен мән-жай­лар бой­ын­ша жос­пар­дан тыс тек­се­ру­лер жүр­гі­зу
Өрес­кел
13
Тек­се­ру­ді тек­се­ру­ді та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­сіз, оның ішін­де он­да Заң­ның 17-ба­бы­ның
2-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген ақ­па­рат­ты көр­сет­пей жүр­гі­зу
Өрес­кел
14
Қыз­мет­кер­лер­дің өмiрi мен ден­са­улы­ғы­на қа­тер төн­ген жағ­дай­да мем­ле­кет­тік ең­бек ин­спек­ци­я­сы­ның ең­бек қа­уiп­сiздi­гi және ең­бек­тi қор­ғау са­ла­сын­да­ғы та­лап­тар­дың сақ­та­луы бой­ын­ша жос­пар­дан тыс тек­се­ру­лер­ді, са­лық қыз­метi ор­ган­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дексiне сәй­кес жү­зе­ге асы­ра­тын қар­сы тек­се­ру­лер­дi қо­с­па­ған­да, тек­се­ру­ді та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­ні тек­се­ру­лер ба­стал­ған­ға дей­ін құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­да, оны же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі ор­на­лас­қан жер бой­ын­ша құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сіне ұсы­ну, оның ішін­де элек­трон­ды фор­мат­та ұсы­ну ар­қы­лы тір­ке­меу
Өрес­кел
15
Тек­се­ру жүр­гі­зу­дің мер­зім­де­рі мен ны­са­на­сын көр­се­те оты­рып, тек­се­ру­дің өзі ба­стал­ған­ға дей­ін ке­мін­де күн­тіз­бе­лік отыз күн бұ­рын жос­пар­лы тек­се­ру жүр­гі­зу­дің ба­ста­ла­ты­ны ту­ра­лы же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сін жа­з­ба­ша түр­де ха­бар­дар ет­пеу
Өрес­кел
16
Заң­ның 16-ба­бы 7-тар­ма­ғы­ның 2), 3), 4), 7) және 8) тар­мақ­ша­ла­рын­да,  10-тар­ма­ғын­дакөз­дел­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, тек­се­ру жүр­гі­зу­дің мер­зім­де­рі мен ны­са­на­сын көр­се­те оты­рып, тек­се­ру­дің өзі ба­стал­ған­ға дей­ін ке­мiн­де бiр тәулiк бұ­рын жос­пар­дан тыс тек­се­ру жүр­гi­зудiң ба­ста­ла­ты­ны ту­ра­лы же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сін жа­з­ба­ша түр­де ха­бар­дар ет­пеу
Өрес­кел
17
Же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі тек­се­ру­ді та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­ні қа­был­да­удан бас тар­тқан неме­се тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ор­га­ны­ның ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның тек­се­ру жүр­гізу­ге қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар­ға қол жет­кі­зу­іне ке­дер­гі кел­тір­ген жағ­дай­да тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ор­га­ны ла­у­а­зым­ды ада­мы және же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі­нің уәкі­лет­ті тұл­ға­сы қол қой­ған хат­та­ма­ны жа­са­мау
Еле­у­сіз
18
Же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сін және құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі ор­ган­ды тек­се­ру жүр­гі­зу­ші ла­у­а­зым­ды адам­дар­дың құ­ра­мын ауы­стыр­ған жағ­дай­да тек­се­ру та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ак­ті­де көр­се­тіл­ме­ген адам­дар­дың тек­се­ру­ге қа­ты­суы ба­стал­ған­ға дей­ін ауы­сты­ру се­бе­бі көр­се­ті­л­ген ха­бар­ла­ма­ның бол­мауы.
Еле­у­сіз
19
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген са­лық­тық тек­се­ру­ді, сон­дай-ақ са­ла­лық ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, тек­се­ру­лер жүр­гі­зу­дің мы­на­дай:
1) са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ба­қы­лау са­ла­сын­да­ғы тек­се­ру­лер – он бес жұ­мыс кү­ніне дей­ін және он бес жұ­мыс кү­ніне дей­ін ұзар­ты­ла­тын;
2) ве­те­ри­на­рия, өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні және олар­ды қор­ғау, тұқым ша­ру­а­шы­лы­ғы, астық және мақ­та на­ры­ғы са­ла­сын­да – бес жұ­мыс кү­ні­нен ас­пай­тын және бес жұ­мыс кү­ніне дей­ін ұзар­ты­ла­тын мер­зім­де­рі бел­гі­лен­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ба­қы­лау, ве­те­ри­на­рия, өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні және олар­ды қор­ғау, тұқым ша­ру­а­шы­лы­ғы, астық және мақ­та на­ры­ғы са­ла­сын­да жүр­гі­зі­ле­тін тек­се­ру­лер­ді жүр­гі­зу ке­зін­де­гі же­ке­ле­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да тек­се­ру­лер­ді отыз жұ­мыс кү­ні­нен асы­рып жүр­гі­зу
Өрес­кел
20
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген са­лық­тық тек­се­ру­ді жүр­гі­зу ке­зін­де­гі же­ке­ле­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, ар­найы зерт­те­улер, сы­нақ­тар, са­рап­та­ма­лар жүр­гі­зу қа­жет болған­да, сон­дай-ақ тек­се­ру кө­ле­мі­нің ауқым­ды бо­луы­на бай­ла­ны­сты ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ор­га­ны­ның бас­шы­сы­ның (не оның ор­нын­да­ғы адам) тек­се­ру жүр­гі­зу­дің мер­зі­мін отыз жұ­мыс кү­ні­нен аса­тын мер­зім­ге бір рет­тен аса ұзар­туы
Өрес­кел
21
Тек­се­ру мер­зім­де­рі ұзар­ты­л­ған жағ­дай­да құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­да тір­кей оты­рып, тек­се­ру­ді ұзар­ту ту­ра­лы тек­се­ру­ді та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ал­дың­ғы ак­ті­нің нө­мі­рі мен тір­кел­ген кү­ні және ұзар­ту­дың се­бе­бі көр­се­ті­л­ген қо­сым­ша ак­ті­ні ре­сім­де­меу
Еле­улі
22
Тек­се­ру жүр­гі­зу­ді жүр­гі­зі­ле­тін тек­се­ріс шең­бе­рін­де шет мем­ле­кет­тер­ден ай­тар­лық­тай ма­ңы­зы бар мә­лі­мет­тер мен құ­жат­тар алу, отыз жұ­мыс кү­ні­нен аса­тын мер­зім­де ар­найы зерт­те­улер, сы­нақ­тар, са­рап­та­ма­лар жүр­гі­зу қа­жет болған жағ­дай­лар­да емес, өзге жағ­дай­лар­да олар­ды ал­ған­ға не орын­да­ған­ға дей­ін тоқ­та­ту­ды жү­зе­ге асы­ру
Еле­улі
23
Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ды ха­бар­дар ете оты­рып, тек­се­ру­ді тоқ­та­та тұр­ған­ға не қай­та ба­с­та­ған­ға дей­ін бір күн бұ­рын же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сін тек­се­ру­ді тоқ­та­та тұ­ру не қай­та ба­стау ту­ра­лы ха­бар­дар ет­пеу
Еле­у­сіз
24
Тек­се­ру­ді тоқ­та­та тұ­ру неме­се қай­та ба­стау ке­зін­де тек­се­ру­ді тоқ­та­та тұ­ру не қай­та ба­стау ту­ра­лы акт шы­ғар­мау
Еле­улі
25
Тек­се­руі тоқ­та­ты­л­ған және Заң­ның 20-ба­бын­да бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­де қай­та ба­стал­ма­ған же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сін қай­та тек­се­ру­ге жол бе­ру
Өрес­кел
26
Өнім­нің үл­гі­ле­рін ірік­теу ак­ті­сі­мен рас­тал­ған өнім­дер­дің үл­гі­ле­рін ірік­те­уді ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ор­га­ны­ның ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі бас­шы­сы­ның неме­се өкі­лі­нің және же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның қа­ты­суы­мен жүр­гіз­беу
Еле­улі
27
Өнім­дер­дің үл­гі­ле­рін ірік­теу ак­ті­сін­де Заң­ның 22-ба­бын­да көз­дел­ген ақ­па­рат­ты көр­сет­пеу
Еле­улі
28
Тек­се­ру жүр­гі­зу ке­зін­де Заң­ның 23-ба­бын­да көз­дел­ген шек­те­улер­ді сақ­та­мау
Өрес­кел
29
Тек­се­ру­дің нәти­же­ле­рі бой­ын­ша тек­се­ру нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ак­ті­ні Заң­ның 24-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген ақ­па­рат­ты көр­се­те оты­рып жа­са­мау
Еле­у­сіз
30
Тек­се­ру ны­са­на­сы­на жат­пай­тын та­лап­тар­ды қою және өті­ніш жа­сау
Өрес­кел
31
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің өзде­рі­нің құ­зы­ре­тіне кір­мей­тін мә­се­ле­лер бой­ын­ша тек­се­ру­лер та­ғай­ын­да­уы
Өрес­кел
32
Ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ор­га­ны­ның ла­у­а­зым­ды адам­да­ры­ның ба­қы­лау және қа­да­ға­лау жүр­гі­зу кезiн­де Заң­ның 26-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген мiн­дет­тер­ді сақ­та­мауы
Өрес­кел
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­лер­дің ли­цен­зи­я­лау неме­се өзге рұқ­сат құ­жат­та­рын бе­ру, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті неме­се өзге іс-әре­кет­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ға ха­бар­ла­ма қа­был­дау тәр­ті­бін сақ­та­уы са­ла­сын­да
33
Же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нен «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да (бұ­дан әрі – Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң) көз­дел­ме­ген рұқ­сат­тар­дың неме­се ха­бар­ла­ма­лар­дың бо­луын та­лап ету
Өрес­кел
34
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­лер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де ті­ке­лей көз­дел­ме­ген құ­жат­тар­ды бе­ру­ді та­лап етуі
Өрес­кел
35
Мем­ле­кет­тік құ­пи­я­лар­ды және за­ң­мен қор­ға­ла­тын өзге де құ­пи­я­ны құ­рай­тын ақ­па­рат­ты қо­с­па­ған­да, бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар, жі­бе­рі­л­ген ха­бар­ла­ма­лар, рұқ­сат­тар бе­ру­дің және ха­бар­ла­ма­лар жі­бе­ру­дің шар­тта­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лын­да және тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де ор­на­ла­стыр­мау
Еле­у­сіз
36
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­лер­дің Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның
21-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген мін­дет­тер­ді сақ­та­мауы
Өрес­кел
37
Рұқ­сат­тың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бар­лық ау­ма­ғын­да қол­да­ны­луы заң­дық кү­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­да­ры­нан тө­мен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де көз­дел­ген жағ­дай­лар­да шек­те­ле­ді
Еле­улі
38
Рұқ­сат­тар­ды бе­ру бі­лік­ті­лік неме­се рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­тін бар­лық тұ­лға­лар үшін тең емес негіз­дер­де және жағ­дай­лар­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
Өрес­кел
39
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің ли­цен­зи­я­лау неме­се рұқ­сат бе­ру рә­сі­мін жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­та­рын ал­ған кез­ден ба­стап екі жұ­мыс кү­ні ішін­де ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ру­ді жү­зе­ге асыр­мауы
Еле­у­сіз
40
Ли­цен­зи­я­лау және рұқ­сат бе­ру рә­сім­де­рін жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 25-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген мер­зім­дер­де ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық бол­мау фак­ті­сі анық­тал­ма­ған жағ­дай­да өті­ніш бе­ру­ші­нің құ­жат­та­рын қа­ра­удан бас тар­ту­ды жү­зе­ге асы­ру
Еле­улі
41
Рұқ­сат бе­ру рә­сім­де­рін жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де рұқ­сат бе­ру ор­га­ны­ның өті­ніш бе­ру­ші­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­да­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық бан­кі­нің нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі тұр­ғы­сы­нан мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дан ке­лі­сім­дер (іле­с­пе рұқ­сат­тар) алуы заң­дар­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің жар­лық­та­рын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да бел­гі­лен­бе­ген жағ­дай­лар­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
Еле­улі
42
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің жар­лық­та­рын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да бел­гі­лен­ген жағ­дай­лар­да өті­ніш бе­ру­ші­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі тұр­ғы­сы­нан мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ке­лі­сім­де­рін (іле­с­пе рұқ­сат­тар­ды) алу үшін, егер екін­ші са­нат­та­ғы рұқ­сат­тар үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің жар­лық­та­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де өзге­ше мер­зім­дер көз­дел­ме­се, рұқ­сат бе­ру ор­га­ны­ның өті­ніш бе­ру­ші­нің рұқ­сат­ты және (неме­се) оған қо­сым­ша­ны алу­ға ар­нал­ған құ­жат­та­ры тір­кел­ген күн­нен ба­стап екі жұ­мыс кү­ні ішін­де оның ал­да­ғы қыз­мет­ті неме­се әре­кет­ті (опе­ра­ци­я­ны) жү­зе­ге асы­ру ор­ны бой­ын­ша ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға са­у­ал жі­бер­ме­уі
Еле­у­сіз
43
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің рұқ­сат­ты және (неме­се) рұқ­сат­қа қо­сым­ша­ны бе­ру мер­зі­мі өт­кен кез­ден ба­стап бес жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей өті­ніш бе­ру­ші­ге оны бе­ру­ді жү­зе­ге асыр­мауы
Еле­улі
44
Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның не ше­тел­дік заң­ды тұл­ға фи­ли­а­лы­ның неме­се өкіл­ді­гі­нің қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру ор­ны бой­ын­ша бе­рі­ле­тін «объ­ек­ті­лер­ге бе­рі­ле­тін рұқ­сат­тар» сы­ны­бы бой­ын­ша бе­рі­ле­тін ли­цен­зи­я­лар­ды қо­с­па­ған­да, жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар неме­се ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның аумақ­тық ор­ган­да­ры ли­цен­зи­ар­лар бо­лып та­бы­л­ған жағ­дай­лар­да, олар­ға ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бе­ру­ді тір­кеу ор­ны бой­ын­ша жү­зе­ге асыр­мауы
Еле­у­сіз
45
Өті­ніш бе­ру­ші­лер­ден ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бе­ру үшін Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 29-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғын­да көз­дел­ме­ген өзге құ­жат­тар­ды ұсы­ну­ды та­лап ету
Өрес­кел
46
Егер ли­цен­зи­ар Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 29-ба­бы 3-тар­ма­ғы­ның 2) - 5) тар­мақ­ша­ла­рын­да көз­дел­ген құ­жат­тар ту­ра­лы ақ­па­рат­ты ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден алу­ға мүм­кін­ді­гі бол­са, олар­ды өті­ніш бе­ру­ші­ден ұсы­ну­ды та­лап ету
Еле­у­сіз
47
Ли­цен­зи­я­сы бар қыз­мет түрi неме­се әре­кет (опе­ра­ция) шең­берiн­де жа­рам­ды ли­цен­зи­я­ның қо­сым­ша­сын бе­ру ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­лер­ден Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 29-ба­бы 6-тар­ма­ғы­ның 1) - 3) тар­мақ­ша­ла­рын­да көз­дел­ген құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, өзге құ­жат­тар­ды та­лап ету
Еле­у­сіз
48
Егер бұл Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 1-қо­сым­ша­сын­да көз­дел­ме­ген бол­са, ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ді оның қол­да­ны­лу мер­зі­мін шек­тей оты­рып, жү­зе­ге асы­ру
Өрес­кел
49
Ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны не олар­ды бе­ру­ден дәлел­ді бас тар­ту­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­на сәй­кес бел­гі­лен­ген ти­іс­ті құ­жат­тар­мен қо­са өті­ніш ұсы­ны­л­ған күн­нен ба­стап, отыз жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­ті­ріл­мей бе­рі­ле­тін атом энер­ги­я­сын пай­да­ла­ну, қар­жы са­ла­сын­да­ғы және қар­жы ре­сур­ста­рын шо­ғыр­лан­ды­ру­ға бай­ла­ны­сты қыз­мет, бі­лім бе­ру, мұ­най және газ са­ла­сын­да­ғы ли­цен­зи­я­лар­ды және (неме­се) ли­цен­зи­я­лар­ға қо­сым­ша­лар­ды қо­с­па­ған­да, он бес жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­ті­ріп бе­ру
Өрес­кел
50
Ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­ды (ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­дың тел­нұс­қа­ла­рын) бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым алу
Өрес­кел
51
Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 44-ба­бын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да ли­цен­зи­я­лар­ды және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­ды бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым алу
Өрес­кел
52
Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 32-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да көз­дел­ме­ген жағ­дай­лар­да ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бе­ру­ден бас тар­ту­ды жү­зе­ге асы­ру
Өрес­кел
53
Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 33-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да көз­дел­ме­ген жағ­дай­лар­да ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­де­уді жү­зе­ге асы­ру
Еле­улі
54
Ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 33-ба­бы 3-тар­ма­ғы­ның 1) - 4) тар­мақ­ша­ла­рын­да көз­дел­ген құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, өті­ніш бе­ру­ші­ден өзге құ­жат­тар­ды ұсы­ну­ды та­лап ету
Өрес­кел
55
Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 34-ба­бы­ның 4 және 5-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша қай­та ре­сім­де­уді қо­с­па­ған­да, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше бел­гі­лен­бе­се, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де ли­цен­зи­ар­дың өті­ніш бе­ру­ші­нің бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­руы
Өрес­кел
56
Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 33-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­ның 1), 2), 4), 5), 6) тар­мақ­ша­ла­рын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша ба­ста­ма­шы­лық жа­сал­ған ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­де­уден Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 33-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген құ­жат­тар ұсы­ны­л­ған неме­се ти­ісін­ше ре­сім­дел­ген жағ­дай­да, сон­дай-ақ өті­ніш бе­ру­ші­нің бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сай бо­луы жағ­дай­ын­да, егер осын­дай тек­се­ру­дің қа­жет­ті­гі заң­дар­да көз­дел­се, бас тар­ту­ды жү­зе­ге асы­ру
Өрес­кел
57
Қай­та ре­сім­дел­ген ли­цен­зи­я­лар­ды және (неме­се) ли­цен­зи­я­лар­ға қо­сым­ша­лар­ды Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 48-ба­бы­ның ере­же­ле­рін сақ­та­май, элек­трон­дық ны­сан­да ре­сім­де­уді жү­зе­ге асы­ру
Еле­у­сіз
58
Ли­цен­зи­ар­дың ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­де­уді Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 34-ба­бын­да өзге­ше мер­зім бел­гі­лен­бе­се, Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 33-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген құ­жат­тар бе­рі­л­ген кез­ден ба­стап үш жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­ті­ріп жү­зе­ге асы­руы
Еле­улі
59
Ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет­тің бір тү­ріне (кі­ші тү­ріне) ли­цен­зи­я­ла­ры бар бір­не­ше заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат­тар­дың бі­рі­гуі нәти­же­сін­де жа­ңа­дан пай­да болған заң­ды тұл­ға­ға бір­не­ше ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­ды қай­та ре­сім­де­уді жү­зе­ге асы­ру
Еле­улі
60
Егер қо­сы­ла­тын заң­ды тұл­ға­да және қо­сы­ла­тын заң­ды тұл­ға­ны өзіне қо­сып ал­ған заң­ды тұл­ға­да ли­цен­зи­я­ла­на­тын бір қыз­мет тү­ріне неме­се ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­нің кі­ші тү­ріне ли­цен­зи­я­лар бол­са, қо­сы­ла­тын заң­ды тұл­ға­ның ли­цен­зи­я­сын заң­ды тұл­ға­ны қо­сып ал­ған заң­ды тұл­ға­ға қай­та ре­сім­де­уді жүр­гі­зу
Еле­улі
61
Рұқ­сат бе­ру ор­га­ны­ның Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 34-ба­бы­ның 4 және 5-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша ба­ста­ма­шы­лық жа­сал­ған ли­цен­зи­я­лар­ды және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­ды қай­та ре­сім­де­уден бас тар­ту­ды Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 34-ба­бы 4-тар­ма­ғы­ның бе­сін­ші бө­лі­гін­де және 5-тар­ма­ғы­ның бе­сін­ші бө­лі­гін­де көз­дел­ме­ген жағ­дай­лар­да жү­зе­ге асы­руы
Еле­улі
62
Рұқ­сат бе­ру ор­ган­да­ры­ның Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 34-ба­бы­ның 4 және 5-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 34-ба­бы 6-тар­ма­ғы­ның ере­же­ле­рін сақ­та­мауы
Еле­улі
63
Ли­цен­зи­ар­дың Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 34-ба­бы­ның 4 және 5-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша өті­ніш бе­ру­ші­нің ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­де­у­ге бе­рі­л­ген құ­жат­та­рын тір­ке­ген­нен кей­ін екі жұ­мыс кү­ні ішін­де, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің жар­лық­та­рын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да бел­гі­лен­ген бол­са, өті­ніш бе­ру­ші­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің жар­лық­та­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі тұр­ғы­сы­нан мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ке­лі­сім­де­рін (іле­с­пе рұқ­сат­та­рын) алу үшін өті­ніш бе­ру­ші­нің өз қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру ор­ны бой­ын­ша ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­ға са­у­ал жі­бер­ме­уі
Еле­улі
64
Ли­цен­зи­ар­лар­дың Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 34-ба­бын­да бел­гі­лен­ген мер­зім­дер ішін­де қай­та ре­сім­дел­ген ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны не олар­ды қай­та ре­сім­де­уден дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ру­ді жү­зе­ге асыр­мауы
Өрес­кел
65
Ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның қол­да­ны­луын Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 35-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да көз­дел­ме­ген жағ­дай­лар­да тоқ­та­ту
Еле­улі
66
Рұқ­сат бе­ру ор­ган­да­ры­ның Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 36-ба­бын­да көз­дел­ген же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рін ли­цен­зи­я­ла­удың ерекше шар­тта­рын сақ­та­мауы
Өрес­кел
67
Рұқ­сат бе­ру ор­ган­да­ры­ның экс­порт және им­порт са­ла­сын­да­ғы ли­цен­зи­я­лау ту­ра­лы жал­пы ере­же­лер­ді сақ­та­мауы
Өрес­кел
68
Рұқ­сат бе­ру ор­ган­да­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің жар­лық­та­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де ай­қын­дал­ма­ған рұқ­сат бе­ру та­лап­та­рын ұсы­ну­ды, екін­ші са­нат­та­ғы рұқ­сат­тар­ды бе­ру үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сін ұсы­ну­ды та­лап етуі
Еле­улі
69
Рұқ­сат бе­ру ор­ган­да­ры­ның екін­ші са­нат­та­ғы рұқ­сат­тар­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің жар­лық­та­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­де бе­рі­лу­ін сақ­та­мауы
Өрес­кел
70
Рұқ­сат бе­ру ор­га­ны­ның екін­ші са­нат­та­ғы рұқ­сат­ты бе­ру­ден бас тар­ту­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің жар­лық­та­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де көз­дел­ме­ген негіз­дер бой­ын­ша жү­зе­ге асы­руы
Өрес­кел
71
Рұқ­сат бе­ру ор­га­ны­ның екін­ші са­нат­та­ғы рұқ­сат­ты бе­ру үшін бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді бұ­за оты­рып өті­ніш бе­ру­ші­ге екін­ші са­нат­та­ғы рұқ­сат­ты бе­ру­ден дәлел­ді бас тар­ту­ды жү­зе­ге асы­руы
Өрес­кел
72
Екін­ші са­нат­та­ғы рұқ­сат­тың қол­да­ны­луын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің жар­лық­та­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­ла­рын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де ай­қын­дал­ма­ған жағ­дай­лар­да және тәр­тіп­пен тоқ­та­ту­ды жү­зе­ге асы­ру
Еле­улі
73
Рұқ­сат бе­ру ор­га­ны­ның рұқ­сат­тың және (неме­се) рұқ­сат­қа қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­ла­рын ти­іс­ті өті­ніш бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап екі жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­ті­ріп, рұқ­сат­тың және (неме­се) рұқ­сат­қа қо­сым­ша­ның оң жақ­та­ғы жо­ғар­ғы бұ­ры­шын­да «Тел­нұс­қа» де­ген жа­зу­мен және олар­дың ал­ғаш бе­рі­л­ген кү­ні мен қай­та ре­сім­дел­ген кү­нін көр­се­те оты­рып, бе­ру­ді жү­зе­ге асы­руы
Еле­улі
74
Рұқ­сат бе­ру ор­га­ны­ның өті­ніш бе­ру­ші ти­іс­ті өті­ніш­ті бер­ген күн­нен ба­стап екі жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­ті­ріп, рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар­дың мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ті­зі­лі­міне қа­жет­ті өзге­рі­стер­ді ен­гі­зу­ді және ти­іс­ті тү­зе­ту­ле­рі бар рұқ­сат­ты және (неме­се) рұқ­сат­қа қо­сым­ша­ны бе­ру­ді жү­зе­ге асы­руы (бе­рі­л­ген рұқ­сат­та және (неме­се) рұқ­сат­қа қо­сым­ша­да қа­те­лер та­бы­л­ған жағ­дай­да)
Еле­улі
75
Рұқ­сат бе­ру ор­га­ны­ның рұқ­сат­тың және (неме­се) рұқ­сат­қа қо­сым­ша­ның қол­да­ны­луын тоқ­та­та тұ­ру­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да көз­дел­ме­ген тәр­тіп­пен және негіз­дер бой­ын­ша жү­зе­ге асы­руы
Өрес­кел
76
Рұқ­сат бе­ру ор­га­ны­ның өті­ніш бе­ру­ші­нің бұ­зу­шы­лық­тар­дың жой­ы­л­ға­ны ту­ра­лы өті­ніш бер­ген кү­ні­нен ба­стап он жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­ті­ріп, Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 51-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген тәр­тіп­пен бұ­зу­шы­лық­тар­дың жой­ы­л­ға­нын тек­се­ру­ді жү­зе­ге асы­руы
Еле­улі
77
Ли­цен­зи­ат неме­се екін­ші са­нат­та­ғы рұқ­сат­ты ие­ле­ну­ші тоқ­та­та тұ­ру мер­зі­мі өт­кен­ге дей­ін рұқ­сат­ты және (неме­се) рұқ­сат­қа қо­сым­ша­ны тоқ­та­та тұ­ру үшін негіз болған бұ­зу­шы­лық­тар­дың жой­ы­л­ға­ны ту­ра­лы өті­ніш­ті бер­ме­ген жағ­дай­да, рұқ­сат бе­ру ор­ган­да­ры­ның тоқ­та­та тұ­ру мер­зі­мі өт­кен­ге дей­ін он жұ­мыс кү­ні ішін­де рұқ­сат­тан және (неме­се) рұқ­сат­қа қо­сым­ша­дан ай­ы­ру (ке­рі қай­та­рып алу) рә­сі­міне ба­ста­ма­шы­лық жа­са­уды жү­зе­ге асы­руы
Еле­улі
78
Ай­ы­ру (ке­рі қай­та­рып алу) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген тәр­тіп­пен және (неме­се) негіз­дер бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ры­ла­тын аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен­ді да­мы­ту са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бе­ре­тін рұқ­сат­тар­ды қо­с­па­ған­да, рұқ­сат бе­ру ор­га­ны­ның рұқ­сат­тан ай­ы­ру­ды (ке­рі қай­та­рып алу­ды) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да көз­дел­ме­ген тәр­тіп­пен және (неме­се) негіз­дер бой­ын­ша жү­зе­ге асы­руы
Өрес­кел
79
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің Рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы заң­ның 46-ба­бы­ның 5-тар­ма­ғын сақ­та­мауы
Еле­улі
80
Ха­бар­ла­ма­лар қа­был­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың өті­ніш бе­ру­ші­лер­ге рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар­дың мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ті­зі­лі­мі­нен өті­ніш бе­ру­ші­лер­дің жі­бер­ген ха­бар­ла­ма­ла­ры ту­ра­лы үзін­ді кө­шір­ме­лер­ді өті­ніш жа­сал­ған күн­нен ба­стап үш жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­ті­ріп бе­руі
Еле­у­сіз
81
Ав­то­мат­тан­ды­ру­ға жат­пай­тын рұқ­сат­тар­ды қо­с­па­ған­да, рұқ­сат бе­ру ор­ган­да­ры­ның қа­ғаз ны­са­нын­да жү­зе­ге асы­ры­л­ған рұқ­сат бе­ру рә­сім­де­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар­дың мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ті­зі­лі­міне рұқ­сат бе­ру рә­сі­мін жү­зе­ге асы­ру­мен бір мез­гіл­де ен­гіз­бе­уі
Еле­у­сіз
82
Рұқ­сат бе­ру ор­ган­да­ры­ның рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар­дың мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ті­зі­лі­мін тұ­рақ­ты негіз­де жүр­гіз­бе­уі
Еле­у­сіз
83
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­лер­дің же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның қыз­ме­ті неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі неме­се әре­кет­те­рі (опе­ра­ци­я­ла­ры) тоқ­та­ты­ла тұр­ған жағ­дай­да, рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар­дың мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ті­зі­лі­міне ти­іс­ті мә­лі­мет­тер­ді ен­гіз­бе­уі
Еле­у­сіз
84
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­нің рұқ­сат­тар мен ха­бар­ла­ма­лар­дың мем­ле­кет­тік элек­трон­дық ті­зі­лі­мі­нен ха­бар­ла­ма­ны алып та­ста­уды өті­ніш бе­ру­ші­нің өті­ні­ші, сот­тың же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның қыз­ме­тіне неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне неме­се әре­кет­те­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы ше­ші­мі бой­ын­ша жү­зе­ге асыр­мауы, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да көз­дел­ме­ген өзге де жағ­дай­лар­да жү­зе­ге асы­руы
Өрес­кел
Тек­се­рі­ле­тін субъ­ек­ті­лер­дің мем­ле­кет­тік қол­да­уды жү­зе­ге асы­ру тәр­ті­бін сақ­та­уы са­ла­сын­да
85
Мем­ле­кет­тік қол­да­уды жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті жар­лық­та­ры­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­да­ры­ның, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті қа­улы­ла­ры­ның, жер­гі­лік­ті өкіл­ді ор­ган­дар­дың, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі ак­ті­ле­рі­нің дең­гей­ін­де бел­гі­лен­бе­ген та­лап­тар­ды ұсы­ну
Еле­у­сіз
86
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті жар­лық­та­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­да­рын­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті қа­улы­ла­рын­да, жер­гі­лік­ті өкіл­ді ор­ган­дар­дың, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кі­нің ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік қол­да­уды жү­зе­ге асы­ру тәр­ті­бі­нің (қа­ғи­да­ла­ры­ның, шар­тта­ры­ның), оның ішін­де:
- же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің мем­ле­кет­тік қол­дау бағ­дар­ла­ма­сы­ның шар­тта­ры­на, кри­те­рий­ле­ріне сәй­кест­і­гі­нің;
- же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің өті­ніш­те­рін қа­рау мер­зім­де­рі­нің;
- мем­ле­кет­тік қол­да­уды жү­зе­ге асы­ру мер­зім­де­рі­нің;
- мем­ле­кет­тік қол­да­уды жү­зе­ге асы­ру­дан бас тар­ту­дың Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ры­луы­ның;
- мем­ле­кет­тік қол­да­удың заң­ды түр­де жү­зе­ге асы­ры­луы­ның сақ­тал­мауы
Өрес­кел
87
Тәр­ті­бі мен ны­са­на­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­сы­мен неме­се заң­ды кү­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің қа­улы­сы дең­гей­і­нен тө­мен өзге нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­мен бе­кі­ті­л­ген же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік қар­жы­лық қол­да­уды жү­зе­ге асы­ру
Өрес­кел

Қолданыстағы