Құжат мәтініне өту

О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Российской Федерации и граждан Российской Федерации на территории Республики Казахстан

Заң · № 250-V · қабылданған 14.11.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84354/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Российской Федерации и граждан Российской Федерации на территории Республики Казахстан Қолданыста Заң ·№ 250-V ·14.11.2014
14.11.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Российской Федерации и граждан Российской Федерации на территории Республики Казахстан

Қолданыста Заң ·№ 250-V · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о порядке пребывания граждан Республики Казахстан на территории Российской Федерации и граждан Российской Федерации на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
250-V
Қабылданған күні
14.11.2014
Көрсетілген редакция
14.11.2014 AI84354_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1400000250
ЭКБ идентификаторы
84354
Редакция идентификаторы
AI84354_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:58

0 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы

2012 жылғы 7 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісім ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, олардың азаматтарының жол жүруін құқықтық реттеу мақсатында,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1992 жылғы 25 мамырдағы шарттың 13-бабын басшылыққа ала отырып,
бір мемлекет азаматтарының басқа мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

1 1. Басқа, Тараптың аумағында уақытша болатын бір Тараптың азаматтары болу Тарапының құзыретті органдарында 30 күн ішінде тіркелу бойынша (болатын орны бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.

2 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақытша болу мерзімі болу Тарапының аумағында кіру кезінде қойылған шекаралық бақылау органдарының белгісі бар көші-қон картасымен расталған бір Тарап азаматының басқа Тараптың аумағына кірген күнінен бастап есептеледі.

3 3. Бір Тараптың азаматы басқа Тараптың аумағында 30 күннен артық болған жағдайда, көрсетілген азамат болатын Тараптың заңнамасына сәйкес оның құзыретті органдарында тіркелуге (болатын орны бойынша есепке тұруға) міндетті.

2 2-бап

Бір Тараптың азаматтары басқа Тараптың аумағында болған уақытында, болу Тарапының заңнамасын сақтауға міндетті.

3 3-бап

Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

4 4-бап

1 1. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

2 2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің қолданысын ол туралы басқа Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша нысанда хабарлай отырып, тоқтата алады. Бұл жағдайда мұндай хабарламаны алған күннен бастап 6 ай өткен соң осы Келісім қолданысын тоқтатады.

3

3. Әрбір Тарап мемлекеттік қауіпсіздікті, қамтамасыз ету, қоғамдық тәртібі және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында осы Келісімнің толық немесе ішінара тоқтата алады. Қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы басқа Тарапқа мұндай тоқтата тұруға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жіберіледі.

4 4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген себептер бойынша осы Келісімнің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған Тарап осы Келісімнің қолданысын қайта жаңарту туралы басқа Тарапқа сондай тәртіппен хабарлайды.

2012 жылғы 7 маусымда Астана қаласында, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің де күші бірдей.
2012 жылғы 7 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімнің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

Қолданыстағы