Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по формированию централизованного учета данных об административных правонарушениях и лицах, их совершивших

Бұйрық · № 114 · қабылданған 10.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84379/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по формированию централизованного учета данных об административных правонарушениях и лицах, их совершивших Күшін жойған Бұйрық ·№ 114 ·10.10.2014
01.01.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по формированию централизованного учета данных об административных правонарушениях и лицах, их совершивших

Күшін жойған Бұйрық ·№ 114 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по формированию централизованного учета данных об административных правонарушениях и лицах, их совершивших
Атауы (қаз.)
Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
114
Қабылданған күні
10.10.2014
Көрсетілген редакция
01.01.2021 84379_505747.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14W0009869
ЭКБ идентификаторы
84379
Редакция идентификаторы
84379_505747
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:21

0 Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2

2. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін құру және оның жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 134 бұйрығы күші жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8101 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 ақпандағы № 71 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

3 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты жолдасын:

1 1) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;

2 2) ресми жариялауға;

3 3) мәлімет және қызметте пайдалану үшін мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, орындау үшін Комитеттің аумақтық органдарына.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1-қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

0 Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін қалыптастыру бойынша нұсқаулық

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Бас Про­ку­ро­ры­ның
2014 жы­л­ғы 10 қа­зан­да­ғы
№ 114 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген
Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін қалыптастыру бойынша нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталық тандырылған деректер есебін қалыптастыру бойынша осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілетті барлық мемлекеттік органдар үшін (бұдан әрі – әкімшілік тәжірибе субьектілері) әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған адамдарды бірыңғай есепке алуды белгілейді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталықтандырылған деректер банкін (бұдан әрі – ОДБ) жүргізу арқылы жүзеге асырады.

2

2. ОДБ әкімшілік тәжірибе субъектілері ұсынатын «Әкімшілік құқық бұзушылықты және оны жасаған адамды есепке алу карточкасы» №1-ӘЖ нысанды карточка Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, №1-ӘҚ «Әкімшілік құқық бұзушылық барысы және оны қарау нәтижелері туралы» нысанды карточка Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – АЕҚ) негізінде «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЕ ААЖ) қалыптасады.

3

3. АЕҚ шығару және жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе қаралған сәттен бастап 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. АЕҚ белгіленген мерзімде шығару мүмкін емес болған жағдайда, ол әкімшілік тәжірибе субъектісінің басшысымен бекітілген қызметтік құжат негізінде оны тіркеу мүмкіндігі пайда болған күні шығарылады.

4 4. Егер мерзімнің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне түсетін болса, АЕҚ келесі бірінші жұмыс күні енгізілуі тиіс.

5

5. Әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оларды жасаған адамдарды есепке алу Комитеттің аумақтық басқармасының деректер банкіне (бұдан әрі – АБ ДБ) немесе мемлекеттік органдардың деректер қорына (бұдан әрі – МО ДҚ), немесе әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу журналына (бұдан әрі – ӘҚБЕЖ) АЕҚ енгізген сәттен бастап, Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда жүзеге асырылады.

6 6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндірісті қозғау сәтінен бастап (хаттаманы құрастыру) әкімшілік материалға 15 белгілік нөмір беріледі.

7 7. Құқық бұзушылықты есепке алу оның жасалу орны бойынша жүргізіледі. Әкімшілік материалды әкімшілік тәжірибе субъектісінің орталық аппараты қозғаған кезде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орны бойынша есепке алынады.

8

8. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБК) 812-бабына сәйкес көлік құралдары, кемелер есепте тұрған орын бойынша немесе оған қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты орны бойынша қараған жағдайда құқық бұзушылық әкімшілік іс қаралған орын бойынша есепке алынады.

9

9. Әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда шақырту немесе шарт бойынша әскери қызметтегі адамдар, әскери жиылыс өту кезінде қорда тұрған азаматтар, әскери бөлімдердің, бірігулердің, мекемелердің азаматтық қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында немесе аталған бөлімдердің, бірігулердің, мекемелердің қарамағында болуға байланысты немесе оларға теңестірілгендер жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар Комитеттің Әскери басқармасында есепке алуға жатады.

10

10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің қызметкерлері анықтаған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар Комитеттің аумақтық басқармасында (бұдан әрі – АБ) әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орны бойынша есепке алынады.

11 11. МО ДҚ қалыптасатын мәліметтер деректерді жіберу желілері немесе алмалы тасымалдағыштар арқылы осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіпте, форматта және мерзімдерде АБ-ға экспортталады.

12 12. Келіп түскен мәліметтер негізінде АБ келіп түсетін мәліметтерді автоматты түрде деректерді жіберу желілері арқылы Комитеттің ОДБ-не жолдаумен АБ ДБ қалыптастырылады.

13

13. Электрондық деректер қорын жүргізуге қажетті жабдықтар болмаған жағдайда, әкімшілік тәжірибе субъектісі қағаз тасымалдағыштарда № №1-ӘЖ, №1-ӘҚ нысандарындағы ӘҚБЕЖ және АЕҚ толтырады, содан соң АБ ДБ-ін толтыру үшін АБ-ға жолданады. Әрбір қабылданған жаңа шешімге №1-ӘҚ нысанды жаңа АЕҚ құрастырылады.
ӘҚБЕЖ нөмірленуі, тігілуі және мөрмен расталуы тиіс.

14 14. ӘҚБЕЖ және АЕҚ барлық жазбалар анық, баспа әріптермен, көк немесе қара сиямен қолмен немесе компьютердің көмегімен жазылады. Түзетуші құралдардың көмегімен тазартуға, түзетуге немесе бұрын жасалған жазбаларды жоюға жол берілмейді.

15 15. Әкімшілік тәжірибе субъектілері жергілікті МО ДҚ мәліметтерін АБ-ға онкүндік кезеңділікпен әр айдың 2, 11, 21 күндері жолдайды.

16 16. АБ ДБ-не АЕҚ енгізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар ОДБ мәліметтерді экспорттауды деректер жіберу желілері арқылы нақты уақыт режімінде жүргізеді.

17 17. Комитетке келіп түсу күні деректер жіберу желілері арқылы, ал осындай мүмкіндік жоқ болған жағдайда – алмалы тасымалдағыштарға мәліметтерді түсіру күні немесе АЕҚ қағаз тасымалдағыштарда АБ-ға келіп түсу күні мәліметтердің келіп түсу күні болып табылады.

18 18. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамаларды құрастырушы әкімшілік тәжірибе субъектісі №1-АҚ АЕҚ-ның «7. Шешім» деректемесінде «08» ұстанымы таңдалады және сот органдарына жолдау туралы шешімнің күні толтырылады.

19 19. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сот органдары қараған істер жөніндегі мәліметтер Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінен Комитеттің ОДБ-не түсіріледі.

20 20. Әкімшілік жаза тағу туралы қаулысыз рәсімделген материалдар бойынша ҚР ӘҚБК 807-бабына сәйкес АЕҚ-ның барлық деректемелері тікелей ескерту немесе айыппұл шығарылған соң толтырылады.

21 21. ҚР ӘҚБК 498-бабына сәйкес мәліметтердің анықтылығына, толықтығына және уақытылы ұсынылуына АЕҚ-ның сәйкес деректемелерін толтырушы әкімшілік тәжірибе субъектісінің қызметшісі жауапты болып табылады.

22 22. АЕҚ-да мәліметтерді түзетуді немесе жоюды әкімшілік тәжірибе субъектісі МО ДҚ-да қателікті анықтаған сәттен бастап 24 сағат ішінде жүзеге асырады.

АБ ДБ мәліметтерді түзету АБ-ға мемлекеттік органның дәлелденген сұрауы негізінде және АБ ДБ-де олардың себебін көрсетумен жүзеге асырылады.

23 23. АБ ДБ-де мәліметтерін жою оның себебін көрсетумен осы бағытқа жауапты бөлімнің тек басшысы жүзеге асырады.

24 24. Ескіру мерзімі бойынша есептен шығару автоматты түрде жүргізіледі.

25 25. Карточкалардың ұсыну уақыттылығын есепке алу және бақылау толықтығын қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік тәжірибе субъектілері тоқсанына бір рет (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін) АБ ДБ-мен салыстырулар өткізеді.

2 2. №1-ӘЖ нысанды АЕҚ шығару және енгізу ерекшеліктері

26

26. «Құқық бұзушылықты анықтаған орган» 1-деректемесі құқық бұзушылықты анықтаған органның кодын сөздіктен таңдау арқылы толтырылады. Егер құқық бұзушылық басқа органның бастамашылығымен анықталса, «Органның бастамашылығы бойынша» 1.1-деректемесінде сөздіктен сәйкес органның коды көрсетіледі. Кері жағдайда деректеме бос болып қалады.

27

27. АЕҚ-ның 3-деректемесінде әкімшілік істің 15 белгілік нөмірі бейнеленеді. Бірінші екі сан материалды тіркеу жылын, екінші екі сан – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодын, үшінші екі сан – аудан кодын, төртінші сандар жұбы ведомствоның кодын білдіреді, тоғызыншы сан болып 3 саны қойылады, ол іс бойынша әкімшілік өндірісті қозғауды білдіреді және соңғы 6 сан – материалдың реттік нөмірі.
3.2 деректемеде бюджеттік жіктеу коды (БЖК), 3.3 деректермеде салық органының коды (СОК) және 3.4 деректемеде төлем тағайындау коды (ТТК) көрсетіледі.

28 28. Егер ҚР ӘҚБК 807-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылмаған жағдайда, «Хаттама нөмірі» 3.1-деректемесі толтырылмайды.

29 29. Адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде құқық бұзушылықтың әр қайсысына АЕҚ бөлек нөмірмен шығарылады.

30

30. Өкілетті органға немесе лауазымды адамға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 9-бөлігіне немесе 179-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы сұрақты шешу үшін материал келіп түскен жағдайда, АЕҚ-да шешімді қабылдау күнін толтырумен оны ақпараттық есеп кітабында немесе Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеу нөмірі көрсетіледі.

31 31. Құқық бұзушының сауалнамалық деректері қатаң оның жеке басын куәландыратын құжат тілінде енгізіледі.

32 32. ЖСН Қазақстан Республикасының азаматтары үшін толтырылады.

33 33. Егер ҚР ӘҚБК 806-бабының 9-тармағына сәйкес жеке тұлға анықталуы мүмкін емес болған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша құрастырылады, «субъект» 8-деректемесінде «50» код - анықталмаған адам таңдалады.

34 34. АБ ДБ-де қағаз АЕҚ-ы АБ-ның қызметкерлерімен олардың келіп түсу күні бойынша тіркеледі.

35 35. ҚР ӘҚБК нормалары бойынша құқық бұзушылықты саралау ҚР ӘҚБК Ерекше бөлімінің баптар тізімі анықтамасынан таңдалады.

36 36. Құқық бұзушылықтың орны, жасалу күні немесе анықталған күні міндетті түрде көрсетіледі.

37 37. «жасалу фабуласы» 13-деректемесі толық аяқталған сөздермен толтырылады, тек ҚР ӘҚБК бабының нөмірін немесе оның атауын енгізуге жол берілмейді.

38

38. Мемлекетке залал келесі баптар бойынша есептеледі: ҚР ӘҚБК 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 149, 151, 152, 153, 159, 160, 163, 176, 182, 196, 233, 237, 238, 239, 267, 278, 311, 316, 324, 328, 344, 347, 356, 358, 370, 372, 382, 383, 394, 396, 398, 475, 548, 549, 551, 554 және сома теңгеде көрсетіледі.

39 39. «субъект» 8-деректемесінде: «01» - жеке тұлғаны, «02» - жеке кәсіпкерді, «25» - лауазымды адамды, «26» - лауазымды адамға теңестірілген адамды таңдаған кезде 15-27-деректемелер міндетті толтыруға жатады.

40 40. Егер туған жері басқа ел болса, тек елі көрсетіледі.

41 41. Адамның жасы, жұмысының түрі және лауазымы құқық бұзушылық жасау сәтіне көрсетіледі.

42 42. Егер құқық бұзушылық алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлықмасаң күйінде жасалса, 27-деректеме толтырылады.

43 43. Жеке басын куәландыратын құжат деректері көрсетілетін деректемелер орнату деректерінде көрсетілген мәліметтерді бейнелейді. Жеке кәсіпкерлер үшін қызметінің түрі, мемлекеттік тіркеу куәлігі және болған кезде ЖСН толтыру үшін міндетті.

Заңды (үй) мекенжайын толтыру барлық адамдар үшін міндетті болып табылады.

44 44. Егер «субъект» 8-деректемесінде: «03» - заңды тұлға, «04» - шетелдік заңды тұлға, «05» - шетелдік қатысуы бар заңды тұлға, «27» - заңды тұлғаның филиалы немесе «28» - заңды тұлғаның өкілдігі таңдалса, 28 -31 – деректемелері толтырылады.

45 45. 32-деректемеде АЕҚ-ты толтырған адамның тегі, аты, әкесінің аты және тұлғаның лауазымы, толтыру күні толтырылады.

46 46. 33-41-деректемелері ішкі істер органдарымен толтырылады.

47 47. 42-44-деректемелері мемлекеттік кіріс органдарымен толтырылады.

3 3. №1-ӘҚ нысанды АЕҚ шығару және енгізу ерекшеліктері

48 48. №1-ӘҚ нысанды АЕҚ тек сәйкес №1-ӘЖ нысанды АЕҚ шығарған соң қозғалған әкімшілік материал бойынша келесі шешімдерді қабылдау нәтижелері бойынша толтырылады:

материалды (хаттаманы) беру жөнінде;
жаза тағу немесе тоқтату/босату туралы қаулыны шығарумен материалды (хаттаманы) қарау жөнінде;
материалды мәжбүрлі орындауға беру жөнінде;
жазаны орындау жөнінде;
жазаны орындауды кейінге қалдыру жөнінде;
қаулыны апелляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібінде және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шағым (наразылық) білдіру жөнінде.
Әр қабылданған шешімге бөлек карточка басталады.

49 49. Карточканың 2-деректемесіне әкімшілік материалдың 15 белгілік нөмірі енгізіледі.

Егер бірігіп қарау үшін әкімшілік істерді бір өндіріске біріктірген жағдайда (ҚР ӘҚБтК 816-бабы 4-бөлігі) 2.3 деректеме белгіленеді, негізгі істің нөмірі 2.4 деректемеде көрсетіледі, біріктірілген әкімшілік істердің нөмірлері мәтіндік форматта 2.5 деректемеде көрсетіледі.

50 50. 6-деректемеде, егер №1-ӘЖ нысанды АЕҚ 12-деректемесінде көрсетілген болса және осы АЕҚ-ын енгізу сәтіне төленген мемлекетке өтелген сома көрсетіледі.

Материалдарда (хаттамада, істе) көрсетілген барлық сомалар нүкте және үтірсіз теңгеде толтырылады.

51 51. Жаза тағайындау немесе істі тоқтату туралы қаулыны шығару жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ-ын толтыру (енгізу), қаулының заңды күшіне енуін күтпестен, шешімдердің біреуі қабылданған сәттен бастап 24 сағат ішінде жүзеге асырылады.

52 52. Қаулыға шағым немесе наразылық білдірілген жағдайда қаулыға шағым (наразылық) білдіру туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ қосымша толтырылады.

53 53. Егер әкімшілік материал әкімшілік жаза тағумен қаралса, «материал бойынша шешім» 7-деректемесінде «09» - жаза тағумен қаралды кодировкасы қойылады, «шешім күні» деректемесінде қаулыны шығару күні және «Әкімшілік жаза шаралары» 9-деректеме бойынша сәйкес кодировка таңдалынады.

54 54. Егер әкімшілік қамақ немесе арнайы құқықтан айыру түріндегі жазалау шарасы көрсетілсе, әкімшілік қамақ немесе арнайы құқықтан айыру қандай мерзімге белгіленгені көрсетілетін «мерзімге дейін» деген деректеме толтырылады.

55 55. «Қосымша шаралар» 9.2-деректемесінде, егер олар ҚР ӘҚБК Ерекше бөлімінде сәйкес баппен көзделген болса, қосымша шаралар көрсетіледі.

Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру немесе оның әрекет етуін тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен шығару, қызметті немесе оның жеке түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу қосымша шарасын көрсеткен кезде «мерзімге дейін» деген деректеме толтырылады.

56 56. Әкімшілік құқықтық шараларды қолданған кезде сөздік бойынша сәйкес кодировканы таңдау арқылы «Әкімшілік-құқықтық» 9.3-деректемесі толтырылады.

Егер айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағылса, «Тағайындалған айыппұл мөлшері» 9.4-деректемесінде оның мөлшері көрсетіледі, 9.5-деректемеде ҚР ӘҚБК 819 бабының 2-бөлігін қолдану көрсетіледі.
Қысқарту өндірісі қолданылатын жағдайда салынған айыппұлдың сомасы «Қысқарту өндірісі тәртібінде салынған айыппұл мөлшері» 9.6 деректемесінде көрсетілсін.

57 57. Егер әкімшілік материал істі тоқтату немесе әкімшілік жазадан босату қаулысын шығарумен қаралса, 10.1-ден 10.4-ке дейінгі деректемелер толтырылады.

58 58. Материалды мәжбүрлі орындауға беру туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ толтыру (енгізу) әкімшілік жазаны тағумен әкімшілік материалды қарау жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ енгізген соң жүзеге асырылады.

59 59. Жазаны орындау туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ толтыру (енгізу) тек құқық бұзушыдан айыппұлдарды төлегені туралы немесе мәжбүрлі орындауды жүзеге асыратын органның растау құжаттарын алған соң, әкімшілік жазаны тағумен әкімшілік материалды қарау жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ енгізген соң жүзеге асырылады.

Сонымен бірге тағылған айыппұлды төлеу тәртібі көрсетіледі (ерікті, қысқартылған, мәжбүрлі).
Айыппұлды бөліктермен төлеу жағдайында, барлық сомалар қосылады және соңғы төлем бойынша күн бейнеленеді.
Мәжбүрлі түрде төленген сома дәл осыған ұқсас көрсетіледі, яғни ерікті және мәжбүрлі тәртіпте төленген сомалар қосылады.

60

60. Жазаны орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ толтыру (енгізу) тек егер ҚР ӘҚБК 888-бабына сәйкес құқық бұзушының өтініші бойынша әкімшілік жаза туралы қаулыны шығарған судья немесе орган (лауазымды адам) әкімшілік жазаны орындауды кейінге қалдыру/мерзімін ұзарту жөнінде шешім шығарған жағдайда, әкімшілік жаза тағумен әкімшілік істі қарау жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.

61 61. Қаулыға апелляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібінде шағым (наразылық) беру туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ толтыру (енгізу) тек егер қаулыға шағым немесе наразылық берілген жағдайда әкімшілік жаза тағумен әкімшілік істі қарау немесе істі тоқтату жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ енгізген соң толтырылады.

62 62. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қаулыларға шағым (наразылық) беру туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ толтыру (енгізу) тек егер қаулыға шағым немесе наразылық берілген жағдайда әкімшілік жаза тағумен әкімшілік материалды қарау немесе істі тоқтату жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ енгізген соң толтырылады.

63 63. АЕҚ шағым немесе наразылық беру нәтижесіне байланыссыз толтырылады, соның ішінде, егер қаулы өзгеріссіз қалдырылса.

64

64. Егер «Қарау нәтижесі» 13.2-деректемесінде «04» коды - жаңа қаулы шығарумен қаулының күшін жою немесе «05» коды –ведомстволығы бойынша жолдаумен қаулының күшін жою таңдалса, бұл жағдайда сәйкес деректемелер мен материал бойынша қабылданған шешімді енгізумен №1-ӘҚ нысанды келесі карточка енгізіледі.

65 65. Егер «Қарау нәтижесі» 14.2-деректемесінде «02» коды – қаулы қанағаттандырылды және күші жойылды – таңдалса, сәйкес деректемелер мен материал бойынша қабылданған шешімді енгізумен №1-ӘҚ нысанды келесі карточка енгізіледі.

65-1 65-1. Заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде, субъекті 15-деректемеге белгі қояды, шешім күні және шешім қабылдаған соттың атауы 15.1 және 15.2. деректемелерде көрсетіледі.

4 4. Деректерді ОДБ есебінде сақтау мерзімі

66 66. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер ҚР ӘҚБК 61-бабына сәйкес әкімшілік жаза тағу туралы қаулының орындалуы аяқталғаннан кейін 1 жыл бойы сақталады.

Қазақстан Республикасының салық салу немесе монополияға қарсы күрес саласындағы қаулы заңды күшіне енген соң, 5 жыл ішінде орындалмаған жағдайда, ҚР ӘҚБК 890-бабына сәйкес, әкімшілік тәжірибе субъектісі 62-бапта және 889-баптың 4-тармағында белгіленген тәртіпте қаулыны орындауды тоқтатады және адамды әкімшілік жауаптылықтан босатып, АЕҚ-да тиісті белгі жасайды.

67 67. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмағандар туралы мәлімет әкімшілік жаза тағу туралы қаулы орындалған сәттен бастап алты айға дейін сақталады (ҚР ӘҚБК 72-бабы).

68 68. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер туралы қаулы орындалған күннен бастап үш жыл көлемінде сақталады (2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13-бабы).

69 69. Әкімшілік тәжірибе субъектілерінде сақталатын, мерзімі аяқталған, қағаз жүзіндегі АЕҚ жою актісін қалыптастыра отырып жойылады.

Әкімшілік жаза тағу туралы орындалған қаулылар бойынша АЕҚ-ның электронды нұсқасы сақтау мерзімі аяқталған жағдайда мұрағатқа тапсырылады және есептен шығарылады.

70 70. (Электронды немесе қағаз жүзіндегі) ӘҚЕАЖ әкімшілік тәжірибе субъектісінің мұрағатында 3 жыл сақталады, (электронды немесе қағаз жүзінде) содан соң, қағаз нұсқасы акті бойынша жойылады.

5 5. Деректер банкімен қызмет жасау негізі және тәртібі

71 71. Адамдар туралы ақпаратты талап етіп алдыру Комитетке және оның аумақтық органына әр тексерілетін адамға бөлек рәсімделген талап етуді жолдау арқылы жүзеге асырылады.

Бланктердің нысандары, оларды толтыру және есепке алу бойынша тексеру үшін жолдау тәртіптері, сондай-ақ орындау мерзімдері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) орнатылған Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларымен ұқсас жүзеге асырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар болған кезде, тексеру күнінде Комитеттің ақпараттық жүйесінің есебінде бар құқық бұзушылықтар көрсетіледі.

72

72. Жүгініп келген жеке тұлғаға қатысты есепке алу мәліметтерін беру өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты және АБ басшысының атына жазылған өтінішті ұсынуы арқылы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша АБ жүзеге асырылады. Тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен адамдар бұрынғы сауалнама деректерін де көрсетеді.
Мәліметтер азаматтардың өтініштері бойынша анықтамалар түрінде Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.

73 73. Есепке алу мәліметтері өзге адамға ақпарат сұралатын адам берген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес рәсімделген сенімхат негізінде беруі мүмкін. Сенімхат немесе оның көшірмесі өтінішке қоса берілетін қосымша ретінде АБ-да қалады.

74 74. Комитеттің жергілікті басқармалары қызметкерлері, ІІО нақтыланған мәліметтерді өзгертуі туралы ақпарат түскен жағдайда,әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдардың есебі бойынша 5 жұмыс күні ішінде тексеру өткізеді.

Сауалнама деректерін өзгерткен азаматтарға қатысты мәліметтер бар болса, АЖ-де «басқа сауалнама деректері бар» бөлімінде белгі жасалады және аталған деректер көрсетіледі.

1 «Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу карточкасы» 1-ӘЖ нысаны

Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
«Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу карточкасы» 1-ӘЖ нысаны
1. _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
құқық бұ­зу­шы­лық­ты анық­та­ған ор­ган­ның ата­уы
1.1._______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ба­ста­ма­сы бой­ын­ша анық­тал­ды
2._______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
құқық бұ­зу­шы­лық­тың жа­сал­ған ор­ны
3. Әкім­ші­лік іс нө­мі­рі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ ба­стал­ған кү­ні «___»________20__­жыл
3.1. Хат­та­ма нө­мі­рі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ ба­стал­ған кү­ні «___»________20__­жыл
3.2 Бюд­жет­тік жік­теу ко­ды /_/_/_/_/_/_/
3.3 Са­лық ор­га­ның ко­ды/_/_/_/_/
3.4 Тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау ко­ды /_/_/_/
4. Ақ­па­рат­ты есеп­ке алу кі­та­бы­ның нө­мі­рі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ тір­кеу кү­ні «___»_______20__­жыл
5. Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мі­нің нө­мі­рі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ тір­кел­ген кү­ні «___» _________20 ___­жыл
6. _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
хат­та­ма­ны тол­тыр­ған ла­у­а­зым­ды адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да) (бұ­дан әрі –ТАӘ);
7. Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі ко­ми­тет­ке ке­ліп түс­кен кү­ні «__»__________20__­жыл.
Тү­зе­ті­л­ген кү­ні «___» ________20__­жыл.
8. Субъ­ект: же­ке тұл­ға (01), же­ке кә­сіп­кер (02), заң­ды тұл­ға (03), ше­тел­дік заң­ды тұл­ға (04), ше­тел­дік қа­ты­суы бар заң­ды тұл­ға (05), ла­у­а­зым­ды адам (25), ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға те­ңе­сті­рі­л­ген адам (26), заң­ды тұл­ға фи­ли­а­лы (27), заң­ды тұл­ға өкіл­ді­гі (28), анық­тал­ма­ған адам (50).
9. Құқық бұ­зу­шы­лық­тың са­ра­ла­нуы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы ко­дек­сі (бұ­дан әрі – ҚР ӘҚ­БтК)____­ба­бы _____­бө­лім _______тар­мақ.
9.1. ҚР ӘҚ­БтК 787-ба­бы тәр­ті­бін­де әкім­ші­лік ұстау қол­дан­ды, ұстау кү­ні «___»________20__­жыл.
10. Кінә ны­са­ны: қа­са­қа­на (1), абай­сызда (2).
11. Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық жа­сал­ған кү­ні «___»__________________20__­жыл.
12. Мем­ле­кет­ке кел­ті­рі­л­ген за­лал со­ма­сы __________________________ со­ма тең­ге­мен
13. Құқық бұ­зу­шы­лық фа­бу­ла­сы ____________________________________________________________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
14. Мы­на­лар­ға қа­ты­сты құқық бұ­зу­шы­лық: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты (01), ше­тел аза­ма­ты (02), әй­ел (03), әс­ке­ри қыз­мет­ші (04), кәме­лет­ке тол­ма­ған (05), ла­у­а­зым­ды адам (06).
15. Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ған адам­ның ТАӘ
Те­гі/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
Аты/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/___/__/__/__/__/__/__/__/__/
Әке­сі­нің аты/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
16. Ту­ған кү­ні «______»__________19____­жыл.
17. Құқық бұ­зу­шы­ның жы­ны­сы: ер (1), әй­ел (2).
18. Құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ған кез­де­гі жа­сы: 11 жас­қа дей­ін (01), 12-13 жас (02), 14-15 жас (03), 16-17 жас (04), 18-20 жас (05), 21-29 жас (06), 30-39 жас (07), 40-49 жас (08), 50-59 жас (09), 60 жас және одан жо­ға­ры (10).
19. Құқық бұ­зу­шы­лық­ты жа­са­ған: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты (1), Тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тер до­ста­стығы ел­де­рі­нің аза­ма­ты (2), ше­тел аза­ма­ты (3), аза­мат­тығы жоқ адам (4), орал­ман (5).
19.1 Аза­мат­тығы: (анық­та­ма­лық бой­ын­ша) ______________________________________________
20. Ұл­ты: (анық­та­ма­лық бой­ын­ша)_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
21. Ту­ған же­рі _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
22. Тұр­ғы­лық­ты же­рі _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­__
23. Құ­жа­ты: төл­құ­жат (01), же­ке ку­ә­лік (02), тұ­ру рұқ­са­ты (03), аза­мат­тығы жоқ адам­ның ку­ә­лі­гі (04), жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі (05), әс­ке­ри би­лет (06), туу ту­ра­лы ку­ә­лік (07), аң­шы­лық би­лет (08), же­ке кә­сіп­кер
ку­ә­лі­гі (09).
№ ___________ «____»__________ _______ жыл. ________________________________­бер­ген
(кім бер­ген)
24. Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН) /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
25. Жұ­мысы­ның тү­рі:
мы­на ор­ган­дар­дың қыз­мет­ке­рі және жұ­мыс­шы­сы: сө­здік де­ректе­ме;
ми­ни­стр­лік­тер­дің қыз­мет­ші­ле­рі: сө­здік де­ректе­ме;
қыз­мет­ші­ле­рі: сө­здік де­ректе­ме;
оқу­шы­ла­ры: сө­здік де­ректе­ме;
бас­қа­лар: сө­здік де­ректе­ме.
26. Жұ­мыс (оқу) ор­ны, ла­у­а­зы­мы ________________________________________________________
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
27. Мы­на­дай: ал­ко­голь­дік (1), есірт­кі­лік (2), уыт­құ­мар­лық ма­саң (3) күй­де жа­сал­ған.
28. Ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық-құқық­тық ны­са­ны:
Ком­мер­ци­я­лық ұй­ым: ЖК (01), ша­ру­а­шы­лық се­рік­те­стік (02), АО (03), ДК (04), өзге­лер (05); оның ішін­де: ша­ғын кә­сіп­кер­лік субъ­ект (12), ор­та кә­сіп­кер­лік субъ­ект (13), ірі кә­сіп­кер­лік субъ­ект (14).
Ком­мер­ци­я­лық емес ұй­ым: ме­ке­ме (08), қо­ғам­дық бір­ле­стік (09), мем­ле­кет­тік ме­ке­ме (10), өзге
ны­сан (11).
29. Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
30. Заң­ды ме­кен­жайы _______________________________________________________________­__
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
31. Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
32. Қыз­мет­кер­дің ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты-жө­ні­нің бі­рін­ші әріп­те­рі, қо­лы ______________________
________________________________________________ тол­ты­ры­л­ған кү­ні «____»______________20__­жыл.
Өзге бел­гі­лер _______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
33. ІІО қызметкерлері анықтаған:
полиция учаскелік инспекторлары (01), кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар (02), патрульдік полиция қызметкерлері (03), лицензиялық-рұқсат беру жұмысы қызметкерлері (04), табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция қызметкерлері (05), көші-қон полициясы қызметкерлері (06), арнайы мекемелердің қызметкерлері (07), мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері (08), жол-патрульдік полиция қызметкерлері (09), ІІО басқа қызметінің қызмкеткерлері (10).
34. ІІО есебінде тұрған:
бұрын сотталған (01), ІІО әкімшілік қадағалаудағы (02), маскүнемдік дертіне шалдыққан деп танылған, денсаулық сақтау органдарында есепке алынған (03), шартты-мерзімінен бұрын босатылған (04), ресми түрде әкімшілік қадағалауға алынған (05) адам.
35. Жасаған: бұрын сотталған (01), маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық дертіне шалдыққан деп танылған, денсаулық сақтау органдарында есепте тұратын (03), ресми түрде әкімшілік қадағалауға түскен (02), қылмыстық жауаптылық жасына жеткенге дейін қоғамдық-қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмаған (05), міндетті орта білім алудан жалтарушы кәмелетке толмаған (06), маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық дертіне шалдыққан деп танылған, есепте тұрған кәмелетке толмаған (07), алдын ала тергеу мерзіміне күзетпен ұстауға алынбаған кәмелетке толмаған (08), ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған кәмелетке толмаған (09), нашар отбасында тұратын кәмелетке толмаған (10), ауырлығы аз және орташа қылмыс жасағаны үшін сотталған және жауаптылықтан босатылған кәмелетке толмаған (11), қараусыз немесе панасыз кәмелетке толмаған (12), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кәмелетке толмаған (13), бұрын сотталған кәмелетке толмаған (14), шартты-мерзімінен бұрын босатылған (15), әкімшілік қадағалаудағы (16) адам.
36. Көлік құралының түрі: жеңіл (01), жүк (02), автобус (03), өзге (04).
37. Көлік құралының маркасы __________________
38. Көлік құралының мемлекеттік нөмірі___________
39. Қозғалтқыш нөмірі ________________________
Шанақ нөмірі _________________________________
Көлік құралының шасси нөмірі __________________
40. Көлік құралының тиесілілігі:жеке (01), мемлекеттік (02), өзге (03).
41. Жүргізуші куәлігінің нөмірі және сериясы: _____________
42. Әкімшілік құқық бұзушылықты кедендік бақылаудың техникалық кұралдарының (бұдан әрі – КБТҚ) көмегімен мемлекеттік кіріс органдарының қызметкерлері анықталды: шекарадағы бекет қызметкерлері (01), контрабандаға қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері (02), Техникалық кызмет көрсету орталығы кеден бекеттерінің қызметкерлері (03), энергетикалық кеден бекеттерінің қызметкерлері (04), кедендік кіріс бөлімшелерінің қызметкерлері (05), алдын ала операцияларды бақылау жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері (06), кедендіктен кейінгі бақылау бөлімшелерінің қызметкерлері (07), кедендік сараптама бөлімшелерінің қызметкерлері (08), заң қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері (09).
43. Құқық бұзушылықтар анықталған КБТҚ атауы: Автокөлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (01), техникалық радиациялық бақылау құралдары (02), салмақ және габарит параметрлерін автоматтандырылған анықтау жүйесі (03), қарау интраскопиялық техникасы (04), техникалық іздеу құралдары (05), техникалық сәйкестендіру құралдары (06), техникалық визуалды бақылау құралдары (07), аудио және бейнеақпарат тасымалдағыштарды техникалық бақылау құралдары (08), техникалық жедел байланыс құралдары (09).
44. Қызметкердің лауазымы, тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы және толтырған күні
__________________________________
«____» ______________20__жыл.

0-2 Әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау барысы және нәтижелері туралы карточка 1-ӘҚ нысаны

Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар
және олар­ды жа­са­ған адам­дар
ту­ра­лы ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған
де­ректер есе­бін қа­лып­та­сты­ру
бой­ын­ша Нұс­қа­улық­қа
2-қо­сым­ша
Ны­сан
Әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау барысы және нәтижелері туралы карточка 1-ӘҚ нысаны
1. Ма­те­ри­ал/хат­та­ма/іс бой­ын­ша ше­шім қа­был­да­ған өкі­лет­ті ор­ган______
2. Әкім­ші­лік іс нө­мі­рі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
2.1. Хат­та­ма нө­мі­рі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
2.2 Сот іс­і­нің нө­мі­рі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
2.3 Бір­ле­сіп қа­рау үшін іс­тер­ді бір өн­ді­ріс­ке бі­рік­ті­ру (ҚР ӘҚ­БтК 816-б., 4-б.): ия (01), жоқ (02)
2.4 Негіз­гі әкім­ші­лік іс­тің нө­мі­рі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
2.5 Бі­рік­кен әкім­ші­лік іс­тер­дің нө­мір­ле­рі:___________________________
3. Ше­шім қа­был­да­ған адам­ның ла­у­а­зы­мы, Т.А.Ә._________________________
4. Ке­ліп түс­кен кү­ні «__»________20__ж. Тү­зе­ту кү­ні «__»______20__ж.
5. Құқық бұ­зу­шы­лық­тың са­ра­ла­нуы ҚР­ӘҚБК ___б. ___б. ___т.
6. Мем­ле­кет пай­да­сы­на за­лал өтел­ді ___________________________ тең­ге
7. Ма­те­ри­ал/хат­та­ма бой­ын­ша ше­шім: ма­те­ри­ал/хат­та­ма бе­ріл­ді (08), жа­за та­ғу­мен қа­рал­ды (09), әкім­ші­лік жа­за­ны, әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­ты тоқ­та­ту­мен/боса­ту­мен (10), жа­за­ны орын­дау: ай­ып­пұл­ды өтеу (12), жа­за­ны орын­дау мер­зі­мі кей­ін­ге қал­ды­рыл­ды/ұзар­тыл­ды (13), қа­улы­ға ша­ғым/на­ра­зы­лық бе­ріл­ді (14) сот­тың ше­ші­мі­мен банк­рот бо­лып та­ныл­ды (15),
Ше­шім кү­ні «__»______________20__ж.
7.1 Про­ку­рор­дың қа­ты­суы қа­был­дан­ды: иә (01), жоқ (02)
8. Ма­те­ри­ал бе­ріл­ді
8.1 ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты­лы­ғы бой­ын­ша (01), ҚР ӘҚ­БтК 812-б. 2-б. тәр­ті­бін­де кө­лік құ­ра­лын есеп­ке алу ор­ны бой­ын­ша бе­ріл­ді (02), сот ор­га­ны­на (03), қа­улы­ны мәж­бүр­лі орын­да­у­ға (05).
8.2 Ма­те­ри­ал бе­рі­л­ген ор­ган­ның ата­уы ________________________________
9. Әкім­ші­лік жа­за ша­ра­ла­ры (ҚР ӘҚ­БтК 42, 52-бб.):
9.1 негіз­гі­лер: ес­кер­ту (01), ай­ып­пұл (02), тұт­қын­дау (03), ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ру (04), рұқ­са­ты­нан ай­ы­ру неме­се оның әре­ке­тін тоқ­та­та тұ­ру, сон­дай-ақ ті­зі­лім­нен шы­ға­ру (05), қыз­мет­ті тоқ­та­та тұ­ру/тый­ым са­лу неме­се олар­дың же­ке түр­ле­рін (06), ше­тел­дік­тер­ді неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­дар­дың әкім­ші­лік шы­ға­ру (07),
Мы­на мер­зім­ге: «__»______________20__ж.
9.2 қо­сым­ша: ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ру (04), рұқ­са­ты­нан ай­ы­ру/тоқ­та­та тұ­ру, со­ны­мен қа­тар ті­зі­лім­нен алып та­стау (05), қыз­мет­ті неме­се оның же­ке түр­ле­рін тоқ­та­та тұ­ру/тый­ым са­лу (06), ше­тел­дік­тер­ді неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­дар­дың әкім­ші­лік шы­ға­ру (07), тәр­кі­леу (09), мәж­бүр­лі бұ­зу (10).
Мы­на мер­зім­ге: «__»______________20__ж.
9.3 Әкім­ші­лік-құқық­тық: жол қоз­ға­лы­сы ере­же­ле­рін бі­лу­ін тек­се­ру (12), бұ­за­қы мі­нез-құл­қы­на ерекше та­лап­тар бел­гі­леу (14).
9.4 Са­лын­ған ай­ып­пұл кө­ле­мі ____________________________ тең­ге
9.5 Со­ның ішін­де ҚР ӘҚ­БтК 819-б. 2-б. қол­да­нып: иә (01), жоқ (02)
9.6 Қы­сқар­ту өн­ді­рі­сі тәр­ті­бін­де са­лын­ған ай­ып­пұл мөл­ше­рі ______________ тең­ге
10. Тоқ­та­ту негіз­де­рі:
10.1 Мы­на негіз­дер бой­ын­ша тоқ­та­тыл­ды: ҚР ӘҚ­БтК 62-б. бой­ын­ша ескі­ру мер­зі­мі­нің өту­іне бай­ла­ны­сты (03), ҚР ӘҚ­БтК 63-б. бой­ын­ша ра­қым­шы­лық ак­ті­сі негі­зін­де (04), ҚР ӘҚ­БтК 64-б. бой­ын­ша та­рап­тар­дың бі­ті­су­іне бай­ла­ны­сты 64 (06), ҚР ӘҚ­БтК 68-б. бой­ын­ша кәме­лет­ке тол­ма­ған­ды боса­ту (07), ҚР ӘҚ­БтК 741-б. бой­ын­ша іс бой­ын­ша өн­ді­рі­сті бол­дыр­май­тын жағ­дай­лар бой­ын­ша (08), ҚР ӘҚ­БтК 742-б. көз­дел­ген жағ­дай­лар бой­ын­ша (09), ҚР ӘҚ­БтК 821-б. 5-б. 3-т. (10).
10.2 ҚР ӘҚ­БтК 741-б. бой­ын­ша іс бой­ын­ша өн­ді­рі­сті бол­дыр­май­тын жағ­дай­лар: әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық оқи­ға­сы­ның бол­мауы (01), әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық құ­ра­мы­ның бол­мауы (02), әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­ты бел­гі­лей­тін заң­ның неме­се оның же­ке ере­же­ле­рі­нің кү­шін жою (03), егер әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­ты бел­гі­лей­тін заң­ды неме­се оның же­ке ере­же­ле­рін, неме­се әре­кет­ті әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ре­т­ін­де са­ра­лау бай­ла­ны­сты бо­ла­тын әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы осы істе қол­да­ны­лу­ға ти­іс­ті өзге нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ні ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық Ке­ңе­сі кон­сти­ту­ци­я­лық емес деп та­ны­са (04), әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ту­дың ескі­ру мер­зі­мі­нің өтуі (05), әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­ла­тын адам­ға қа­ты­сты сол де­рек бой­ын­ша су­дья­ның, ор­ган­ның, ла­у­а­зым­ды адам­ның әкім­ші­лік жа­за та­ғу ту­ра­лы қа­улы­сы­ның неме­се әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс­ті тоқ­та­ту ту­ра­лы кү­ші жой­ыл­ма­ған қа­улы­сы­ның бо­луы, сон­дай-ақ сол де­рек бой­ын­ша адам­ды кү­дік­ті деп та­ну ту­ра­лы қа­улы­ның бо­луы (06), іс бой­ын­ша өн­ді­ріс жүр­гі­зі­ле­тін же­ке тұл­ға­ның қа­за бо­луы, заң­ды тұл­ға­ның та­ра­ты­луы (07), ҚР заң­на­ма­сы­мен бел­гі­лен­ген мер­зім­де элек­трон­дық түр­де са­лық есеп­ті­лі­гі­нің ны­сан­да­рын ұсы­ну бой­ын­ша са­лық тө­ле­у­ші­нің са­лық мін­дет­те­ме­сін орын­да­мауы­на әкел­ген, бюд­жет­ке са­лық­тар­дың және бас­қа мін­дет­ті тө­лем­дер­дің тү­су­ін қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да же­тек­ші­лік­ті жү­зе­ге асы­ра­тын өкі­лет­ті ор­ган рас­та­ған бағ­дар­ла­ма­лық қам­сыздан­ды­ру­да­ғы тех­ни­ка­лық қа­те­лік­тер туын­да­ған жағ­дай­да (09), ҚР ӘҚ­БтК 897-б. бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дың тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың бо­луы (10), әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­ла­тын адам за­ң­мен бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те адам са­уда­сы­мен бай­ла­ны­сты қыл­мыс ту­ра­лы қыл­мыстық іс бой­ын­ша жә­бір­ле­ну­ші деп та­ны­л­ған (11).
10.3 Адам ҚР ӘҚ­БтК 50-б, 2-б. негі­зін­де әкім­ші­лік жа­за­дан боса­ты­л­ған (11), адам ҚР ӘҚ­БтК 889-б. негі­зін­де әкім­ші­лік жа­за­дан боса­ты­л­ған (10), адам ҚР ӘҚ­БтК 63-б. негі­зін­де әкім­ші­лік жа­за­дан боса­ты­л­ған (12), адам ҚР ӘҚ­БтК 68-б. негі­зін­де әкім­ші­лік жа­за­дан боса­ты­л­ған (13).
10.4 Кәме­лет­тік жас­қа тол­ма­ған­ға қа­ты­сты тәр­би­е­лік ық­пал ету ша­ра­ла­ры қол­да­ны­л­ған: заң­ды тү­сін­ді­ру (1), ата-ана­сы­ның неме­се олар­ды ауы­сты­ра­тын адам­дар­дың, неме­се ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік ор­ган­ның қа­да­ға­ла­у­ы­на бе­ру (2), кел­ті­рі­л­ген зи­ян­ды өтеу мін­де­тін жүк­теу (3), кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның де­ма­лы­сын шек­теу және мі­нез-құл­қы­на ерекше та­лап­тар қою (4), құқық бұ­зу­шы­ның мі­нез-құл­қы­на ерекше та­лап­тар (05).
11. Ай­ып­пұл тө­ле­ту
11.1 1 Ерік­ті түр­де өтел­ген ай­ып­пұл со­ма­сы ____________________ тең­ге
11.2 Мәж­бүр­леу тәр­ті­бін­де тө­ле­ті­л­ген ай­ып­пұл со­ма­сы ___________ тең­ге
11.3 Қы­сқар­ты­л­ған тәр­тіп­те тө­ле­ті­л­ген ай­ып­пұл со­ма­сы __________ тең­ге
12. Қа­улы­ны орын­дау ме­рі­зі­мі кей­ін­ге қал­ды­рыл­ды/ұзар­тыл­ды
12.1 Әкім­ші­лік тұт­қын­дау, ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ру неме­се ай­ып­пұл тү­рін­де­гі әкім­ші­лік жа­за ту­ра­лы қа­улы­ны орын­дау «__» 20___ ж. дей­ін кей­ін­ге қал­ды­рыл­ды.
12.2 Ай­ып­пұл тө­ле­ту ту­ра­лы қа­улы­ны орын­да­уды су­дья, ор­ган (ла­у­а­зым­ды адам) «__»______________20__ж. дей­ін кей­ін­гі қал­ды­рыл­ды.
13. Ша­ғым­дал­ды/на­ра­зы­лық бе­ріл­ді
13.1 ҚР ӘҚ­БтК 830-б. тәр­ті­бін­де ша­ғым бе­ріл­ді (01), ҚР ӘҚ­БтК 830-б. тәр­ті­бін­де на­ра­зы­лық бе­ріл­ді (02), ҚР ӘҚ­БтК 847-б. тәр­ті­бін­де ша­ғым бе­ріл­ді (05). ҚР ӘҚ­БтК 847-б. тәр­ті­бін­де на­ра­зы­лық бе­ріл­ді (06), ҚР ӘҚ­БтК 851-б. тәр­ті­бін­де ша­ғым бе­ріл­ді (03), ҚР ӘҚ­БтК 851-б. тәр­ті­бін­де на­ра­зы­лық бе­ріл­ді (04).
13.2 Ша­ғым­ды/на­ра­зы­лық­ты қа­рау нәти­же­сі: қа­у­лы өзге­ріс­сіз қал­ды, ал ша­ғым/на­ра­зы­лық қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ма­ды (01), қа­у­лы өзгер­тіл­ді (02), әкім­ші­лік іс­ті тоқ­та­ту­мен қа­улы­ның кү­ші жой­ыл­ды (03), жа­ңа қа­у­лы шы­ға­ру­мен қа­улы­ның кү­ші жой­ыл­ды (04), ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты­лы­ғы бой­ын­ша жол­да­у­мен қа­улы­ның кү­ші жой­ыл­ды (05).
13.3 Ша­ғым/на­ра­зы­лық бой­ын­ша іс­ті қа­рау кү­ні «__»______________20__ж.
13.4 Іс­ті қай­та қа­ра­ған ор­ган ата­уы _______ ______________________
14. Қа­улы­ның жа­ңа­дан ашы­л­ған мән-жай­лар бой­ын­ша қай­та қа­рау
14.1 ҚР ӘҚ­БтК 852-б. тәр­ті­бін­де ша­ғым бе­ріл­ді (01), ҚР ӘҚ­БтК 852-б. тәр­ті­бін­де на­ра­зы­лық бе­ріл­ді (02).
14.2 Ша­ғым­ды/на­ра­зы­лық­ты қа­рау нәти­же­сі: қай­та­рыл­ды (01), қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды және кү­ші жой­ыл­ды (02), іс­ті қай­та қа­ра­удан бас тар­тыл­ды (03).
14.3 Ша­ғым/на­ра­зы­лық бой­ын­ша іс­ті қа­рау кү­ні «__»______________20__ж.
14.4 Іс­ті қай­та қа­ра­ған ор­ган ата­уы _________________________________
_____________________________________ «__»______________20__ж.
15. Банк­рот бо­лып та­ныл­ды
15.1 Ше­шім қа­был­да­ған сот­тың ата­уы (анық­та­ма­лық бой­ын­ша)
15.2 Ше­шім кү­ні «__»______________20__ж.
16. Қыз­мет­кер­дің Т.А.Ә., ла­у­а­зы­мы, қо­лы және тол­тыр­ған кү­ні
_____________________________________ «__»______________20__ж.

0-3 Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу журналы

Әкім­ші­лік құқық
бұ­зу­шы­лық­тар және
олар­ды жа­са­ған адам­дар
ту­ра­лы ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған
де­ректер есе­бін
қа­лып­та­сты­ру бой­ын­ша
Нұс­қа­улық­қа 3-қо­сым­ша
Ны­сан
__________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу журналы
№ _________________
20__ ж. «___»___________ № _______________басталды
20__ ж. «___»__________ № ________________аяқталды
№ р/р
Тір­кеу кү­ні және уа­қы­ты
Әкім­ші­лік іс­тің нө­мі­рі
Құқық бұ­зу­шы­лық­ты кім анық­та­ды
Хат­та­ма­ның/ма­те­ри­ал­дың № және оны құ­ра­с­ты­ру кү­ні
ҚР ӘҚБК нор­ма­ла­ры бой­ын­ша құқық бұ­зу­шы­лық­ты са­ра­лау
Құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­лу ор­ны және кү­ні
Құқық бұ­зу­шы­лық фа­бу­ла­сы
Құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ған адам неме­се же­ке кә­сіп­кер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, (Т.А.Ә., ту­ған кү­ні және же­рі, жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы) ЖСН, ме­кен­жайы)
Заң­ды тұл­ға­ның, ЖК-дің, ДК-дің ата­уы және ме­кен­жайы, заң­ды тұл­ға­ның бі­рін­ші бас­шы­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (болған кез­де заң­ды ме­кен­жайы, БСН)
)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы
Қа­рау кү­ні және нәти­же­ле­рі
Ма­те­ри­ал­ды сот­қа жі­бе­ру кү­ні
Қа­у­лы № және заң­ды кү­шіне ену кү­ні
Жа­за­лау ша­ра­ла­ры
№ 1-ӘЖ ны­сан­ды кар­точ­ка­ны ұсын­ған қыз­мет­кер­дің Т.А.Ә.
№-ӘҚ ны­сан­ды кар­точ­ка­ны ұсын­ған қыз­мет­кер­дің Т.А.Ә.
ҚСжА­ЕКБ-на АЕҚ жол­дау кү­ні
Та­ғы­л­ған ай­ып­пұл­ды тө­леу кү­ні
Мәж­бүр­лі тө­ле­ту ту­ра­лы қа­улы­ны жол­дау кү­ні
ААК, СДТ­БТ № және кү­ні
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20

0-4 Өтініш

Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар және
олар­ды жа­са­ған адам­дар ту­ра­лы
ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған де­ректер
есе­бін қа­лып­та­сты­ру бой­ын­ша
Нұс­қа­улық­қа
4-қо­сым­ша
Ны­сан
БП ҚСжА­ЕКБ Бас­шы­сы­на ______ бой­ын­ша
_______________________________
кім­нен (Т.А.Ә. то­лық) _________
_______________________________
_______________________________
Ту­ған кү­ні ____________________
Ту­ған же­рі ____________________
Же­ке ку­ә­лік № _________________
Бе­ріл­ді _______________________
Ме­кен­жайы _____________________
Бай­ла­ныс те­ле­фо­ны _____________
Өтініш
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________үшін қажет (сұраудың мақсаты) маған қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың бар (жоқтығы) туралы мәліметтерді ұсынуыңызды сұраймын.
Күні _________________ Қолы ______

0-5 А Н Ы Қ Т А М А

Әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар
және олар­ды жа­са­ған адам­дар
ту­ра­лы ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған
де­ректер есе­бін қа­лып­та­сты­ру
бой­ын­ша Нұс­қа­улық­қа
5-қо­сым­ша
Ны­сан
А Н Ы Қ Т А М А
Азамат (ша)__________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты,
_____________________________________________________________________
күні (күнді, айды және жылды көрсетумен)
_____________________________________________________________________
және туған жері
20___ жылғы«_____» _____________ жағдайына әкімшілік құқық
бұзушылықтары жоқ (бар).
Басқарма басшысы
_______________________________________________
(Комитеттің аумақтық органының, құрылымдық
бөлімшесінің атауы, қолы, Т.А.Ә.)

Қолданыстағы