Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи и формы подтверждения автономным кластерным фондом, на основании которого осуществляется отнесение полученных (подлежащих получению) доходов к доходам от видов деятельности организаций, осуществляющих деятельность на территории специальной экономической зоны "Парк инновационных технологий"

Қаулы · № 1207 · қабылданған 19.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84410/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи и формы подтверждения автономным кластерным фондом, на основании которого осуществляется отнесение полученных (подлежащих получению) доходов к доходам от видов деятельности организаций, осуществляющих деятельность на территории специальной экономической зоны "Парк инновационных технологий" Күшін жойған Қаулы ·№ 1207 ·19.11.2014
04.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи и формы подтверждения автономным кластерным фондом, на основании которого осуществляется отнесение полученных (подлежащих получению) доходов к доходам от видов деятельности организаций, осуществляющих деятельность на территории специальной экономической зоны "Парк инновационных технологий"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1207 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи и формы подтверждения автономным кластерным фондом, на основании которого осуществляется отнесение полученных (подлежащих получению) доходов к доходам от видов деятельности организаций, осуществляющих деятельность на территории специальной экономической зоны "Парк инновационных технологий"
Атауы (қаз.)
Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1207
Қабылданған күні
19.11.2014
Көрсетілген редакция
04.05.2016 AI84410_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001207
ЭКБ идентификаторы
84410
Редакция идентификаторы
AI84410_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:56

0

Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 150-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру қағидалары;

2 2) дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманың нысаны бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

0 Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 қарашадағы
№ 1207 қаулысымен
бекітілген
Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақты (бұдан әрі — АЭА) құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу туралы растама беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:

1 1) АЭА қатысушысы - АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және АЭА қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

2 2) өтініш - растаманы алу үшін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, АЭА қатысушысының жазбаша өтініші;

3 3) растама - АЭА қатысушылары алған (алуға жататын) табыстардың АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерінен алынған табыстарға жататынын растайтын ресми құжат;

4 4) өтініш беруші — растаманы алуға арналған өтінішті қарауға ұсынған АЭА қатысушысы;

5 5) дербес кластерлік қор - «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА басқару органы болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым.

2 2. Растаманы беру тәртібі

3 3. АЭА қатысушысы дербес кластерлік қорға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш береді, ол келіп түскен күні осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.

4 4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) қызмет түрлері бойынша бөлінген өз өндірісінің сатылған тауарларының (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемі туралы АЭА қатысушысының анықтамасы;

2 2) өткен қаржы жылы үшін АЭА қатысушысының қызмет нәтижелері бойынша бухгалтерлік теңгерім және табыстар мен шығыстар туралы есеп;

3 3) өткен қаржы жылы үшін аудиторлық есептің көшірмесі (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар ғана ұсынады);

4 4) АЭА қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқару органымен жасалған шарттың көшірмесі;

5 5) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) АЭА қатысушының өткізгенін растайтын құжаттар;

тауарларды басқа жаққа жіберу жүкқұжаты;
орындалған жұмыстар (көрсету қызметтер) актісі;
АЭА қатысушысы мен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) алушы (сатып алушы) арасында жасалған тауарды жеткізуге (жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге) арналған шарттардың (келісімшарттардың) көшірмелері.

5 5. Өтініш беруші ұсынылған материалдардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олар біртұтас папкаға жинақталуы, ал парақтары нөмірленуі тиіс.

6 6. Дербес кластерлік қор Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттар толық болмаған, сондай-ақ нысаны осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген өтінішті ресімдеу талаптарына және мазмұнына сәйкес келмеген жағдайда, дербес кластерлік қор өтініш берілген күні оны қарамай қайтарады.

7 7. Дербес кластерлік қор АЭА қатысушысына растаманы өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей мынадай шарттар бір уақытта сақталған жағдайда береді:

1 1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелсе;

2 2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушысы болып табылса;

3 3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жоқ болса;

4 4) мынадай шарттар сақталған жағдайда:

өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Салық кодексінің 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушысы жүзеге асырса, жылдық жиынтық табысының кемінде 70 пайызын өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса.
растама өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алуға жататын (алынған) табыстар бойынша «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін мынадай қызмет түрлері бойынша беріледі:

1 1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етілімді (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;

2 2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);

3 3) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізу.

8 8. Растаманы беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, дербес кластерлік қор өтініш келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде өтініш берушіге бірінші басшының (ол жоқ болған жағдайда, оның міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылған жазбаша дәлелді жауап жібереді.

Өтініш берушінің Салық кодексінің 150-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының және 151-4-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі растама беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

7 7. Растама осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген Растамаларды тіркеу журналында тіркеледі.

1 Алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы дербес кластерлік қордың алуына ӨТІНІШ

Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға
жататын) табыстарды "Инновациялық
технологиялар паркі" арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметін жүзеге
асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен
алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға
негіз болатын растаманы беру қағидаларына
1-қосымша
Дербес кластерлік қордың басшысы (атауы)
_________________________
(Т.А.Ә.)
Нысан
Алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы дербес кластерлік қордың алуына ӨТІНІШ

1 1. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушының атауы

_____________________________________________________________________

2 2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________

3 3. Мекенжайы мен телефоны _____________________________________

20__ жылғы «__» «______» бастап 20__ жылғы «___» «_____» кезеңі
ішінде алынған (алынуға жататын) табыстарды «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы
Кодексінің (Салық кодексі) 151-4 бабының 2-тармағында көрсетілген
қызмет түрлерінен түсетін табыстарға жатқызу туралы растама беруді
сұраймыз (қажеттісінің астын сызу керек).
Қызмет түрлері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қосымша: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «__» «______» №
______ қаулысымен бекітілген Дербес кластерлік қордың алынған
(алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі»
арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын
ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге
асыруға негіз болатын растаманы беру қағидаларының 4-тармағында
көрсетілген анықтама-растаманы алу үшін қажетті құжаттар.
Ұйым басшысы __________________________________ (Т.А.Ә., қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ (Т.А.Ә., қолы) М.О.
20__ жылғы «__» «______»

2 Өтініштерді тіркеу журналы

Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға
жататын) табыстарды "Инновациялық
технологиялар паркі" арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметін жүзеге
асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен
алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға
негіз болатын растаманы беру қағидаларына
2-қосымша
Өтініштерді тіркеу журналы
Р/с

Өті­ніш қа­был­да­ған күн
Өті­ніш бе­ру­ші­нің ата­уы
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Рас­тал­ған кі­ріс со­ма­сы және бе­рі­л­ген кү­ні
Өті­ніш­ке қо­са бе­рі­ле­тін құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Па­рақ са­ны
Өті­ніш­ті қа­был­да­ған ма­ман­ның қо­лы және Т.А.Ә.
Өті­ніш бе­ру­ші­нің қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9

3 Растаманы тіркеу журналы

Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға
жататын) табыстарды "Инновациялық
технологиялар паркі" арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметін жүзеге
асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен
алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға
негіз болатын растаманы беру қағидаларына
3-қосымша
Растаманы тіркеу журналы
Р/с

Бе­рі­л­ген кү­ні
Анық­та­ма рас­та­ма­ны алушы­ның ата­уы
Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Бе­кі­ті­л­ген кі­ріс со­ма­сы және бе­рі­л­ген кү­ні
Рас­та­ма­ға қо­са бе­рі­ле­тін құ­жат­тар тіз­бе­сі
Па­рақ са­ны
Рас­та­ма­ны бер­ген ма­ман­ның қо­лы және Т.А.Ә.
Алушы­ның қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9

4 Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын РАСТАМА

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 қарашадағы
№ 1207 қаулысымен
бекітілген
Нысан
Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын РАСТАМА
№ _________                         20 __ жылдың «__»____________

1 1. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушының атауы

_____________________________________________________________________

2 2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________

3 3. Мекенжайы мен телефоны _____________________________________

Дербес кластерлік қор ______________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы)
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын
құрудың мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрінен (түрлерінен) жеке
өндіріс тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) 20__ жылғы
«__» ________ 20__ жылғы «___» ________ кезеңінде өткізуден алынған
табыстары __________________________ құрағанын растайды.
(сома теңгемен және жазбаша)
«__________________» жылы ішіндегі жылдық жиынтық табысы
___________________________________________________________ құрайды.
(сома теңгемен және жазбаша)
Ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­мақ­тар құ­ру мақ­сат­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша өзде­рі өн­ді­ре­тін та­у­ар­лар­дың (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) тіз­бе­сі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2013 жы­л­ғы 29 сәу­ір­де­гі № 404 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген)
ЭҚ­ЖЖ ко­ды
ЭҚ­ТӨЖ ко­ды
Өзде­рі өн­ді­ре­тін та­у­ар­лар­ды (жұ­мыстар­ды, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді) өт­кі­зу­ден ал­ған (алы­ну­ға жа­та­тын) та­быст­ар со­ма­сы тең­ге­мен)
Жиын­тық жыл­дық та­быст­ың үлес сал­ма­ғы (%-бен)
1
2
3
4
5
Қолданылу мерзімі _____________________________
Дербес кластерлік қордың басшысы
__________________________________ (Т.А.Ә., қолы) М.О.
(атауы)

Қолданыстағы