Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Ескельдинском районе

Өзге акт · № 42-236 · қабылданған 29.10.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84436/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Ескельдинском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 42-236 ·29.10.2014
09.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Ескельдинском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 42-236 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Ескельдинском районе
Атауы (қаз.)
Ескелді ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
42-236
Қабылданған күні
29.10.2014
Көрсетілген редакция
09.12.2015 84436_275069.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14DI002916
ЭКБ идентификаторы
84436
Редакция идентификаторы
84436_275069
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:09

0 Ескелді ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін

және тәртібін айқындау туралы
"Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:

1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;

3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды:

өтінішті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес, кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;

4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген мерзімге тоқсан сайын төленеді.

5 5) алғаш тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындары өтiнiш берген күннен бастап төленеді.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы