О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 365
- Қабылданған күні
- 20.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2020 84494_453012.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SE002987
- ЭКБ идентификаторы
- 84494
- Редакция идентификаторы
- 84494_453012
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:16
0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлері мен мөлшерлері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың қоса берілген қағидасы бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________
А.Ғ. Байқадамов
2014 жылғы 20 қазан
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің 2014 жылғы
20 қазандағы № 365
қаулысына қосымша
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлерi мен мөлшерлерi
1 1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің Құрмет грамотасы.
2 2. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
3 3. Бағасы 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын бағалы сыйлық.
9 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2014 жылғы 20 қазандағы
№ 365 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтарды көтермелеу қағидалары
Осы Қағидалар қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
1 1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.
2
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Полиция департаментi Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – СҚО ПД Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ПБ) енгiзедi.