Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей

Қаулы · № 426 · қабылданған 07.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84523/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении перечня должностей Күшін жойған Қаулы ·№ 426 ·07.11.2014
10.04.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей

Күшін жойған Қаулы ·№ 426 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей
Атауы (қаз.)
Лауазымдар тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
426
Қабылданған күні
07.11.2014
Көрсетілген редакция
10.04.2017 84523_183860.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14LH004805
ЭКБ идентификаторы
84523
Редакция идентификаторы
84523_183860
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:02

0 Лауазымдар тізбесін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1.

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2.

Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.

3 3.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Сырдария аудандық
мәслихатының хатшысы
_________ Б.Маншарипов
«07» қараша 2014 жыл

4 Сырдария ауданы әкімдігінің

2014 жылғы «7» қарашадағы
№ 426 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1)

мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде зертхана басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2)

бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде зертхана басшысы;

3 3)

бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде зертхана басшысының орынбасары;

4 4)

дәріхана меңгерушісі;

5 5)

мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, барлық мамандықтағы инженер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, провизор, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, фармацевт, фельдшер (зертханашы).

2 2.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1)

үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесі (орталығы) меңгерушісі;

2 2)

мамандар (бас, аға): күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

3 3)

жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің басшысы;

4 4)

мамандар (бас, аға): біліктілігі жоғары деңгейлі маман, маман, консультант.

3 3.

Білім беру саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1)

мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2)

бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал), оның ішінде көркемдік жетекші, әдістемелік кабинет басшысы;

3 3)

мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, әлеуметтік педагог, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, психолог, үйірме жетекшісі, хореограф, хормейстер.

4 4.

Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1)

мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде мәдениет және мұрағат ісі басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2)

бөлімше (сектор), бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы, оның ішінде көркемдік жетекші;

3 3)

мұрағат, мұрағат қоймасы, кітапхана, клуб, мұражай меңгерушісі;

4 4)

мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатор, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, бағдарламашы, редактор, режиссер, үйірме жетекшісі, хормейстер, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер;

5 5)

техникалық орындаушылар, оның ішінде: архивариус, мұражай қараушысы.

5 5.

Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1)

мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, оның ішінде спорт басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішінде бірінші);

2 2)

бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;

3 3)

оқу бөлімінің меңгерушісі;

4 4)

мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдістемеші, жаттықтырушы, медициналық бике.

6 6.

Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1)

мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары (оның ішіндегі бірінші);

2 2)

бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлім), филиал) басшысы;

3 3)

мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мал дәрігері, эпизоотолог, мал фельдшері.

Қолданыстағы