Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи

Ереже · № 216 · қабылданған 04.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84595/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи Күшін жойған Ереже ·№ 216 ·04.11.2014
24.10.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи

Күшін жойған Ереже ·№ 216 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
216
Қабылданған күні
04.11.2014
Көрсетілген редакция
24.10.2018 84595_370219.kaz
Соңғы өзгеріс
24.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VQ003559
ЭКБ идентификаторы
84595
Редакция идентификаторы
84595_370219
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:05

0 Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Шығыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінде 2016 жылы 08 шілде күні нөмері 4588 болып тіркелді.
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1.

Қоса берілген тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағидасы бекітілсін.

2 2.

Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Ұлан аудандық мәслихатының

2014 жылғы 04 қарашадағы
№ 216 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы Қағидасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді.

2 2.

Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1)

шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;

2 2)

отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;

3 3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

4 4)

уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын ауданның жергiлiктi атқарушы органы;

5 5)

тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

6 6)

аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар.

3 3.

Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының жиынтық кiрiсiне 10% мөлшерінде тағайындалады.

4 4.

Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1 1)

жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

2 2)

тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуына;

3 3)

жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiленген шығыстарының шекті жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.

2 2. Тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі

5

5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат, не сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегiн тағайындау» мемлекеттік қызметі стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.

6 6.

Жұмысқа қабілетті жұмыс істемейтін, оқудың күндізгі бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде тіркелмеген тұлғалары бар отбасы тұрғын үй көмегін алуға құқықты емес, келесі тұлғаларды қоспағанда:

1 1)

50 жасқа толған тұлғалар (жынысына қарамастан);

2 2)

І, ІІ топтағы мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын тұлғалар;

3 3)

16 жасқа дейінгі жастағы мүгедек-балаларды, 80 жастан асқан тұлғаларды күтуді жүзеге асыратын тұлғалар;

4 4)

7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын тұлғалар;

5 5)

18 жасқа дейінгі төрт немесе одан көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын аналар;

6 6)

мүгедектік тобы жоқ, бірақ туберкулездік, наркологиялық және онкологиялық аурулармен есепте тұрған азаматтар.
Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы құрамында есептелмейді.

7 7.

Тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Өтiнiш тұрғын үй көмегiн тағайындау жөнiндегi мамандармен әзiрленген кестеге сәйкес тоқсан iшiнде қабылданады. Отбасының табысы туралы анықтамалар, коммуналдық қызметтердiң, байланыс қызметтерiнiң төлемi, тұрғын үйдi (тұрғын үй ғимаратын) күтiп ұстау шығындары туралы түбiртектер өтiнiш берген тоқсан алдындағы тоқсанға ұсынылады. Өткен тоқсанға коммуналдық қызметтер төленбеген немесе жартылай төленген жағдайда отбасына тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
Тұрғын үй көмегін алу үшін бірінші рет жүгінген және өтінген кезде коммуналдық қызметтері және байланыс қызметтері төлемі бойынша берешектері бар отбасыларға тұрғын үй көмегін алушы ретінде есепке қойған уақыттан бастап коммуналдық қызметтерді уақтылы төлеген жағдайда қызмет көрсететіндердің тарифтері бойынша қарыздарына қарамастан тұрғын үй көмегі тағайындалады.

8 8.

Тұрғын үй көмегі жылыту мерзімінде ыстық су және орталықтандырылған жылу жүйесі қосылмаған және пәтерді жылыту автономды жылыту құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын үйлердегі пәтер иелеріне тағайындалады. Мұндай жағдайда электрэнергия үшін төлем сомасын қызмет көрсететіндердің тарифтері және тұрғын үй ауданының нормасына сәйкес жылу мен ыстық су төлемінің балама сомасында есептеу.

9 9.

Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі шаралар қабылданады:

1 1)

өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ жұбайы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі жұбайының тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген мекенжайы бойынша тағайындалады;

2 2)

өтініш берушінің үйінде, ата-аналары басқа жерде тіркелген және ата-аналық құқығынан айырылмаған 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, баланың ата-анасының табыстары ескеріледі;

3 3)

өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ жұбайының тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына хабарламаса – тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

10 10.

Зейнеткерлер мен мүгедектердi (жалғыз басты немесе бiрге тұратын) қолдау мақсатында тұрғын үй көмегiн есептеу және құқығын белгiлеу барысында кiрiс тиiстi қаржылық жылға тағайындалған екi айлық көрсеткiшке түзетiледi (азайтылады).

11 11.

Мемлекеттік қызметті ауданның жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1 1)

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы;

2 2)

«электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегін алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 05 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9 тармағымен белгіленген.

12 12.

Тұрғын үй жәрдемақысының негiзсiз алынған сомасы, алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгiленген тәртiпте қайтаруға жатады.

3 3. Жергілікті жылытатын жеке меншік үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі

13 13. Шектi жол берiлетiн шығыстар деңгейі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстарына 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

14 14.

Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеу тоқсан алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша аудан бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен ұсынылған орташа баға қолданылсын.

15 15.

Ұсынылған құжаттарға сәйкес, тұрғын үй көмегiн есептеген ретте жергiлiктi жылытатын жеке меншiк үйлерде қолданылатын отынның басқа түрлерiнiң құны мен шығын нормасын, көмiрдiң құны мен шығынның эквиваленттi нормасына есептелсiн.

16 16.

Көмір сатып алу маусымдығына байланысты, тұрғын үй көмегін есептеген ретте тұрғын үйге көмірдің барлық әлеуметтік шығын нормасы (көмірдің құны) жүгінген тоқсанның үш айына бір уақытта есептелсін.

17 17.

Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке меншік үйлерде тұратын отбасының орташа табысы өтініш берген тоқсан алдындағы тоқсанға есептелсін.

4 4. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін әлеуметтік нормалар және нормативтер

18 18.

Аумақтың нормалары:

1 1)

жалғыз басты тұрып жатқан азаматтарға-35 ш.м;

2 2)

2 адамнан тұратын отбасына -45 ш.м;

3 3)

3 адамнан тұратын отбасына -50 ш.м;

4 4)

4 және одан артық тұратын отбасына - әрбір адамға 18 ш.м., бірақ 90 ш.м. көп емес

19 19.

электр қуатының тұтыну нормасы:

1 1)

1 адамға - 90 кВт;

2 2)

2 адамға (әрқайсысына)- 85 кВт;

3 3)

3 және одан артық адамға (әрқайсысына)- 75 кВт

20 20.

Айына бір адамға газдың шығын нормасы - 7,6 кг.

21 21.

Көмірдің шығыны жалпы ауданның 1 шаршы метріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы қажет.

22 22.

Сумен қамту, жылумен қамту, қоқысты шығару бойынша тұтыну нормативтері және олардың тарифтері, және тұрғын үйді ұстау шығындары коммуналдық қызметтерді жеткізушілерімен ұсынылады.
Коммуналдық қызметтер шығындарын есептеу құралдары (суды пайдалану, газды пайдалану) болған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, бірақ әрекеттегі нормадан артық емес.

23 23.

Тұрғын үй көмегін алушыларға телекоммуникация қызметін көрсету үшін абоненттік төлем тарифінің өсуі өтемақысының мөлшері 2004 жылы қыркүйекте бекітілген абоненттік төлем және өтініш берген кездегі әрекеттегі абоненттік төлем арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

5 5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер (отбасы), азаматтардың жиынтық табысын есептеу реті

24 24.

Тұрғын үй көмегін алуға үміткер (отбасы), азаматтардың жиынтық табысы «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы құрылыс пен тұрғын үй жөндеу шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес (2012 жылғы 06 ақпандағы № 7412 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген) есептеледі.

6 6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

25 25.

Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру тиісті қаржы жылына ауданның бюджетінде көзделген қаржы шегінде жүзеге асырылады.

26 26.

Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы тұрғын үй көмегін алушылардың ұсынған шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Қолданыстағы