Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Прииртышского сельского округа Железинского района

Ереже · № 236-5/30 · қабылданған 05.11.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84601/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Прииртышского сельского округа Железинского района Күшін жойған Ереже ·№ 236-5/30 ·05.11.2014
16.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Прииртышского сельского округа Железинского района

Күшін жойған Ереже ·№ 236-5/30 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Прииртышского сельского округа Железинского района
Атауы (қаз.)
Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
236-5/30
Қабылданған күні
05.11.2014
Көрсетілген редакция
16.11.2023 84601_665996.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PF004185
ЭКБ идентификаторы
84601
Редакция идентификаторы
84601_665996
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:04

0 Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес, Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерінде бекітілсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының заңдылық, тәртіп және азаматтардың үндеулері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

Железинка аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
5 қарашадағы № 236-5/30
шешімімен бекітілген
Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1

1. Жалпы ережелер

1. Осы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Железин ауданы Прииртышск ауылдық округі аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3. Бөлек жиынды Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің әкімі шақырады.

Железин ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді Прииртышск ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің әкімі немесе ол өкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Железинка аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Прииртышск ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы