Об утверждении положении Порядка оказания социальной помощи отдельным категориям граждан Атырауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении положении Порядка оказания социальной помощи отдельным категориям граждан Атырауской области
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы азаматтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Тәртібінің ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 98-II
- Қабылданған күні
- 12.01.2001
- Көрсетілген редакция
- 12.01.2001 8463_290495.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.01.2001
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V01T000359_
- ЭКБ идентификаторы
- 8463
- Редакция идентификаторы
- 8463_290495
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:03
Атырау облысы азаматтарының кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Тәртібінің ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 10 желтоқсан 1993 жылғы № 2578-ХІІ "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы" заңына сай ІІ сайланған облыстық Мәслихаттың кезектен тыс ІХ сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Төменде көрсетілген азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Тәртіптерінің ережелері бекітілсін:
- төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Тәртібі (№ 2 қосымша);
- төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға қала iшiнде, сондай-ақ қала маңы мен аудан iшiнде транспортта (таксиден басқа) жүруi үшiн әлеуметтiк көмек көрсету Тәртібі (№ 3 қосымша);
- телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі (№ 4 қосымша);
- аса мұқтаж азаматтарға бiржолғы әлеуметтiк төлемдер төлеу тәртiбi (№ 5 қосымша);
- облыс алдында айрықша еңбек сiңiрген тұлғаларға арнайы ай сайынғы жәрдемақыны тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртiбi (№ 6 қосымша);
- аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстағаны (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметпен пайдаланғаны үшiн төлемдерiн өтеуге тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi туралы Ереже (№ 7 қосымша).
2. Атырау қаласы және аудандар әкімдері азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік көмектер тағайындаған кезде осы бекітіліп отырған ережелерді басшылыққа алсын және әлеуметтік көмектердің тағайындалуын,төленуін, есеп-қисаптарының уақытында жасақталуын қамтамасыз етсін.
3. Жоғарыдағы мәселелер бойынша осыған дейін облыстық Мәслихаттың сессиямен қабылданған ережелердің күштері жойылған деп танылсын.
Облыстық мәслихаттың
ІХ сессиясының 2001 жылғы
12 қаңтардағы № 98-ІІ
шешiмiне № 1 қосымша
Ауылдық жерлерде тұратын және қызмет ететін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мекемелерінің мамандарына отын сатып алуға берілетін бір жолғы ақшалай төлемдерді тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі
1. Жалпы ережелер
2. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларының мамандарына (алға қарай - әлеуметтік сала мамандары) отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлем жылына бір рет тағайындалады және төленеді.
3. Әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін заңсыз төленген біржолғы ақшалай төлем сомасы кінәлі адамдардың есебінен заңмен белгіленген тәртіп бойынша қайтарылуға жатады.
2. Тағайындау тәртібі
6. Біржолғы ақшалай төлем әлеуметтік сала мамандарына өздерінің отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлем сұрап жазған арыздары негізінде тағайындалады.
- ақшалай төлем тағайындау туралы жеке арыз;
- тұрғын үйдің қатты, сұйық немесе басқа түрдегі отынмен жылытылатынын растайтын анықтама;
- арыз иесінің осы үйде тұратындығын растайтын анықтама.
7. Әлеуметтік сала мамандарының отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлем тағайындау жөніндегі арыздары, тіркелген қажетті құжаттарымен бірге арыз түскен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде комиссияда қаралады.
8. Комиссия шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді және онымен міндетті түрде арыз иесі қол қою арқылы таныстырылады.
9. Комиссия әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалуының дұрыстығына жауап береді.
10. Осы Тәртіппен пайдалануға құқығы бар екі немесе одан да көп бірге тұратын мамандар болса, онда отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлем олардың әрқайсысына беріледі.
11. Отын сатып алуы үшін әлеуметтік сала мамандарына біржолғы ақшалай төлем тағайындаудан бас тарту жөніндегі комиссиялардың шешімдеріне заңмен тағайындалған тәртіппен шағымдануға болады.
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
12. Әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін тағайындалған біржолғы төлемдерді қаржыландыру сәйкесті жылдың осы мақсаттарға қаралған жергілікті бюджет қаржылары есебінен орындалады.
15. Жергілікті қаржы органдары берілген сұраныстар негізінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу мақсатында бюджетте қаралған қаржыны бөледі.
4. Есеп жүргізу, бақылау және есеп беру тәртібі
17. Біржолғы ақшалай төлемдер бойынша есеп жүргізу, бақылау және есеп беруді жүзеге асыру жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына жүктеледі.
19. Әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуы үшін біржолғы ақшалай төлемдерін төлеудің дұрыстығына және уақытында болуына өкілетті органдар бақылау жасайды.
Облыстық мәслихаттың
ІХ сессиясының 2001 жылғы
12 қаңтардағы № 98-ІІ
шешiмiне № 2 қосымша
Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы тәртiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 4 желтоқсандағы N 1002 "Көп балалы отбасыларын әлеуметтiк қолдау шаралары туралы" Жарлығын орындау мақсатында әзiрлендi.
3. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсетудiң негiзгi мақсаты көп балалы отбасыларын уақытша қаржылық қолдау болып табылады.
4. Көп балалы аналарға заңсыз төленген бiржолғы әлеуметтiк көмектер пайдаланудағы заңдылықтар белгiлеген тәртiп бойынша кiнәлi тұлғалардың есебiнен орнына келтiрiлуге жатады.
2. Тағайындау тәртiбi
5. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек жылына бiр рет тағайындалады және төленедi.
6. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi комиссия көп балалы аналар арыздарының негiзiнде тағайындайды.
7. Тұрғын жердегi комиссияға төмендегiдей құжаттар берiледi:
- отбасы құрамы туралы анықтама;
- балаларының тууы туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
- ортопед-стоматолог дәрiгердiң тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу қажеттiлiгi туралы қорытындысы;
- стоматологиялық мекемеден тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу жұмыстарының құнын растайтын анықтама.
8. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу жұмыстары Атырау облысының аумағындағы стоматологиялық мекемелерде жасалса ғана тағайындалады.
9. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмектiң мөлшерi жасалған жұмыстың бағасына тең болады, бiрақ 6000 теңгеден аспауы қажет.
10. Көп балалы аналардың бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi арыздары басқа да қажеттi құжаттармен бiрге арыз берген күннен бастап 5 күн мерзiм iшiнде комиссияда қаралады.
11. Комиссия шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оның қорытындысы арыз берушiге жазбаша хабарланады.
12. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындаудан бас тарту жөнiндегi комиссияның шешiмi заңдылықтарда белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға жатады.
3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi
13. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмектi қаржыландыру облыстық бюджеттiң осы мақсатқа қаралған қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
15. Жергiлiктi қаржы органдары облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының сұраныстарына сай бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы шегiнде қаржыландыруды ашады.
4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
17. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек бойынша есеп жүргiзу, бақылау жүне есеп берудi жүзеге асыру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.
19. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек төлеудiң дұрыстығына және уақытында болуына өкiлеттi органдар бақылау жасайды.
Облыстық мәслихаттың
ІХ сессиясының 2001 жылғы
12 қаңтардағы № 98-ІІ
шешiмiне № 3 қосымша
Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға қала iшiнде, сондай-ақ қала маңы мен аудан iшiнде транспортта (таксиден басқа) жүруi үшiн әлеуметтiк көмек көрсету Тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 4 желтоқсандағы N 1002 "Көп балалы отбасыларын әлеуметтiк қолдау шаралары туралы" Жарлығын орындау мақсатында әзiрлендi.
3. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсетудiң негiзгi мақсаты көп балалы отбасыларын уақытша қаржылық қолдау болып табылады.
4. Көп балалы аналарға заңсыз төленген бiржолғы әлеуметтiк көмектер пайдаланудағы заңдылықтар белгiлеген тәртiп бойынша кiнәлi тұлғалардың есебiнен орнына келтiрiлуге жатады.
2. Тағайындау тәртiбi
5. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек ай сайын тағайындалып, арыз берген айдан бастап ай сайын өткен ай үшiн төленедi.
6. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi комиссия көп балалы аналар арыздарының негiзiнде тағайындайды.
7. Тұрғын жердегi комиссияға төмендегiдей құжаттар берiледi:
- отбасы құрамы туралы анықтама;
- балаларының тууы туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерi.
8. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек айлық есептiк көрсеткiштiң 40,0 (қырық) пайызы мөлшерiнде тағайындалады.
9. Әлеуметтiк көмек алушылар от басының құрамы өзгерген күннен бастап 10 күннiң iшiнде комиссияға ақпарат бередi.
10. Көп балалы аналардың әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi
11. Комиссия шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оның қорытындысы арыз берушiге жазбаша хабарланады.
12. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек тағайындаудан бас тарту жөнiндегi комиссияның шешiмi заңдылықтарда белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға жатады.
3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi
13. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмектi қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң осы мақсатқа қаралған қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
15. Жергiлiктi қаржы органдары еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының сұраныстарына сай бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы шегiнде қаржыландыруды ашады.
4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
17. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек бойынша есеп жүргiзу, бақылау және есеп берудi жүзеге асыру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.
19. Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек төлеудiң дұрыстығына және оның уақытында төленуiне өкiлеттi органдар бақылау жасайды.
Облыстық мәслихаттың
ІХ сессиясының 2001 жылғы
12 қаңтардағы № 98-ІІ
шешiмiне № 4 қосымша
Телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге әлеуметтік көмекті тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 7 желтоқсандағы № 1027 "Зейнеткерлерді Әлеуметтік қорғау туралы" қаулысын орындау мақсатында әзірленді.
2. Тағайындау тәртібі
1. Әлеуметтік көмек телефон желісінің абоненті болып табылатын, жалғызілікті, өзгенің көмегін қажет ететін зейнеткерлерге тағайындалады (алға қарай - әлеуметтік көмек).
2. Жалғызілікті азаматтардың арыздарын қарау үшін жергілікті атқарушы органдарда денсаулық сақтау мекемелерінің мамандарының қатысуымен комиссиялар құрылады (алға қарай - комиссия).
3. Комиссия жалғызілікті тұратын зейнеткердің әлеуметтік көмек тағайындау туралы арызының негізінде 5 күннің ішінде оның әлеуметтік -тұрмыстық, денсаулық жағдайын тексеріп, әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім қабылдайды.
4. Тұрғын жері бойынша комиссияға төмендегідей құжаттар тапсырылады:
- отбасы құрамы туралы анықтама;
- арыз берушінің телефон желісінің абоненті екендігін растайтын анықтама.
5. Әлеуметтік көмек арыз берген айдан бастап тағайындалады.
6. Комиссия шешімі сәйкесті хаттамамен ресімделеді және онымен беруші міндетті түрде қол қою арқылы таныстырылады.
7. Комиссия тағайындалған әлеуметтік көмектің дұрыстығына жауап береді.
8. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту жөніндегі комиссияның шешіміне заңмен тағайындалған тәртіпте шағымдануға болады.
9. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы арыз, оған қоса тағайындау туралы комиссия шешімінің хаттамасы алушының жеке ісінде сақталады.
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
1. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру сәйкесті жылда осы мақсатқа қаралған жергілікті бюджет қаржысы есебінен жҮзеге асырылады.
3. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары әр айдың 10 жұлдызына дейін әлеуметтік көмек алушылардың тізімін екінші деңгейдегі банктерге, ал қаржыландыруға сұраныстарды жергілікті қаржы органдарына жібереді.
4. Жергілікті қаржы органдары жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік көмекті төлеу үшін бюджетте қаралған қаржыны бөледі.
4. Есеп, бақылау жүргізу және есеп беру тәртібі
1. Әлеуметтік көмек бойынша есеп, бақылау жүргізу және есеп беруді жүзеге асыру жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына жүктеледі.
3. Әлеуметтік көмектің дұрыс және уақытында төленуіне өкілетті органдар бақылау жасайды.
Облыстық мәслихаттың
ІХ сессиясының 2001 жылғы
12 қаңтардағы № 98-ІІ
шешiмiне № 5 қосымша
Аса мұқтаж азаматтарға бiржолғы әлеуметтiк төлемдер төлеу тәртiбi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп 1993 жылғы 10 желтоқсандағы № 2578-ХII "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Заңына сәйкес жасақталды.
2. Заңсыз төленген бiржолғы әлеуметтiк төлемдер сомасы пайдаланудағы заңдарда қаралған тәртiппен кiнәлi тұлғалар есебiнен керi қайтарылуға жатады.
2. Тағайындау тәртiбi
3. Бiржолғы әлеуметтiк төлем (алға қарай - әлеуметтiк төлем) облыстық аса мұқтаж азаматтарына жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен олардың арыздары бойынша жылына бiр рет төленедi.
4. Аса мұқтаж азаматтардың арыздарын қарау үшiн жергiлiктi атқарушы органдарда комиссия құрылады.
5. Тұрғылықты жердегi комиссияға мынадай құжаттар тапсырылады:
- отбасы құрамы туралы анықтама;
- осы азаматтық көмекке мұқтаж екендiгi туралы селолық округ әкiмдерiнен анықтама.
Жазбаша берiлген арыз арыз берушiнiң үй-тұрмыстық жағдайын зерттеуге берген келiсiмi болып саналады.
7. Зерттеу нәтижесi бойынша акт түскеннен кейiн комиссия азаматтың арызын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау туралы қорытынды шешiм алады, қанағаттандырған жағдайда әлеуметтiк төлем мөлшерiн анықтайды, бiрақ бұл 10 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауы қажет.
8. Комиссия шешiмi хаттамаланады және арыз берушi мiндеттi түрде таныстырылады.
9. Комиссия әлеуметтiк төлемдердiң дұрыс тағайындалуына жауапты.
10. әлеуметтiк төлем тағайындау туралы арыз оған тiркелген құжаттармен, сондай-ақ комиссияның хаттамасы арыз берушiнiң жеке iсiнде сақталады.
3. Қаржыландыру және төлеу тәртiбi
11. Әлеуметтiк төлемдердi қаржыландыру сәйкестi жылдың осы мақсатқа қаралған жергiлiктi бюджет қаржылары есебiнен жүргiзiледi.
12. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары комиссиялар шешiмдерiнiң негiзiнде, әр айдың 5 жұлдызына дейiн өткен ай үшiн әлеуметтiк төлемдерге қажеттi қаржының көлемiн анықтап, төлем алушылардың тiзiмiн жасақтайды.
13. Аумақтық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары әлеуметтiк төлемдер алушылардың тiзiмiн әр айдың 10 жұлдызынан кешiктiрмей екiншi деңгейдегi банктерге жолдайды, сонымен қатар, жергiлiктi қаржы органдарына қаржыландыруға сұраныстар жiбередi.
14. Жергiлiктi қаржы органдары жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының сұраныстары негiзiнде әлеуметтiк төлемдерге қаралған қаржыны бөледi.
4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
16. Әлеуметтiк түлемдердiң есебiн жүргiзу, бақылау және есеп берудi жүзеге асыру жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.
18. Әлеуметтiк төлемдердiң дұрыстығын және мезгiлiнде төленуiне бақылау жасауды уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
Облыстық мәслихаттың
ІХ сессиясының 2001 жылғы
2 қаңтардағы № 98-ІІ
шешiмiне № 6 қосымша
Облыс алдында айрықша еңбек сiңiрген тұлғаларға арнайы ай сайынғы жәрдемақыны тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртiбi
1. Жалпы ережелер
1. Осы тәртiп 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2578 -ХII "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Заңсыз төленген арнайы жәрдемақы (алға қарай-жәрдемақы) сомасы пайдаланудағы заңдарда қаралған тәртiппен кiнәлi тұлғалар есебiнен қайтарылуға жатады.
2. Жәрдемақы тағайындау тәртiбi
3. Жәрдемақы облыс алдындағы айрықша еңбек сiңiрген тұлғаларға тағайындалады.
4. Арнайы ай сайынғы жәрдемақыны бiрнеше негiз бойынша алуға құқылы тұлғаларға Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi N 365 "Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Заңына сәйкес, жәрдемақы өз қалауы бойынша тек бiр негiзде ғана төленедi.
5. Жәрдемақы алуға құқылы тұлға жәрдемақы тағайындау туралы арызды жергiлiктi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне төмендегi құжаттармен бiрге тапсырады:
- Мемлекеттiк төлем орталығының жергiлiктi бөлiмшелерiнен арыз берушiге басқа арнаулы жәрдемақы тағайындалмағаны туралы анықтама.
6. Жәрдемақы тағайындау құжаттарын қарау, құжаттар түскеннен кейiн 5 күн iшiнде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарында жүзеге асырылады.
8. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешiмi заңдылықтарда белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға жатады.
3. Жәрдемақыны қаржыландыру және төлеудiң тәртiбi
9. Жәрдемақы осы тәртiпке сай жергiлiктi бюджетте осы мақсатқа сәйкестi жылда қаралған қаржылар есебiнен төленедi.
10. Жәрдемақы төлеу еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдары арқылы өткен ай үшiн төленедi.
12. Жергiлiктi қаржы органдары еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының сұраныстары негiзiнде бюджетте жәрдемақы төлеуге қаралған қаржыдан бөледi.
Екiншi деңгейдегi банктер жәрдемақыларды еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарынан алған жәрдемақы алушылардың тiзiмдерi негiзiнде өзiн куәландыратын құжаттарын (төлқұжат, жеке куөлiгi) көрсеткеннен кейiн төлейдi.
4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
14. Жәрдемақы төлемдерiнiң есебiн жүргiзу, бақылау және есеп берудi жүзеге асыру еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына жүктеледi.
16. Жәрдемақы төлеудiң дұрыстығына және мезгiлiнде төленуiне бақылау жасауды өкiлеттi органдар жүзеге асырады.
Облыстық мәслихаттың
ІХ сессиясының 2001 жылғы
12 қаңтардағы № 98-ІІ
шешiмiне № 7 қосымша
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстағаны (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметпен пайдаланғаны үшiн төлемдерiн өтеуге тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi туралы Ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 477-1 "Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстағаны (жеке тұрғын үй ұстағаннан басқа) және коммуналдық қызметпен пайдаланғаны үшiн төлемдерiн өтеуге тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегiнiң басты мақсаты әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiмен қатар халықтың ең аз қамтылған бөлiгiне уақытша қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
3. Тұрғын үй көмектерiн тағайындау, құжаттарды жинау, дайындау үшiн және көмектi тағайындау немесе көмек тағайындаудан бас тарту мәселелерiн шешу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарда комиссиялар құрылады (алға қарай-Комиссия).
4. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы арыз соған қоса берiлген барлық қажеттi құжаттармен бiрге түскен күннен бастап 5 күн мерзiм iшiнде тиiстi комиссиялардың отырыстарында қаралады.
5. Егер комиссия тұрғын үй көмегiн беруге қарсы шешiм қабылдаса, көмек беруге қарсылықтың себебi көрсетiлген шешiм арыз берушiге барлық тапсырған құжаттарымен бiрге керi қайтарылады.
6. Тағайындалған өлеуметтiк көмектiң дұрыстығына комиссия жауап бередi.
7. Комиссияның көмек тағайындаудан бас тартқан шешiмi Заңмен белгiленген тәртiп бойынша шағым беруге жатады.
8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы арыз, оған қоса берiлген құжаттар, сонымен қатар комиссияның тұрғын үй көмегiн беру туралы шешiмi немесе оның көшiрмесi алушының жеке iсiнде сақталады.
2. Тұрғын үй көмегi
9. Тұрғын үй көмегi осы елдi мекенде тұрақты тұратын және меншiгiнде үйi бар немесе тұрғын үйдi жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетiледi.
10. Өтем төлеу шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй аумағы көлемi:
- жалғыз тұратын азаматтар үшiн - 31 шаршы метр;
- бiр бөлмелi пәтерде тұратын отбасылары (азаматтар) үшiн тұрғын үй аумағының нақты пайдаланып отырған ауданы.
12. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде есепке алынатын тұрғын үйдi ұстауға шығынының мөлшерiн және коммуналдық қызметтi пайдалану көлемдерiн (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару, лифтiмен пайдалану) облыс әкiмi белгiлейдi.
14. Тұрғын үй көмегi ақшалай төлем ретiнде тағайындалады.
3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртiбi
15. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы шешiм тұрғын үй иесiнiң (жалдап алушының) арызының және оған қоса берген құжаттардың негiзiнде қабылданады:
- пайдаланып отырған тұрғын үйдiң жалпы көлемi туралы анықтама;
- қызмет көрсетушi мекемелерден тұрғын үй ұстағаны және коммуналдық қызмет көрсеткенi үшiн есептелген шығыны туралы анықтама;
- отбасының жиынтық табысы туралы құжаттар; жеке меншiгiнде тұрғын орны (үй, пәтер) бар екендiгiн растайтын құжат.