Вопросы Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Вопросы Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 411
- Қабылданған күні
- 28.03.2001
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI8474_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010000411_
- ЭКБ идентификаторы
- 8474
- Редакция идентификаторы
- AI8474_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:55
0 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 536 Жарлығына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) оған таратылатын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Авторлық құқық жөнiндегi комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазпатент" Патенттер және тауар белгiлерi жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мүлкi мен істерiн басқару жөнiндегi функциялары мен өкiлеттiктерi берiле отырып, құрылсын.
2 2.
📌 Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28.
N 1120 қаулысымен.
3
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазпатент" патенттер және тауар белгiлерi жөнiндегi республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң "Қазақстан патенттiк сараптама институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - ҚПСИ) болып қайта ұйымдастырылсын.
4 4. Комитет ҚПСИ-дiң мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
5 5. ҚПСИ қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне (өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауар белгiлерiне, қызмет көрсету белгiлерiне, тауарлар шығарылатын жерлердiң атауларына) өтiнiмдер қабылдау, осы өтiнiмдерге сараптама жүргiзу және өтiнiм берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң қорғау қабiлетi шарттарына сәйкес келуiн анықтау;
селекциялық жетiстiктерге өтiнiмдердi және интегралдық микросхема топологияларын тiркеуге өтiнiмдердi қабылдау, осы өтiнiмдердiң белгiленген талаптарға сәйкес келуiне сараптама жүргiзу;
өнеркәсiптiк меншiктiң тiркелген объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң және интегралдық микросхема топологияларының тізілімін жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi және интегралдық микросхема топологияларын қорғау мәселелерi бойынша қорғау құжаттарының сипаттамаларын және ресми бюллетеньдер шығару;
Патент кооперациясы туралы шартқа, Еуразия патент конвенциясына және Белгiлердi халықаралық тiркеу туралы Мадрид келiсiмiне сәйкес функцияларды жүзеге асыруға байланысты халықаралық өтiнiмдер бойынша сараптама жүргiзу.
6 6. Комитет осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
7 7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
8 8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
9 9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
10 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 29 наурыздағы
N 411 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1
1. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 48, 449-құжат).