Об утверждении Правил безопасности при проведении занятий по физической культуре и спорту
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил безопасности при проведении занятий по физической культуре и спорту
- Атауы (қаз.)
- Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68
- Қабылданған күні
- 03.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 01.12.2022 84752_608085.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009923
- ЭКБ идентификаторы
- 84752
- Редакция идентификаторы
- 84752_608085
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:06
0 Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3
3. «Дене шынықтыру және спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушысының 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 02-02-18/175 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7269 болып тіркелген, 2011 жылдың 7 желтоқсанында № 596-600 (26992) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 3 қарашадағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген
Дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Қағида «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген, дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын, жеке тұлғалардың денсаулығын сақтау тәртібін (бұдан әрі - Қағида) белгілейді.
2 2. Осы қағидада келесі ұғымдар қолданылады:
1 1) дене шынықтыру және спорт саласындағы маман – дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке адам;
2 2) дене шынықтыру-спорт ұйымы – негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
3 3) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы – спорттық кәсіптік білімі бар, спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке адам;
4 4) нұсқаушы-спортшы – спорттық қызметін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлемі шартымен жүзеге асыратын спортшы;
5 5) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары – жеке адамдардың дене жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған, арнайы жабдықталған (соның ішінде спорттық объектiлер (алаңдар, үйлер, ғимараттар).
3 3. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) жеке тұлғалардың, жаттықтырушы-оқытушы құрамының, қызмет көрсетуші персоналдың денсаулығына және өміріне қауіп туындаған жағдайда дене шынықтыру және спорт сабақтарын өткізуге жол бермейді.
4 4. Әкiмшiлiк қауiпсiздiк техникасы қағидаларына, санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес дене шынықтыру және спорт сабақтары өткiзiлетiн орындарды спорттық мүкаммалмен және құралдармен қамтамасыз етеді.
5 5. Дене шынықтыру және спорттан жүйелі сабақтар жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының (нұсқаушының) басшылығымен өтеді. Дене шынықтыру және спорт сабақтарына жіберу денсаулығы туралы тиісті медициналық анықтама (қорытынды) ұсынылғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
6 6. Әкімшілік:
1
1) нысандардағы инженерлік жүйелер мен ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырлары жүйелерінің тоқтаусыз жұмысын, ғимараттар құрылысының сенімділігін, сыртқа шығару жолдарын, эвакуациялық шығу есіктерін құлыптармен қамтамасыз етуді, қызмет көрсетуші тұлғалардың болуын және қызметтік нұсқаулықтарға сәйкес оның іс-қимылын бақылауды қамтамасыз етуді;