Об утверждении Правил использования любого вида транспорта (кроме транспортных средств представительств иностранных государств и международных организаций, обладающих дипломатическим иммунитетом) для преследования лиц, подозреваемых в совершении уголовного правонарушения, прибытия к месту происшествия, в период действия чрезвычайного или военного положения, в условиях вооруженного конфликта, при ликвидации чрезвычайных ситуаций, а также для доставления лиц, нуждающихся в экстренной медицинской п
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования любого вида транспорта (кроме транспортных средств представительств иностранных государств и международных организаций, обладающих дипломатическим иммунитетом) для преследования лиц, подозреваемых в совершении уголовного правонарушения, прибытия к месту происшествия, в период действия чрезвычайного или военного положения, в условиях вооруженного конфликта, при ликвидации чрезвычайных ситуаций, а также для доставления лиц, нуждающихся в экстренной медицинской п
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірген жағдайда оның орнын толтыра отырып, егер кідірту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткізу үшін көліктің кез келген түрін (дипломатиялы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1270
- Қабылданған күні
- 03.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2014 AI84785_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001270
- ЭКБ идентификаторы
- 84785
- Редакция идентификаторы
- AI84785_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:43
0
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірген жағдайда оның орнын толтыра отырып, егер кідірту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткізу үшін көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірген жағдайда оның орнын толтыра отырып, егер кідірту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткізу үшін көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалану қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірген жағдайда оның орнын толтыра отырып, егер кідірту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткізу үшін көліктің кез келген түрін (дипломатиялы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 1270 қаулысымен
бекітілген
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірген жағдайда оның орнын толтыра отырып, егер кідірту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткізу үшін көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалану қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірген жағдайда оның орнын толтыра отырып, егер кідірту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткізу үшін көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарының қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оның орнын толтыра отырып, егер кiдiрту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткiзу үшiн көлікті (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оның орнын толтыра отырып, егер кiдiрту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткiзу үшiн көліктің кез келген түрін (диплома
тиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалану тәртібі
2 2. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және азаматтарға тиесілі көлік құралдарын ішкі істер органдарының қызметкерлері (бұдан әрі – ІІО қызметкері) мынадай жағдайларда:
1 1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу, оқиға орнына бару үшін, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде;
2 2) егер кідірту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткiзу үшiн пайдалануы мүмкін.
3 3. Дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
4 4. ІІО қызметкері көлік құралын пайдалану үшін:
1 1) қызметтік куәлігін көрсету арқылы көлік құралының меншік иесіне лауазымын, бөлімшесін, арнаулы атағын және тегін айтып өзін таныстыруы;
2 2) көлік құралын тоқтату себептеріне түсіндірме беруі қажет.
5
5. Көлік құралын пайдаланған кезде ІІО қызметкері келгеннен кейін көлік құралының тесілігін (көлік құралының техникалық паспортының деректері көрсетіледі) және күйін, онда болған заттарды сипаттай отырып, көлік құралын пайдаланғаны туралы баянат жасайды, онда уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша көлік құралын байқау актісін қоса бере отырып, меншік иесіне анықтама беру немесе сапар қағазға таңба қойылғаны туралы көрсетеді және ішкі істер органының кезекшісіне береді.
6
6. Ішкі істер органының кезекшісі ІІО қызметкерінің көлік құралын пайдаланғаны туралы хабарламаны белгіленген тәртіппен Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – ӨАЕК) тіркейді, содан кейін ішкі істер органының басшысына баяндайды.
7 7. Көлік құралының меншік иесіне уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша көлік құралын ІІО қызметкерінің пайдаланғаны туралы анықтама беріледі.
3 3. Меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтеу тәртібі
8
8. Залалды өтеу үшін меншік иесі материалдық залал келтірілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша көлік құралын байқау актісіне сәйкес көлік құралын пайдалану орны бойынша ішкі істер органына уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
9 9. Келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтінішке:
1 1) жеке тұлғалар үшін – көлік құралы меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ал заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны (филиалды және өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;
2 2) көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3 3) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша көлік құралын ІІО қызметкерінің пайдаланғаны туралы анықтама;
4 4) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша көлік құралын байқау актісі қоса беріледі.
10
10. Ішкі істер органдары келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініш тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган аккредиттеген, меншік иесі таңдаған тәуелсіз сарапшыда (бұдан әрі – тәуелсіз сарапшы) көлік құралына келтірілген материалдық залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.
Бұл ретте көлік құралына келтірілген залал мөлшерін бағалауды жүргізуді ұйымдастыруға байланысты шығыстар ішкі істер органдарына жүктеледі.