Құжат мәтініне өту

Об определении лимитов отдельных видов административных расходов национальных управляющих холдингов (за исключением Фонда национального благосостояния), национальных холдингов и национальных компаний, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, а также национальных компаний, которые входят в состав национальных управляющих холдингов (за исключением национальных компаний, которые входят в состав группы Фонда национального благосостояния), национальных холдингов и механизма проведени

Қаулы · № 1266 · қабылданған 02.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84815/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении лимитов отдельных видов административных расходов национальных управляющих холдингов (за исключением Фонда национального благосостояния), национальных холдингов и национальных компаний, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, а также национальных компаний, которые входят в состав национальных управляющих холдингов (за исключением национальных компаний, которые входят в состав группы Фонда национального благосостояния), национальных холдингов и механизма проведени Қолданыста Қаулы ·№ 1266 ·02.12.2014
07.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении лимитов отдельных видов административных расходов национальных управляющих холдингов (за исключением Фонда национального благосостояния), национальных холдингов и национальных компаний, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, а также национальных компаний, которые входят в состав национальных управляющих холдингов (за исключением национальных компаний, которые входят в состав группы Фонда национального благосостояния), национальных холдингов и механизма проведени

Қолданыста Қаулы ·№ 1266 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении лимитов отдельных видов административных расходов национальных управляющих холдингов (за исключением Фонда национального благосостояния), национальных холдингов и национальных компаний, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, а также национальных компаний, которые входят в состав национальных управляющих холдингов (за исключением национальных компаний, которые входят в состав группы Фонда национального благосостояния), национальных холдингов и механизма проведени
Атауы (қаз.)
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шеш
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1266
Қабылданған күні
02.12.2014
Көрсетілген редакция
07.11.2024 84815_727414.kaz
Соңғы өзгеріс
07.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001266
ЭКБ идентификаторы
84815
Редакция идентификаторы
84815_727414
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:44

0

Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері;

2

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігі айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

1

1) «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін айқындауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарау және бекiту кезiнде:»;
1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын.»;
1-3-тармақ алып тасталсын;

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1183 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) 2014 жылдың соңына дейінгі мерзімде әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындауды регламенттейтін ішкі құжаттарын осы қаулыға сәйкес бекітілген әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттеріне сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.

4

4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компанияларға («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) компанияның бірінші басшылары мен оның орынбасарларының шетелдік іссапарларын жалғыз акционермен келісуді міндетті түрде қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

10 Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 1266 қаулысына
1-қосымша
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда), ұлттық холдингтердің әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы лимиттерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы – Директорлар кеңесінің шешімі бойынша қызметтің стратегиялық түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижелеріне және оны бағалау нәтижелеріне байланысты төленетін басқарма мүшелерінің еңбек тиімділігін ынталандыруға арналған сыйақы;

2

2) шетелдік жұмыскер – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) талап етілетін кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген және жұмыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартатын, оның ішінде корпоратив ішінде ауыстыру шеңберінде келген көшіп келуші;

3

3) компания – акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялар (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда);

4 4) қызметтің түйінді көрсеткіші (бұдан әрі – ҚТК) – компания қызметінің тиімділігін және мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін сипаттайтын қызметтің түйінді көрсеткіштері;

5 5) жеке ҚТК – басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлері үшін сараланып белгіленетін және жеке нәтижелілік үшін сыйлықақы мөлшерін айқындайтын қысқа мерзімді (тоқсан қорытындысы бойынша) және ұзақ мерзімді (жыл қорытындысы бойынша) ҚТК;

6 6) стратегиялық ҚТК – қызметкерді жыл қорытындысы бойынша басым мақсаттарға қол жеткізуге ынталандыру үшін басқарма мүшелерінің сыйақы жүйесіне енгізілген және қызметтің нәтижелері үшін сыйақы мөлшерін айқындайтын ҚТК;

7 7) басқарма мүшелері – басқарма төрағасы және басқарма төрағасының орынбасарлары, басқарушы директор – басқарма мүшесі.

3 3. Әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттері компанияның әкімшілік шығыстарының мынадай түрлеріне белгіленеді:

1 1) компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстар;

2 2) компанияның басқарма мүшелеріне жатпайтын қызметкерлеріне сыйлықақы беруге және басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы беруге арналған шығыстар;

3 3) лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағын кеңейткені және уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін қосымша ақы төлеуге арналған шығыстар;

4 4) компанияға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиесілілік нормативтерiне арналған шығыстар;

5 5) компания аппаратын орналастыру алаңының нормаларына арналған шығыстар;

6 6) телефон байланысын пайдаланғаны үшін тиесілілік нормаларына арналған шығыстар;

7 7) компания қызметкерлерінің қызметтiк iссапарлар шығыстарын өтеу нормаларына арналған шығыстар;

8 8) компанияның өкілдік шығыстары нормаларына арналған шығыстар.

4 4. Компанияға заңнамада белгіленген тәртіппен тартылатын шетелдік қызметкерлерге осы лимиттер қолданылмайды. Шетелдік мамандарға – басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу шарттары компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.

2 2. Компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау

5 5. Компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің мынадай түрлеріне шығыстар лимиттері айқындалсын:

1 1) материалдық көмек;

2 2) медициналық сақтандыру (сырқаттану жағдайына арналған сақтандыру).

6 6. Қызметкерлерге компания қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен мынадай жағдайларда:

1 1) жыл сайынғы еңбек демалысын берген кезде төленетiн сауықтыру үшін - 2 (екi) лауазымдық айлықақыдан аспайтын мөлшерде;

2

2) баланың тууына/бала асырап алуына байланысты – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 100 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын мөлшерде қызметкерге бір рет төленеді. Егер ата-анасының екеуі де компания қызметкерлері болып табылса, біржолғы материалдық көмек таңдау бойынша ата-анасының біреуіне төленеді;

3 3) мыналардың:

қызметкердің қайтыс болуына байланысты отбасы мүшелерінің біреуіне немесе олар болмаған жағдайда, жерлеуді ұйымдастыруды мойнына алған адамға 400 АЕК-тен аспайтын мөлшерде бір рет төленеді;
қызметкердің әйелінің/балаларының, ата-анасының қайтыс болуына байланысты – 300 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;

4 4) отбасын құруына байланысты – 50 АЕК-тен аспайтын мөлшерде;

5

5) «Кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 164580 болып тіркелген) бекітілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілетін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 98371 болып тіркелген) уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан астам белгіленетін аурулар тізбесіне сәйкес қызметкердің немесе оның отбасы мүшелері болып табылатын адамдардың емделуіне/операциясына байланысты, егер емдеу/операция шығындары компанияның медициналық сақтандыру бағдарламасында белгіленген лимиттен асып түскен жағдайда (негіздеме: науқастың тарихынан үзінді көшірме, емдеуші дәрігердің қорытындысы, шығыстарды растайтын құжаттар) – 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде материалдық көмек төленеді.

7 7. Медициналық сақтандыруға арналған шығыстар жылына бір қызметкерге 100 АЕК-тен аспауға тиіс.

3 3. Компанияның қызметкерлеріне сыйлықақы беруге және үстемақыға арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау

8 8. Компания қызметкерлеріне сыйлықақы берудің мынадай түрлеріне шығыстар лимиттері айқындалсын:

1 1) басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлеріне арналған есепті кезең (тоқсан, жыл) қорытындылары бойынша сыйлықақы;

2 2) басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы;

3 3) барлық қызметкерлер үшін мемлекеттік мерекеге сыйлықақы;

4 4) шығындарды үнемдеуге, кірістілікті арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлегені және енгізгені, сондай-ақ инновациялық шешімдерді және өнертабыстық ұсыныстарды енгізгені үшін барлық қызметкерлерге арналған сыйлықақы.

9

9. Басқарма мүшелеріне бір жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін стратегиялық ҚТК-ге қол жеткізуге және олардың қызметін бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ аудиттелген қаржылық есептілік негізінде компанияның қаржы-шаруашылық нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін таза шоғырландырылған пайданың болуына байланысты есепті жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте осы сыйақының жалпы жылдық көлемі 6 (алты) лауазымдық айлықақыдан аспауға тиіс.

10

10. Басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлеріне сыйлықақы беру басқарманың шешімімен бекітілетін жеке ҚТК-ге қол жеткізуге және олардың қызметін бағалау нәтижелеріне байланысты, жеке ҚТК-ге қол жеткізу бойынша бағалау нәтижелерін (тоқсан, жыл) компания басқармасы мақұлдағаннан кейін, есепті кезеңнің (тоқсан, жыл) қорытындылары бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте осы сыйақының жалпы жылдық көлемі 6 (алты) лауазымдық айлықақыдан аспауға тиіс.

11

11. Барлық қызметкерлер үшін мемлекеттік мерекеге сыйлықақы беру компанияның қарауы бойынша жыл ішінде жүзеге асырылады, бұл ретте осы сыйлықақының жалпы жылдық мөлшері 1 (бір) қызметкерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген 10 (он) еңбекақының ең төменгі мөлшерінен аспайды.

12

12. Компания қызметкерлеріне шығындарды үнемдеуге, кірістілікті арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлегені және енгізгені, сондай-ақ инновациялық шешімдерді және өнертабыстық ұсыныстарды енгізгені үшін басқарма шешімі бойынша мөлшері 1 (бір) лауазымдық айлықақыдан аспауға тиіс сыйлықақы төленуі мүмкін.

13 13. Лауазымдарды қоса атқарғаны, уақытша болмаған қызметкердің қызмет көрсету аймағын кеңейткені және міндеттерін орындағаны (алмастырғаны) үшін қосымша ақы төленуі мүмкін, оны жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлеміне қарай қызметкермен келісу бойынша белгілейді.

4 4. Компанияға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиесілілік нормативтерiне арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау

14 14. Компанияға көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиесілілік нормативтерi 1-кестеде келтірілген.

1-кесте
Р/с

Ла­у­а­зым­ның ата­уы
Ав­то­мо­биль­дер са­ны
Қоз­ғалт­қы­штың кө­ле­мі, тек­ше см. (ав­то­бу­стар­дан бас­қа)
1 ав­то­мо­биль­дің бір ай­да­ғы жү­руі (км)
қыз­мет­тік (1 бір­лік)
ке­зек­ші (оның ішін­де ав­то­бу­стар)
1
2
3
4
5
6
1.
Бас­қар­ма тө­ра­ға­сы
1
2600
2.
Бас­қар­ма тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­са­ры
1
2600
3.
Ком­па­ни­я­ның қал­ған қыз­мет­кер­ле­рі үшін кө­лік­тік қыз­мет көр­се­ту, қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны:
100-ге дей­ін
1
3000-нан көп емес
100-ден 200-ге дей­ін
2
3000-нан көп емес
200-ден 300-ге дей­ін
3
3000-нан көп емес
300-ден 500-ге дей­ін
4
3000-нан көп емес
500-ден 900-ге дей­ін
5
3000-нан көп емес
900-ден 1300-ге дей­ін
7
3000-нан көп емес
1300-ден жо­ға­ры болған­да кө­лік қыз­ме­тін көр­се­ту
9
3000-нан көп емес

5 5. Компания аппаратын орналастыру алаңының нормаларына арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау

15 15. Компания аппаратын орналастыру үшін алаң нормалары 2-кестеде келтірілген.

2-кесте
Р/с №
Үй-жай­дың ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Үй-жай­дың ала­ңы
1
2
3
4
1.
Бас­қар­ма тө­ра­ға­сы­ның ка­би­не­ті
шар­шы м
54
Бас­қар­ма тө­ра­ға­сы­ның де­ма­лыс бөл­ме­сі
шар­шы м
15
Бас­қар­ма тө­ра­ға­сы­ның қа­был­дау бөл­ме­сі
шар­шы м
12
2.
Бас­қар­ма тө­ра­ға­сы орын­ба­са­ры­ның (бас­қа­ру­шы ди­рек­тор – бас­қар­ма мү­ше­сі­нің) ка­би­не­ті
шар­шы м
36
Бас­қар­ма тө­ра­ға­сы орын­ба­са­ры­ның (бас­қа­ру­шы ди­рек­тор – бас­қар­ма мү­ше­сі­нің) де­ма­лыс бөл­ме­сі
шар­шы м
12
Бас­қар­ма тө­ра­ға­сы орын­ба­са­ры­ның (бас­қа­ру­шы ди­рек­тор – бас­қар­ма мү­ше­сі­нің) қа­был­дау бөл­ме­сі
шар­шы м
10
3.
Бас­қа­ру­шы ди­рек­тор­дың (ап­па­рат бас­шы­сы­ның) ка­би­не­ті
шар­шы м
36
Бас­қа­ру­шы ди­рек­тор­дың (ап­па­рат бас­шы­сы­ның) де­ма­лыс бөл­ме­сі
шар­шы м
12
Бас­қа­ру­шы ди­рек­тор­дың (ап­па­рат бас­шы­сы­ның) қа­был­дау бөл­ме­сі
шар­шы м
10
4.
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше бас­шы­сы­ның (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның) ка­би­не­ті
шар­шы м
25
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше бас­шы­сы­ның (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның) қа­был­дау бөл­ме­сі
шар­шы м
7
5.
Ком­па­ния қыз­мет­ке­рі­нің ка­би­не­ті (1 қыз­мет­кер­ге)
шар­шы м
7,5
6.
Ор­тақ үй-жай­лар (кон­фе­ренц-зал, мә­жі­ліс за­лы, мұ­ра­ғат, кө­бей­ту-кө­шір­ме қыз­ме­ті, гар­де­роб, сер­вер­лік бөл­ме, қой­ма­лық жаб­дық­тар, ны­сан­ды ки­ім-ке­шек, дә­рі-дәр­мек, тех­ни­ка­лық құ­рал­дар, мүк­әм­мал мен кең­се ке­рек-жа­рақ­та­ры және т.б. қой­ма­ла­ры)
шар­шы м
бар­лық алаң­ның 30 %-ы
7.
Қо­сал­қы үй-жай­лар (дә­л­із­дер, жел­дет­кіш ка­ме­ра­ла­ры, дә­рет­ха­на­лар, же­ке ги­ги­е­на­ға ар­нал­ған үй-жай­лар және бас­қа­лар)
шар­шы м
бар­лық алаң­ның 25 %-ы

6 6. Телефон байланысын пайдаланғаны үшін тиесілілік нормаларына арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау

16 16. Телефон байланысын пайдаланғаны үшін тиесілілік нормалары 3-кестеде келтірілген.

3-кесте
Р/с

Те­ле­фон бай­ла­ны­сы түр­ле­рі­нің ата­уы
Пай­да­ла­ну­шы­лар
1
2
3
1.
Рес­пуб­ли­ка ішін­де­гі қа­ла­ара­лық те­ле­фон бай­ла­ны­сы
бас­қар­ма тө­ра­ға­сы, оның орын­ба­са­ры, бас­қа­ру­шы ди­рек­тор – бас­қар­ма мү­ше­сі, бас­қа­ру­шы ди­рек­тор, ап­па­рат бас­шы­сы (осын­дай ла­у­а­зым болған жағ­дай­да), құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры), ком­па­ния қыз­мет­кер­ле­рі
2.
Тәу­ел­сіз Мем­ле­кет­тер До­ста­стығы ел­де­рі­мен ха­лы­қа­ра­лық те­ле­фон бай­ла­ны­сы
бас­қар­ма тө­ра­ға­сы, оның орын­ба­са­ры, бас­қа­ру­шы ди­рек­тор – бас­қар­ма мү­ше­сі, бас­қа­ру­шы ди­рек­тор, ап­па­рат бас­шы­сы (осын­дай ла­у­а­зым болған жағ­дай­да), құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры)
3.
Алыс шет ел­дер­мен ха­лы­қа­ра­лық те­ле­фон бай­ла­ны­сы
бас­қар­ма тө­ра­ға­сы, оның орын­ба­са­ры, бас­қа­ру­шы ди­рек­тор – бас­қар­ма мү­ше­сі, бас­қа­ру­шы ди­рек­тор, ап­па­рат бас­шы­сы (осын­дай ла­у­а­зым болған жағ­дай­да)
4.
Қа­ла­лық нө­мір­лер­мен те­ле­фон бай­ла­ны­сы
Ком­па­ни­я­ның қыз­мет­кер­ле­рі, бас­қар­ма тө­ра­ға­сы, оның орын­ба­са­ры, бас­қа­ру­шы ди­рек­тор – бас­қар­ма мү­ше­сі, бас­қа­ру­шы ди­рек­тор­дың, ап­па­рат бас­шы­сы­ның (осын­дай ла­у­а­зым болған жағ­дай­да), құ­ры­лым­дық бө­лім­ше бас­шы­сы­ның (де­пар­та­мент ди­рек­то­ры­ның) қа­был­дау бөл­ме­ле­рі – бір нө­мір­ден

7 7. Компания қызметкерлерінің қызметтік іссапарлар шығыстарын өтеу нормаларына арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау

17 17. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:

1 1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;

2

2) ұсынған растаушы құжаттары (фискалдық чек, кіріс кассалық ордер, шот-фактура, шот, жүкқұжат, хабарлама, ал тұрғаны үшін дара кәсіпкер берген құжаттарды ұсынған жағдайда тұлғаның мүлікті жалға беру құқығын растайтын құжаттар (жалдау шарты, патент, куәлік) және қонақүй қызметтерін берушілер ұсынатын басқа да растау құжаттары беріледі) тұрғын үй-жай жалдау:
компанияның басқарма мүшелері үшін тұрғын үй-жай жалдау шығыстарының сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында және облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
басқарма мүшелеріне жатпайтын компанияның қызметкерлері үшін тұрғын үй-жай жалдау шығыстарының сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
растаушы құжаттар болмаған кезде тұрғын үй-жай жалдау шығыстары қызметкерлер тегін берілген тұрғын үй-жайды пайдаланған жағдайларды қоспағанда, қызметтік іссапарлар бойынша тәулікақы нормаларының 50 пайызы мөлшерінде өтеледі;

3

3) темiр жолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист» және «Бизнес» класты вагондарын қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жердегi қолданылып жүрген жол құны бойынша; ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өту кезінде, көрсетiлген көлік құралдарының болмауы немесе іссапардың шұғылдығы) басқарма төрағасының рұқсатымен жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист» және «Бизнес» класты вагондарының тарифтері бойынша темiржол көлiгiмен және әуе көлiгiмен – экономикалық класс тарифі бойынша көрсеткен жол құжаттарының негiзiнде iссапарға жiберiлген орынға жетуі және тұрақты жұмыс орнына қайтып келуi бойынша (әкiмшiлiк iссапарға жіберілушіге қозғалыс құралдарын берген жағдайлардан басқа жағдайларда);

4 4) жол жүру билеттерi мен қонақүйдегі орынды броньдау құны, сондай-ақ iссапарға жiберiлген жерге келу және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу кезiнде поездарда төсек орын жабдықтарын пайдалануының құны осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;

5 5) iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу жол құжаттары болмаған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша шығыстар өтеледi;

6 6) темiр жол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекеннен тыс жерде орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жүруi бойынша;

7 7) басқарма мүшелерін жақын маңдағы аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберген кезде көлік шығыстары.

18 18. Іссапарға жiберiлген қызметкер одан тұрғылықты жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болатын жергiлiктi жерге iссапарға жiберiлген кезде мынадай шығыстар өтеледi:

1 1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда тұрғын үй-жайды жалдау туралы негіздейтін құжаттарды көрсеткен кезде осы бөлімнiң 17-тармағында көзделген мөлшерде тәулiкақы және көлiктiк шығыстар өтеледi;

2 2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келсе, онда жол жүру құжаттары болған кезде тәулiкақы (тәулiкақының орнына үстемеақы) төленбей, көлiктiк шығыстар ғана өтеледi.

19

19. Iссапарға жiберiлген қызметкердiң жұмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында оған жалпы негізде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледi (iссапарға жiберiлген адам стационарлық емдеуде жатқан жағдайдан басқа) және ол өзіне жүктелген қызметтiк тапсырманы орындауға кiрiскенше немесе тұрғылықты жерiне қайтып келгенше бүкiл, бiрақ 40 күннен аспайтын уақытқа тәулiкақы төленедi.

20

20. Іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға жiберiлуiнiң алдында жол жүру ақысына, тұрғын үй-жай жалдауы және тәулiкақы бойынша шығыстарға тиесiлi сомалар шегiнде ақшалай аванс беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес күннiң iшiнде ақша қаражатының нақты шығыстары туралы расталатын құжаттарды ұсынуымен аванстық есеп беруге мiндеттi. Аванстық есепті қарау қорытындылары бойынша қызметтік іссапар шығыстарын өтеу бойынша лимиттер шеңберінде қайта есептеу жүзеге асырылады.

21 21. Басқарма мүшелері қызметтік істері бойынша шетелге барған кезде көлік шығыстары шетелдік валютада «Бизнес» класы бойынша авиабилет құнының мөлшерінде өтеледі.

Басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлері қызметтік істері бойынша шетелге барған кезде көлік шығыстары шетелдік валютада «Экономикалық» класы бойынша авиабилет құнының мөлшерінде өтеледі.

22 22. Шетелде қысқа мерзімді іссапарларда болатын қызметкерлерге үй-жайды жалдау бойынша (тәулігіне бір адамға) шығыстарды өтеу нормалары:

1 1) басқарма төрағасы үшін люкс сыныптамасы бойынша – қонақүйдегі бір орындық нөмірдің құны бойынша;

2 2) басқарма төрағасының орынбасары, басқарушы директор – басқарма мүшесі үшін жартылай люкс сыныптамасы бойынша – қонақүйдегі бір орындық нөмірдің құны бойынша;

3 3) басқарма мүшелеріне жатпайтын компания қызметкерлері үшін стандарт сыныптамасы бойынша – қонақүйдегі бір орындық нөмірдің құны бойынша.

23 23. Шет елде қысқа мерзімді іссапарларда жүрген қызметкерлердің тәуліктік шығыстарын АҚШ долларымен және евромен өтеу нормалары және қонақүй бөлмелерін жалдау жөніндегі шығыстарды өтеудің шекті нормалары 4-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

4-кесте
Р/с №
Мем­ле­кет
Тәу­лі­ка­қы
Қо­на­қүй нө­мір­ле­рі­нің сы­нып­та­ма­сы
люкс
жар­ты­лай люкс
стан­дарт
АҚШ дол­ла­ры
ев­ро
АҚШ дол­ла­ры
ев­ро
АҚШ дол­ла­ры
ев­ро
АҚШ дол­ла­ры
ев­ро
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1.
Аустрия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
435
320
230
2.
Аустра­лия
90
400
300
250
3.
Әзер­бай­жан Рес­пуб­ли­ка­сы
80
250
200
150
4.
Ал­ба­ния
80
180
150
120
5.
Ал­жир Ха­лық Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
6.
Ан­ти­гуа және Бар­бу­да
80
180
150
120
7.
Ар­ген­ти­на Рес­пуб­ли­ка­сы
80
330
210
120
8.
Еги­пет Араб Рес­пуб­ли­ка­сы
90
200
175
120
9.
Ба­гам арал­да­ры
80
150
120
100
10.
Бе­лиз
80
150
120
100
11.
Бер­муд арал­да­ры
80
150
120
100
12.
Бос­ния және Гер­це­го­ви­на
80
195
160
125
13.
Бру­ней
90
180
140
120
14.
Ва­ну­а­ту
80
150
120
100
15.
Шы­ғыс Са­моа
80
150
120
100
16.
Уруг­вай Шы­ғыс Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
17.
Люк­сем­бург Ұлы Гер­цог­ті­гі
80
405
205
110
18.
Га­бон Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
19.
Бах­рейн Мем­ле­ке­ті
90
300
240
100
20.
Ка­тар Мем­ле­ке­ті
90
400
270
130
21.
Из­ра­иль Мем­ле­ке­ті
90
330
250
160
22.
Ку­вейт Мем­ле­ке­ті
90
330
240
150
23.
Грек Рес­пуб­ли­ка­сы
80
285
230
185
24.
До­ми­ни­кан Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
25.
Ма­да­га­скар Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
26.
Сан-То­ме және Прин­си­пи Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
27.
Су­дан Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
28.
Шри-Лан­ка Де­мо­кра­ти­я­лық Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
29.
Шы­ға­нақ­та­ғы аумақ­тар
80
150
120
100
30.
Иор­дан Ха­ши­мит Ко­роль­ді­гі
80
180
140
120
31.
Ирак Рес­пуб­ли­ка­сы
80
180
140
110
32.
Иран Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы
80
250
180
130
33.
Ир­лан­дия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
405
250
165
34.
Ита­лия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
375
290
205
35.
Йе­мен Араб Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
36.
Ауған­стан Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
37.
Мав­ри­та­ния Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
38.
Пәкі­стан Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы
80
290
180
155
39.
Да­ния Ко­роль­ді­гі
80
400
225
150
40.
Ан­дор­ра Князь­ді­гі
80
150
120
100
41.
Бель­гия Ко­роль­ді­гі
80
310
250
165
42.
Гай­а­на Ко­опе­ра­тив­тік Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
43.
Ис­па­ния Ко­роль­ді­гі
80
330
250
205
44.
Кай­ман арал­да­ры
80
150
120
100
45.
Кам­бод­жи
80
150
120
100
46.
Кам­пу­чия
80
210
190
180
47.
Ка­на­да
100
300
285
150
48.
Ко­рей Ха­лық Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
80
450
250
150
49.
Қы­тай Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
100
220
180
150
Гон­конг қа­ла­сы
100
220
180
150
50.
Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы
80
275
130
100
51.
Ле­со­то Ко­роль­ді­гі
80
150
120
100
52.
Лих­тен­штейн Князь­ді­гі
80
405
205
110
53.
Ма­рок­ко Ко­роль­ді­гі
80
230
200
180
54.
Непал Ко­роль­ді­гі
80
150
120
100
55.
Ни­дер­лан­ды Ко­роль­ді­гі
80
305
250
165
56.
Нор­ве­гия Ко­роль­ді­гі
80
390
330
250
57.
Са­уд Ара­би­я­сы Ко­роль­ді­гі
90
400
180
130
58.
Сва­зи­ленд Ко­роль­ді­гі
80
150
120
100
59.
Та­и­ланд Ко­роль­ді­гі
90
300
240
130
60.
Тон­го Ко­роль­ді­гі
80
150
120
100
61.
Шве­ция Ко­роль­ді­гі
80
530
355
200
62.
Ла­ос Ха­лық Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
63.
Лат­вия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
175
130
85
64.
Ли­ван Рес­пуб­ли­ка­сы
80
260
150
100
65.
Ли­вия
80
165
120
100
66.
Лит­ва Рес­пуб­ли­ка­сы
80
165
125
100
67.
Ма­као
80
150
120
100
68.
Ма­ла­ви
80
150
120
120
69.
Маль­див Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
70.
Мек­си­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры
80
230
180
125
71.
Мо­на­ко
80
525
305
175
72.
Моң­ғол Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
73.
Мьян­ма
80
150
120
100
74.
Кон­го Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
75.
Жа­ңа Зе­лан­дия
80
300
240
150
76.
Бан­гла­деш Ха­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
80
200
150
100
77.
Па­лау ара­лы
80
150
120
100
78.
Бі­рік­кен Араб Әмір­лік­те­рі
90
460
220
160
79.
Бі­рік­кен Тан­за­ния Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
80.
Па­пуа Жа­ңа Гви­нея
80
160
130
100
81.
Пор­ту­га­лия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
265
210
150
82.
Пу­эр­то-Ри­ко
80
150
120
100
83.
Ан­го­ла Рес­пуб­ли­ка­сы
80
180
150
120
84.
Ар­ме­ния Рес­пуб­ли­ка­сы
80
200
170
130
85.
Бар­ба­дос Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
86.
Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы
80
315
120
100
87.
Бе­нин Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
88.
Бол­га­рия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
380
200
130
89.
Бо­ли­вия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
90.
Бот­сва­на Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
91.
Вен­грия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
285
215
125
92.
Ве­не­су­э­ла Рес­пуб­ли­ка­сы
80
260
210
110
93.
Вьет­нам Рес­пуб­ли­ка­сы
80
200
150
100
94.
Га­и­ти Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
95.
Гам­бия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
96.
Га­на Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
97.
Гва­те­ма­ла Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
98.
Гви­нея Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
99.
Гви­нея-Би­сау Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
100.
Бур­ки­но Фа­со Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
101.
Бу­рун­ди Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
102.
Ги­брал­тар Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
103.
Гон­ду­рас Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
104.
Гре­на­да Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
105.
Гру­зия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
180
150
100
106.
Джи­бу­ти Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
107.
За­ир Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
108.
Зам­бия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
185
150
120
109.
Зим­баб­ве Рес­пуб­ли­ка­сы
80
165
130
100
110.
Үн­ді­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
80
300
250
150
111.
Ин­до­не­зия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
260
230
217
112.
Ис­лан­дия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
315
210
115
113.
Ка­бо-Вер­ди Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
114.
Ка­ме­рун Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
115.
Ке­ния Рес­пуб­ли­ка­сы
80
185
150
120
116.
Кипр Рес­пуб­ли­ка­сы
80
265
210
150
117.
Ко­лум­бия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
220
200
160
118.
Ко­ста-Ри­ка Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
119.
Код-д'Иву­ар Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
120.
Ку­ба Рес­пуб­ли­ка­сы
80
340
270
150
121.
Ко­рея Рес­пуб­ли­ка­сы, Се­ул қ.
90
530
250
210
122.
Ли­бе­рия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
123.
Мав­ри­кий Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
124.
Ма­ли Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
125.
Ма­ке­до­ния Рес­пуб­ли­ка­сы
80
190
165
115
126.
Маль­та Рес­пуб­ли­ка­сы
80
230
180
120
127.
Мо­зам­бик Рес­пуб­ли­ка­сы
80
180
130
100
128.
Мол­до­ва Рес­пуб­ли­ка­сы
80
190
150
100
129.
На­ми­бия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
130.
Ни­гер Рес­пуб­ли­ка­сы
80
175
140
120
131.
Ни­ка­ра­гуа Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
132.
Па­на­ма Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
133.
Па­раг­вай Рес­пуб­ли­ка­сы
80
145
120
100
134.
Пе­ру Рес­пуб­ли­ка­сы
80
245
200
140
135.
Поль­ша Рес­пуб­ли­ка­сы
80
330
180
125
136.
Саль­ва­дор Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
137.
Се­не­гал Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
138.
Син­га­пур Рес­пуб­ли­ка­сы
90
500
300
200
139.
Сло­ве­ния Рес­пуб­ли­ка­сы
80
195
165
125
140.
Су­ри­нам Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
141.
Сьер­ра Ли­он Рес­пуб­ли­ка­сы
80
240
160
100
142.
Тә­жікс­тан Рес­пуб­ли­ка­сы
80
170
130
100
143.
Три­ни­дад және То­ба­го Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
144.
Уган­да Рес­пуб­ли­ка­сы
80
180
140
100
145.
Өзбек­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
80
315
180
100
146.
Укра­и­на Рес­пуб­ли­ка­сы
80
315
180
120
147.
Фи­лип­пин Рес­пуб­ли­ка­сы
90
280
220
150
148.
Хор­ва­тия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
260
195
125
149.
Чад Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
150.
Чи­ли Рес­пуб­ли­ка­сы
80
240
180
110
151.
Эк­ва­дор Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
110
152.
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы
80
450
280
220
153.
Ру­ан­да Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
154.
Ру­мы­ния
80
280
185
130
155.
Ұлы­бри­та­ния және Сол­тү­стік Ир­лан­дия Құ­ра­ма Ко­роль­ді­гі
80
580
390
215
80
550
375
205
156.
Са­моа
80
150
120
100
157.
Сан-Ма­ри­но
100
320
250
180
158.
Сей­шель арал­да­ры
80
150
120
100
159.
Сент-Лю­сия
80
150
120
100
160.
Си­рия Араб Рес­пуб­ли­ка­сы
80
260
180
110
161.
Сло­ва­кия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
190
165
125
162.
Со­ло­мон арал­да­ры
80
120
110
100
163.
Со­ма­ли Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
164.
Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры
100
525
400
260
Нью-Йорк қа­ла­сы
100
1200
1000
575
165.
Оман Сұл­танды­ғы
90
300
240
120
166.
Фи­джи Еге­мен­ді Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
167.
Сер­бия және Чер­но­го­рия
80
205
165
125
168.
Тай­вань
80
150
120
100
169.
То­го­лез Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
170.
Ту­нис Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
171.
Тү­рік­мен­стан
80
240
180
120
172.
Түр­кия Рес­пуб­ли­ка­сы
100
350
230
180
173.
Бра­зи­лия Фе­де­ра­тив­тік Рес­пуб­ли­ка­сы
80
330
210
150
174.
Гер­ма­ния Фе­де­ра­тив­тік Рес­пуб­ли­ка­сы
80
400
210
165
175.
Ко­мор Арал­да­ры Фе­де­рал­ды Ис­лам Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
176.
Фин­лян­дия Рес­пуб­ли­ка­сы
100
370
300
200
177.
Фран­цуз Рес­пуб­ли­ка­сы
80
415
290
230
178.
Ма­лай­зия Фе­де­ра­ци­я­сы
90
300
270
170
179.
Ни­ге­рия Фе­де­ра­тив­тік Рес­пуб­ли­ка­сы
80
150
120
100
180.
Эфи­о­пия Фе­де­ра­тив­тік Де­мо­кра­ти­я­лық Рес­пуб­ли­ка­сы
80
240
180
120
181.
Че­хия Рес­пуб­ли­ка­сы
80
255
210
125
182.
Швей­ца­рия Кон­фе­де­ра­ци­я­сы
100
430
285
220
183.
Эк­ва­тор­лық Гви­нея
80
150
120
100
184.
Эс­тон Рес­пуб­ли­ка­сы
80
330
175
125
185.
Оң­тү­стік Аф­ри­ка Рес­пуб­ли­ка­сы
80
190
160
100
186.
Ямай­ка
80
180
150
120
187.
Жа­по­ния
100
360
325
220

24

24. Қызметкер іссапарының мерзiмiн басқарма төрағасы немесе оны алмастыратын адам айқындайды, алайда ол жолда жүру уақытын есептемегенде 40 күннен (кәсіптік біліктілік деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда) аспауға тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк жағдайында iссапар мерзiмi басқарма төрағасының немесе оны алмастыратын адамның тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.

8 8. Компанияның өкілдік шығыстары нормаларына арналған әкімшілік шығыстардың лимиттерін айқындау

25 25. Компанияның өкілдік шығыстарының нормалары 5-кестеде келтірілген.

5-кесте
Р/с №
Шығыстардың атауы
АЕК-пен есептегендегі құны
1
2
3
1.
Делегациялар үшін ресми түскі ас, кешкі ас өткізуге арналған шығыстар күніне бір адамға есептеле отырып жүргізіледі
4 АЕК
2.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің қатысуымен өтетін ресми түскі ас, кешкі ас өткізуге арналған шығыстар күніне бір адамға есептегенде
16 АЕК
3.
Келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде күніне бір адамға буфеттік қызмет көрсету
1 АЕК
4.
Делегацияны қабылдайтын компанияның штатында тұрмайтын аудармашының еңбегіне ақы төлеу (ілеспе аудармадан басқа), сағаттық төлем есебімен
0,5 АЕК
5.
Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған көлік шығыстарын төлеу сағаттық төлем есебімен қаржыландыру жоспарында көзделеді
1 АЕК

26 26. «Аса жоғарғы деңгейдегі» және «жоғары деңгейдегі» сапарларға жататын шетелдік делегацияларды қабылдау жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде компанияның өкілдік шығыстары 6-кестеде келтірілген нормалар бойынша жүзеге асырылады:

6-кесте
Р/с

Шы­ғы­стар­дың ата­уы
АЕК-пен есеп­те­ген­де­гі құ­ны
1
2
3
1.
Де­ле­га­ци­я­лар үшін ре­сми түс­кі астар­ды, кеш­кі астар­ды өт­кізу­ге ар­нал­ған шы­ғы­стар кү­ніне бір адам­ға есеп­те­ле оты­рып жүр­гі­зі­ле­ді
7 АЕК
2.
Ке­ліс­сө­здер, мә­де­ни бағ­дар­ла­ма іс-ша­ра­ла­ры ке­зін­де кү­ніне бір адам­ға бу­фет­тік қыз­мет көр­се­ту
2 АЕК
3.
Де­ле­га­ци­я­ны қа­был­дай­тын ком­па­ни­я­ның шта­тын­да тұр­май­тын аудар­ма­шы­ның ең­бе­ка­қы­сы (іле­с­пе аудар­ма­дан бас­қа) са­ғат­тық тө­лем есе­бі­мен
2 АЕК
4.
Ше­тел де­ле­га­ци­я­ла­ры­на ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған кө­лік шы­ғы­ста­рын тө­леу са­ғат­тық тө­лем есе­бі­мен:
же­ңіл ав­то­мо­биль­дер үшін
ша­ғын ав­то­бу­стар үшін
ав­то­бу­стар үшін
1 АЕК
2 АЕК
2 АЕК

83 Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 1266 қаулысына
2-қосымша
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне мониторинг жүргізу тетігі «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-2) тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Компанияның директорлар кеңесі компанияның іс-шаралар жоспарын қараған және бекіткен кезде, сондай-ақ оны жыл сайын түзеткен кезде осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттерін басшылыққа алуға тиіс.

3 3. Әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлері лимиттеріне мониторингті тиісті есепті қалыптастыру арқылы компанияның Ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.

4 4. Компанияның әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің есебінде мыналар қамтылуы тиіс:

1 1) есепті жылға арналған әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлеріне бағытталған қаражатты тиімді пайдалану бойынша ақпаратты талдау және қорытындылау;

2

2) әкімшілік шығыстардың жекелеген түрлерінің лимиттері туралы тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтитын қорытынды, оның ішінде оларды қайта қарау қажет болған жағдайда, тиісті негіздемені берумен, сондай-ақ осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген лимиттер шеңберінде компанияның ішкі құжаттарын түзету бойынша ұсыныстар және басқалары.

5 5. Компанияның Ішкі аудит қызметі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші тоқсанынан кешіктірмей есепті компанияның Директорлар кеңесінің қарауына ұсынады. Есептің негізінде қажет болған жағдайда, Директорлар кеңесі компанияның әкімшілік шығыстарын оңтайландыру туралы шешім қабылдайды.

Қолданыстағы