Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 1286 · қабылданған 09.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-84929/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1286 ·09.12.2014
15.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1286 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1286
Қабылданған күні
09.12.2014
Көрсетілген редакция
15.01.2024 84929_683354.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001286
ЭКБ идентификаторы
84929
Редакция идентификаторы
84929_683354
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:38

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1286 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 278-құжат):

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Қазақстан өңірлеріне жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жеміс-көкөніс өнімі бар автоколонналарды жол-патрульдік полицияның бірге алып жүруін қамтамасыз етсін;».

2 2.

Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.01.2024 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларында:
13-кестеде – Пайдаланудың ерекше жағдайлары ескерілетін Кі, мәндері:
аталған кестеге ескертпенің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлуетті құрылымдардың кезекші бөлімдерінің, жол-патрульдік полициясы бөлімшелерінің, орталықтандырылған күзет пульттерінің ұстау топтарының автомобильдері, патрульдік полицияның патрульдік автомобильдері үшін жанар-жағармай материалдары шығыстары мен автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормалары 10 %-ға ұлғайтылады.».

Қолданыстағы