Об установлении закупочных цен на зерно, поставляемое в государственные ресурсы зерна
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении закупочных цен на зерно, поставляемое в государственные ресурсы зерна
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттiк астық ресурстарына жеткiзiлетiн астықтың сатып алу бағасын белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1277
- Қабылданған күні
- 05.12.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2015 AI84936_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400001277
- ЭКБ идентификаторы
- 84936
- Редакция идентификаторы
- AI84936_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:41
0 Мемлекеттiк астық ресурстарына жеткiзiлетiн астықтың сатып алу бағасын белгiлеу туралы
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Мыналар:
1 1) мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары үшiн:
ҚР СТ 1046-2008 (2-кесте – техникалық талаптар) 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бiр тоннасына 42000 (қырық екі мың) теңге (ҚҚС төлеушілер және төлемеушілер үшін) мөлшерінде;
2 2) мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары үшiн:
МемСТ 28672-90 2-сыныпты арпаның бір тоннасына 28000 (жиырма сегіз мың) теңге (ҚҚС төлеушілер және төлемеушілер үшін) мөлшерiнде;
3 3) мемлекеттiк тұқым ресурстары үшiн:
осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша сатып алу бағасы белгіленсін.
2 2. «Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 1326 қаулысының (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 937-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша сатып алу бағасы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1277 қаулысына
қосымша
Жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша сатып алу бағасы
1 тоннаға теңге
Дақылдың атауы
I репродукция
II репродукция
III репродукция
1-сынып
2-сынып
1-сынып
2-сынып
1-сынып
2-сынып
Бидай
56059
53714
51107
48333
44625
42333
Арпа
54375
44500
42625
40250
40000
38000