Об установлении ограничительных мероприятий в селе Зубаир Зубаирского сельского округа Бородулихинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в селе Зубаир Зубаирского сельского округа Бородулихинского района
- Атауы (қаз.)
- Бородулиха ауданы Зубаир ауылдық округінің Зубаир ауылында шектеу iс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 255
- Қабылданған күні
- 28.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2014 AI84948_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VH003572
- ЭКБ идентификаторы
- 84948
- Редакция идентификаторы
- AI84948_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:11
0 Бородулиха ауданы Зубаир ауылдық округінің Зубаир ауылында шектеу iс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 21 қазандағы № 743 ұсынысы негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бородулиха ауданы Зубаир ауылдық округінің Зубаир ауылында ұсақ малдың арасында құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Қадыровқа, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің Бородулиха аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Тоқтабаеваға тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық Министрлігінің
ветеринарлық бақылау және
қадағалау комитеті Бородулиха
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т. Қадыров
2014 жыл «28» қазан
«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
құқығын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан
облысы тұтынушылардың құқығын қорғау
департаментінің Бородулиха аудандық
тұтынушылардың құқығын қорғау
басқармасы» РММ басшысы А. Тоқтабаева
2014 жыл «28» қазан