Об утверждении Инструкции о порядке предоставления государственного студенческого кредита
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции о порядке предоставления государственного студенческого кредита
- Атауы (қаз.)
- Студенттік мемлекеттік несиені берудің тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42
- Қабылданған күні
- 29.01.2001
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2010 AI8496_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V010001438_
- ЭКБ идентификаторы
- 8496
- Редакция идентификаторы
- AI8496_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:01
0 Студенттік мемлекеттік несиені берудің тәртібі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010.10.15 № 479 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 желтоқсандағы N 1825 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысының 3-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Ұсынылып отырған студенттік мемлекеттік несиені беру тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы орталығы студенттік мемлекеттік несиені берудің тәртібі туралы Нұсқаулықты белгіленген мемлекеттік тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
3 Мемлекеттік студенттік несиені берудің тәртібі туралы Нұсқаулық
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Білім Келісілді
және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 29 қаңтар Қаржы министрлігі
N 42 бұйрығымен Вице-министр
бекітілген 26 ақпан 2001 ж.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау істері
жөніндегі агенттігі
26 ақпан 2001 ж.
Мемлекеттік студенттік несиені берудің тәртібі туралы Нұсқаулық
Жалпы ережелер
1
1. Мемлекеттік студенттік несиені беру мен төлеу тәртібі туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу органдарында мамандарды дайындауды несиелендірудің Ережесіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік студенттік несиені берудің шарттары мен тәртібін айқындайды.
2 2. Мемлекеттік студенттік несие-ол пайызсыз мақсатты несие. Ол студенттер мен магистранттарға (бұдан әрі - Қарызгер) тамақтану, үйде тұру және оқу кезеңінде оқу әдебиеттерін алу үшін беріледі.
3
3. Мемлекеттік студенттік несие тұрақты табыс көзі бар немесе заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматын қарызгер кепілгері ретінде ұсынған жағдайда бөлініп, теңгемен төленеді. Қарызгердің жекелеген санаттарына (жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар) мемлекеттік студенттік несиелер көрсетілген кепілгерсіз, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен беріледі.
4 4. Өзге мемлекеттердің азаматтары болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне мемлекеттік студенттік несие алуға Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқық беріледі.
5 5. Несие қаражаттарын бөлу ай сайын жүзеге асырылады. Мемлекеттік студенттік несие 10 (он) жылға дейінгі мерзімге беріледі. Несиенің есептеу мерзімі Үшжақты (бұдан әр і- Үшжақты) несие келісімін жасасқан күннен басталады.
6 6. Қарызгер несиені жоғары оқу орнын бітірген соң алты айдан кейін және жылына екі рет жиілігі аралығымен республикалық бюджетке теңгемен қайтара бастайды.
7 Мемлекеттік студенттік несиені беру мен төлеу тәртібі
7. Арал экологиялық апат аймағына және Семей ядролық сынақ полигонының ядролық сынақтары зардабына ұшырағандар үшін төленетін аудандық коэффициенттер мен үстеме ақылар мемлекеттік студенттік несиені қайтаруда қолданылмайды.
Мемлекеттік студенттік несиені беру мен төлеу тәртібі
8 8. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік студенттік несиені төлеу қорының лимиттерін жоғары оқу орындарына жеткізеді.
9
9. Жоғары оқу орны білім алушылар және қайтарым негізінде мемлекеттік студенттік несие алуға бейілі барлардың қатарынан мемлекеттік студенттік несиені алуға іріктеуді жүзеге асырады. Мұндай жағдайда мемлекеттік студенттік несие білім алушыларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім студенттерге, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқы бар отбасылардан шыққан студенттерге, сондай-ақ өзге үміткерлермен салыстырғанда емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштерге ие болған студенттерге білім алушыларға мемлекеттік студенттік несие бірінші кезекте беріледі.
10
10. Қарызгер, жоғары оқу орны мен Қаржы орталығы арасында Үшжақты несиелік келісім жасалады. Онда бір жылғы оқуға теңгемен жоспарланатын несиенің мөлшері, несиені берудің шарттары және одан құтылудың мерзімдері, оның ішінде қарызгердің несиені қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесі (тұрақты кіріс көзі бар, немесе заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматының кепілгерлігі) көрсетіледі.